Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы

12 қаңтар 2013, Сенбі
Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.
Шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету.
Өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.

Жарыс барысы.
Құрметті тіл жанашырлары, көпшілік қауым! Бүгінгі сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысына қош келдіңіздер!
Мақа- мәтелдер ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен ерекшеленеді.
Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.
1.Мақал мәтел жалғасын табу.
2.Мақал мәтел айтудан жарыс.
3.Сөз тіркесінің мағынасын ашу.
4.Жұмбақшылыр сайысы
5.Бір біріне жұмбақ жасыру.

Мақал мәтелдердің жалғасын табу
Көз жетпеген жерге (сөз жетеді)
Жарлы болсаң да (арлы бол)
Тілмен байланған (қолмен шешілмес)
Тілде сүйек жоқ (таста тамыр жоқ)
Тіліңменен жүгірме (білімменен жүгір)
Тіл буынсыз (ой түпсіз)
Бас кеспек болса да (тіл кеспек жоқ)
Тілден асқан байлық жоқ (тілден терең теңіз жоқ)
Піл көтермегенді (тіл көтереді)
Сөз қуған пәлеге жолығады (жолды қуған қазынаға жолығады)

Мақал мәтел айту (ұяшық таңдау)
Оқу білім туралы
Отан, туған жер туралы
Батырлық, ерлік туралы
Достық туралы

Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
Ине де икемді қолға үйір
Төртеу түгел болса төбедегі келеді
Аузымен құс тістеген
Желді жүгендейтін жігіт
Басы тасқа тиді
Көзі ашық, көкірегі ояу
Өзі де жемейді, итіне де бермейді
Сүңгіп шықса су жұқпас
Аты жер жарды
Үріп ауызға салғандай

Жұмбақ шешу
Бір ағашта он екі ұя
Әр ұяда отыз жұмыртқа ( ай, күн)

Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек. (домбыра)

Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Таба алмасаң, бол күлкі (жиырма сегіз)

Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)

Дүниеде бір айдахар, білесің бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша бақша,
Жалтылдар жалғыз көзі төбесінде. (Киіз үй)

Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)

Күндіз жоқ, түнде бар. (Жарқанат)

Өзі тоқ
Көлеңкесі жоқ (Құдық)

Әдемі түнде
Мен жүрсем, жүреді бірге. (Ай)
29 436
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар
Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар
Мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке, отаншылдыққа, елжандылыққа, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал – мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
1001 мақал, 101 жұмбақ жарысы
1001 мақал, 101 жұмбақ жарысы
Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту;
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ
Мақал – мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халықтың ақыл – өнегесі көрініс тапқан. Мақал – мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Акмарал
Мың бір мақал (сайыс)
Мың бір мақал (сайыс)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×