Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеті ата

27 қараша 2018, Сейсенбі
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жеті ата
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата атты ұлағатты ұлттық ұғымнан хабардар ету.
Міндеттері: Оқушылардың сөздік қорын арттыру, тілін дамыту;
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ізденушілік әдіс, ой қозғау, шығармашылық, жұппен, топпен, АКТ.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, маркерлер, карточкалар, суреттер, бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже:
- Сыни ойлау дағдылары артады.
- Өздігінен тақырыпты меңгереді.
- Қызығушылықтары артады.
- Өз идеясын ұсынады.
Табыс критерий
- тақырып бойынша жұмыс істей алады;
- сыныптастарын тыңдай алады;
- өз ойын мүмкіндігінше жеткізеді;
- қолжетімді сұрақтарға жауап береді;

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. - 1/2 минут
- Сіздер бүгін екі топқа бөліндіңдер. Әр топтың спикері бар. Спикер топтағы оқушыларды сабақ барысында критерийлер арқылы бағалайды(критерийлер тақтаға жазылған). Сабақтың соңында топтар бірін - бірі бағалайды. Соңдықтан мұқият тыңдап отырыңдар.
II. Үй тапсырмасын тексеру (kohoot бағдарламасы арқылы) - 5/7 минут
(Бағалау, түсінік беру) - 1 минут
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы келесі бейне роликпен байланысты.
- видео - https://www. youtube. com/watch? v=_Q2dcGRhcHQ - 1 минут

1. Ой шақыру:
- Балалар, бұл бейне материал не туралы болды?
- Жеті ата туралы кім не біледі?
- Келесі суреттерде өздеріңді тауып, сабақтың басында бүгінгі «Жеті ата» тақырып жайында білімі кім қай жерде екендігін дәлелдеп, бояңдар.
(Оқушылар өз суреттерін тақтаға іледі -«ДЕЙІН» деген сөздің астына)
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жеті ата» (тақтаға, дәптерлерге күннің жадысы мен тақырыпты жазу)

III. Жаңа сабақ:(cлайд) - 5, 3 минут -
1. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т. б. жеті атасының есімдерін жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары болып саналады. Бір баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті атаға толмай бір - бірімен қыз алыспайды. Бір атадан тараған туыстар бір - бірімен туыстық, бауырмалдылық, сыйластық та болады.
«Жеті ата» - бір кісіден тараған аталас қауым:
Жеті ата Жеті ұрпақ
1. Бала 1. Әке
2. Әке 2. Бала
3. Ата 3. Немере
4. Арғы ата 4. Шөбере
5. Тек ата 5. Шөпшек
6. Түп ата 6. Немене
7. Баба 7. Туажат (дәптерге жазып алу)

2. Сөздік жұмыс: (слайд)
Арғы ата - Прадедушка,
Тек ата - Прапрадедушка,
Түп ата - Прапрапрадедушка,
Баба - Прапрапрапрадедушка,
Немере – внук,
Шөбере – правнук,
Шөпшек - праправнук,
Немене – прапраправнук,
Туажат - прапрапраправнук

3. Кітаппен жұмыс. 61 бет, «Жеті ата» мәтінімен жұмыс. - 5/7 минут
- Бұл мәтінде не туралы айтылған?(Бұл мәтінде жеті ата туралы айтылған )
- Қазақ халқы жастарға қандай тәрбие беруге тырысқан? (Қазақ халқы жастарға халықтық, отансүйгіштік тәрбие беруге тырысқан)
- Жеті атасын білмеген қандай адам деп саналады? (Жеті атасын білмеген жетесіз деп саналған)
-«Жетесіз» деген сөз безродный деген мағынаны білдіреді. Бұл мәтелді дәптерлеріңе жазып алыңдар.
- Мәтелдің мағынасын қалай ұқтыңдар?(Жеті атасын білмеген адам жетесіз, жетім деп саналады.)
(Бағалау, түсінік беру) - 1 минут
1. ЖАЗЫЛУ/БЕКІТУ: - 3/5 минут
1ТОП - Берілген сөздерден мақал құрастыру, мағынасын түсіндіру(постерде):
2ТОП -«Жеті ата»тақырыбын сахналау.
3ТОП - Берілген сөздерді постерде құрастыру, аудармаларын салыстыру.
(Бағалау, түсінік беру) - 1 минут
4. Миға шабуыл (айтылым, суреттерді бояу, тақтаға ілу) - 3 минут
1)-«Жеті ата»,« Жеті ұрпақ» туралы не білдіңдер?
2)-«КЕЙН» - суреттерде өздеріңді тауып, сабақтың соңында кім қай жерде екендігін дәлелдеп, бояңдар. (Оқушылар өз суреттерін тақтаға іледі -«КЕЙІН» деген сөздің астына)

5. Бекіту:
- Сабақтың соңында тағы да ұялы телефондарыңды қолдарыңа алыңдар. Play Market бағдарламасында «Жеті ата» мобильді қосымша бар. Оның көмегімен кез келген адам өзінің жеті атасы жайында ақпаратты жинай алады. (Оқушыларға мобильдік бағдарламаның мүмкіндігін көрсету) - 4/5 минут
6. Бағалау: топтардың спикерлері тақтаға өз жұмыстарын бағалап, түсінік береді. Топтар бір - бірін бағалайды. - 3/4 минут
7. Үйге тапсырма: Өз беттерімен жеті аталары жайында мағлұмат жинау.(Үлгісі тақтада көрсетіледі)- слайд. - 2/3 минут

Мұғалім: Шаймұханова Нұргүл Қажыкенқызы
3 527
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті ата
Жеті ата
Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата атты ұлағатты ұлттық ұғымнан хабардар ету.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Тақырыптың мазмұнын аша отырып, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі мен тарихи маңызымен таныстыру.
Кері тригонометриялық функциялар
Кері тригонометриялық функциялар
Кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу арқылы математикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен 5 сыныптарға күнделікті сабақ жоспарлары.
Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол
Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол
Алматы қаласы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Тауекелова Гулбану Қонысбайқызы
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз. Тасымал.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×