Тіл дамытуға арналған материал
Тіл дамытуға арналған материал
І. Шоқан Уәлиханов
1 мәтін.
Шоқанның шын аты – Мұхаммедханафия. Апасының еркелетіп қойғаны – Шоқан. Шоқыдай биік, таудай асқақ деген мағынаны білдіреді. Кішкене кезінен апасы Зейнептің шоқы, Шоқан деп атауының өзі Шоқанның бала жастан зерек, алғыр болғандығын байқатады.
Сөздік:
шын аты – настоящее имя
еркелетіп қойған – назвала ласкательно
шоқы – пик
асқақ – величавый
атауының өзі – само имя
мағынаны білдіреді – означает
зерек – способный
байқатады - показывает
Тапсырмалар:
1. Мәтінді түсініп оқып, орыс, қазақ тілінде мазмұнын айтыңдар
2. Мәтін бойынша диалог жүргізіңдер
3. Түсіндірме сөздік құрастырыңдар
4. Мүмкіндік болғанша сөздерді синонимдерге (не баламасын тауып) ауыстырып жазыңдар
5. Шоқан Уәлиханов сендер жасында қайда оқыды, немен шұғылданды? Қосымша мәлімет іздеп, әкеліңдер
6. Мәтінге ат қойыңдар
7. Мәтінді бір - біріңе айтып беріңдер
8. Мәтіндегі сын есімдерді талдаңдар
Тіл дамытуға арналған материал
І. Шоқан Уәлиханов
2 мәтін.
Шоқан Уәлиханов Қашқарда алты ай тұрды. Онда ол күрделі еңбектер жазды. Петербургте ғалымдар алдында баяндама жасады. Петербургте Шоқанның тұрған үйлері, қызмет атқарған мекемесінің ғимараты сақталған. Шоқанға қатысты тарихи орындар Қысқы Сарайдың төңірегі мен Мойка өзенінің жағалауында.
Сөздік:
тұрған үйлері – дома, где проживал
қызмет атқарған – служил
мекемесі – учреждения
ғимараты – здания
өзенінің жағалауы – берег реки
төңірегі – около, возле

3 мәтін.
Шоқан Уәлихановты замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп таныған.
Суретшілік өнер – тарихшы, географ, этнограф, фольклорист, саяхатшы Шоқанның сегіз қырының бірі ғана.
Шоқанның екі жүзге жуық суреттері сақталған. Ол суреттер Ш. Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші басылымының 5 - ші томына енген. Ал «Өнер» баспасынан шыққан «Шоқан және өнер» атты кітапта Шоқанның әзірге белгілі суреттерінің бәрі басылып шықты. Бұл еңбектер Шоқан халқымыздың шын мәніндегі тұңғыш суретшілерінің бірі екенін дәлелдейді.
Сөздік:
шығыстану ілімі – наука востоковедения
қайталанбас – неповторимый
ірі тұлға – значимая (крупная) личность (фигура)
таныған – признали
дәлелдейді – доказывает
сегіз қырлы – всесторонний
әзірге – пока, до сих пор
шын мәніндегі – в действительности

9. Шоқан Уәлиханов туралы қандай көркем фильм бар? Оның режиссеры кім? Шоқанның рөлін кім ойнайды?
4 мәтін.
Дүниежүзілік ғылымға елеулі үлес қосқан Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуірдің 10 - ында Матай тауының етегінде қайтыс болған. Шоқанның сүйегі қойылған жердегі шаруашылық Шоқан есімімен аталады. Зират басында ескерткіш бар. Ол жерде тарихи мұражай ашылған. Ол Алматы облысы, Кербұлақ ауданының Шоқан атындағы ауылында.
Тапсырмалар:
1. Мәтінге ат қойыңдар
2. Мәтін бойынша сөздік жасаңдар
3. Мәтін бойынша тапсырмалар құрастырыңдар (5 - 6), оларды орындаңдар
Тіл дамытуға арналған материал
І. Шоқан Уәлиханов
5 мәтін.
Шоқан – ақын жанды суретші. Ол өмір құбылысына іңкәрлікпен қарайды.
Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілеріне де, таңбалы тастар мен мүсіндерге де айрықша көңіл бөлген.
Шоқан – қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы.
Шоқанның еңбектері, өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай бермек.
6 мәтін.
Қостанайда Құсмұрын деген жер бар. Ол Қостанай қаласынан жүз шақырымдай жерде. Мұнда қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов туған. Құсмұрын табиғаты мүлде өзгеше. Оның бұлағы, көлі бар. Ол жер – тау мен қырат. Бірақ қырат алыстан құс тұмсығына ұқсап көрінеді. Сондықтан бұл өлке Құсмұрын деп атанған. Қыраттың төскейі – қайысқан қайың, көкорай шалғын.
7 мәтін.
Шоқан зиратының басында көкшіл мәрмәр тастан қойылған ескерткіш бар. көктаста қолмен қашап жазылған екі жазу бар. оның бірі араб әрпімен қазақша берілгенн екіншісі орыс тілінде жазылған.
«Здесь покоится прах штабс - ротмистра Чокана Чингисовича Валиханова, скочавшегося в 1865 году. По желанию Туркестанского генерал - адьютанта фон Кауфмана во внимание ученых заслуг Валиханова положен сей памятник генерал - лейтенантом Колпаковским в 1881 году»
8 мәтін
Осы ескерткіш арқылы бұл маңайдың көне тарихына тіл бітті. Таулары сөйледі, ормандары шулады, даласы ауыр күрсінді. Сол жылдан бастап Шоқан басына келушілер көбейді. Бейіт басына биіктігі тоғыз метр мәрмәр ескерткіш орнатылды.
«Настоящее надгробное сооружение установлено по решению правительства Казахской ССР в 1958 году»
Шанхайда Шоқанға арналып көркі өзгеше, сәулеті ерекше мұражай үй салынды.
Ауыл түбіндегі төбе басына ұлы ғалымның биіктігі үш метр мүсіні орнатылды. Ол мүсіннің салмағы он тонна. Оны Санкт - Петербург жұмысшылары қоладан құйып жасады.

Жаңалықтар
Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым
Шоқан өмірі - үлгі, өнеге екенін оқушыларға түсіндіру арқылы, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, диалогтық әдісті, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалануды жетілдіру.
Шоқан − тұңғыш ғалым, зерттеуші
Алматы облысы, Талғар қаласындағы №7 мектеп - лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарменқұлова Ғалия
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Достаева Гулшат Игликовна
Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов
Атырау облысы, Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қуатова Жанат Қарақойшықызы
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.