Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оғыз - нама жыры

20 қараша 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: «Оғыз - нама» жыры.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Оғыз - нама» жырының табылу тарихымен, оның қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру. Шығарманың құндылық мазмұндарын айқындау, идеясын табу.
Дамытушылық: Жырдың мән - маңызын, өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру. Мағына мен идеяны ажырата алуға үйрету, ойлау, есте сақтау, қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық рухты оқушы бойына егу.
Мейрімділікке, имандылыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу. Туған жерін, елін сүйуге,
қорғай білуге баулу. Білімді, саналы азамат болуға шақыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, қызығушылықты ояту.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

1. Үй тапсырмасын сұрау:
А) сұрақ - жауап (5 минут).
1. Ежелгі дәуір қай кезеңдерді қамтиды?
2. Орхон - Енесей ескерткіштерін ата..
3. Күлтегін жырлары қайдан табылған?
4. «Қорқыт ата кітабы» туралы не білесіңдер?
5. Қорқыт ата туралы не білесіңдер?
6. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеген қандай ғалымдар?
7. Ежелгі дәуір әдебиетін құратын жеке шығармаларды ата. т. б.

ІІ. Жаңа сабақ:
«Оғыз - нама» атты мұра да жеке бір шығарманың ғана атауы емес, қырықтан астам хикаялардан тұратын топтама жинақ екені ежелгі дәуір әдебиетінде жеке шығармалар өз алдына дербес туынды түрінде емес, өзектес басқа шығармалармен бірге топтастырылып қарастырылады. Ол шығармалар өз аттарымен емес, топтаманың аты арқылы аталынып барып, содан кейін ғана топтаманың құрамындағы бір туынды ретінде қарастырылатындығын айту.
«Оғыз наманың» ежелгі дәуір әдебиетінің сипатын құратын тағы бір өзіндік ерекшелігі - ондағы мифтік көріністер.

А) Тірек кесте (10 минут).
«Оғыз - нама»- ІХ ғасыр шығармасы.
Оғыз қағанның әскери жорықтары ерлік істері
Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы 40 - тан астам хикаядан тұрады.
Парижде сақталған.
Айқаған – анасы Оғыз ерекше туылған бала
6 баласы
Күн Ай Жұлдыз Көк Тау Теңіз
«Оғыз - наманың» басты идеясы - бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу болып табылады.
«Оғыз - нама» эпостық көркем туынды болумен қатар, қазіргі тарихи тақырыпта жазылып жүрген шығармалардың бастапқы үлгілерінің бірі. Онда Оғыз батырмен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар, оғыз тайпаларының көршілес тайпалармен қарым - қатынасы, жер - су аттары, т. б. көрсетілген.
Оқулықпен, көркем әдебиетпен жұмыс: 108 - 110 беттерді мәнерлеп оқып, оқығандары бойынша түсінік айтқызу. Шығарма тілінің көркемдігіне, ой мен қиялдың кеңдігіне назар аударту.
Оқушылардың ойлау есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында және тіл байлықтарын дамыту үшін семантикалық картамен жұмыс: Берілген мақал - мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру.
Оғыз - нама жыры жүктеу
1 880
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.
Оғыз - нама жырын талдау
Оғыз - нама жырын талдау
Әдеби – теориялық білімдерін арттыруға, кейіпкердің ой - түйіндеулерін, іс - әрекетін тауып, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, ойлау, жүйелеу, салыстыру қабілетін жетілдіру.
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Оғыз қаған дастаны
Оғыз қаған дастаны
Оғыз қаған дастаны туралы мағлұмат беру, дастанның тақырыбы мен идеясын ашу, шығарманы талдай отырып, кейіпкерлер іс - әрекетіне баға беру.
Оғыз-нама жыры
Оғыз-нама жыры
Сабақтың тақырыбы: «Оғыз - нама» жыры.
Оғыз Қаған
Оғыз Қаған
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Лаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×