Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығынан өткенді қайталау

03 ақпан 2019, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев шығармашылығы
(Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығынан өткенді қайталау)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халқымыздың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін бақылап, пысықтау, өлеңдерін жатқа айту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер ету, шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ой - өрісін кеңейтіп, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып - білуге, тани түсуіне ынталандыру. Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беріп, туған елін, Отанын сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету.
Сабақтың түрі: қорытынды, бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, талдау, салыстыру
Көрнекілігі: Абайдың портреті, слайдтар, топшамалар, кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, тарих, орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру,
- Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру,
- Сынып тазалығын тексеру
II. Қайталау, бекіту сабағы
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Әлемнің Абайы» өлеңінен үзінді оқу.
Абай біздің – Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,
Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,
Ақылменен дана болған
Бүкіл елдің Абайы.

Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы: «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмей тұғын артында сөз қалдырған,»- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де, бізбен бірге жасасып келеді. Ұлы атамыздың бізге берген екіншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері. Біз оны ардақтаймыз. Аз өмір сүріп, азаппен өткен Абай бүгін бізбен мәңгі жасамақ.
1. Абайдың өміріне шолу.
А) Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Б) Өмірі мен шығармашылығына арналған слайд

«Қарлы кесек» ойыны
Маңызды жылдар - Маңызды оқиғалар
1845 - Бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған.
1855 - Әкесі Семейге оқуға жібереді. Әуелі Ғабул – Жаппардың, кейін Ахмет - Риза медресесінде оқиды
1870 - Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Михаэлиспен танысады
1882 - Өлеңдерін жүйелі, ақындық үлгіде жаза бастайды
1886 – 1890 - Табиғат лирикасы жазылған кезең
1904 - Дүниеден өтеді

2. Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін күйіттейтін поэзия. Лирика бес түрге бөлінеді:
А) Табиғат лирикасы
Б) Махаббат лирикасы
В) Философиялық лирика
Г) Саяси лирика
Д) Көңіл - күй лирикасы

1. Табиғат лирикасы:
- «Қыс»
- «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
- «Жаз»
- «Күз»
- «Қараша желтоқсанмен сол бір – екі ай»
- «Желсіз түнде жарық ай»
- «Жазғытұры»

Сөздікпен жұмыс:
«Қыс» өлеңі:
Ұшпадай - жеке шоқ бұлт
Оқшырайтып - шошайтып, оқшауландырып
Ажарланды - сұлуланды, өңі кірді
Долданғанда - ашуланғанда
Үсік шалу - үсу, тону
Ымтығы құру - қажу, шаршау
Домбығып - үсіп
Тұмсығын салды - бұл жерде қасқыр шапты
Шидем - күпі
Қондыбай, Қанай - кедей ауылдарының аттары
Қор қылма - ысырап қылма

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі:
Қансонар - жаңа жауған қардағы із.
Ғанибет - қызық, тамаша, көңіл көтеру.
Аңдағанда - түлкінің ізіне түсушілердің жүрісі
Томаға - бүркіттің бас қабы.
Қырымнан - алыстан деген мағынада

«Күз» өлеңі
Малма – тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты - үстіне шығарып, араластыруды малма сапсу деген.
Шуда жіп – түйенің шудасынан иірілген жіпті айтады. Оны әжелер ұршықпен иірген.
Шом – түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ нәрсе, шомшы - түйеменжүк тасушы адам.
Күзеу – малшылардың күзде отыратын қонысы. жайылымы.
Алты қанат үй – киіз үйлер керегесінің санына байланысты 5, 6, 7, 12 қанат болып келеді. Ол мынадай бөліктерден тұрады: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, түндік, іргелік, туырлық, үзік, басбау, бау, т. б.
Шидем – қойдың жабағысынан тігіп, сыртын маталап қаптаған киім, оны күпі деп те атаған. Қазақта сондай - ақ тон, ішік, тымақ, бөкебай, түлкі тымақ, құлақшын, пима, байпақ. т. б. киімдер бар.
Ене – келіндер күйеуінің шешесі.
Құда – қыз алысып, қыз беріскен адамдар."Құда мың жылдық, күйеу – жүз жылдық", "Құдаңды құдайыңдай сыйла"

2. Саяси лирикасы
- «Қалың елім, қазағым»
- «Болыс болдым мінекей»
- «Мәз болады болысың»
- «Болды да партия»
3. Махаббат лирикасы
- «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл»
- «Кейде есер көңіл құрғырың»
- «Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол»
- «Сен мені не етесің»
- «Көзімнің қарасы»
4. Философиялық лирика
- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- «Ғылым таппай мақтанба»
- «Әсемпаз болма әрнеге»
- «Өлең – сөздің патшасы»
- «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
- «Өзгеге көңілім тоярсың»
- «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»
- «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
- «Құлақтан кіріп бойды алар»
5. Көңіл - күй лирикасы
- «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?»
- «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да»
- «Әбдірахман өліміне»
- «Адамның кейбір кездері»
- «Ойға түстім толғандым»
3. Абай өлеңдерінің тілі
Эпитет - бір заттың не бір құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтау үшін қолданылатын бейнелі сөз
Мысалы: «Ызалы жүрек долы қол», «Асау жүрек аяңын шалыс басқан», «Үсті - басы - ақ қырау, түсі суық, дем алысы - үскірік, аяз бен қар»

Теңеу - заттың, құбылыстың қасиетін сапасын ашу, екінші бір затпен, құбылыспен салыстыру.
Мысалы: «Ұшпадай бөркі, бұлттай қасы, бурадай долданғанда» деген тіркестердегі ұшпадай, бұлттай, бурадай – теңеу сөздер.

Кейіптеу - табиғат құбылыстарын жандандырып, тірі кісі кейпінде суреттеу.
Мысалы: Абай қысты «Кәрі құда» кейпінде суреттей отырып, өлі табиғатты
жандандыра, қимыл - әрекет үстінде көрсету арқылы жаңаша образ жасап отыр. Қыстың жаңа образы -«Кәрі құда». Мұндай суреттеу тәсілі тек Абай ашқан жаңалық. Бізбұдан Абай атамыздың жаңашыл - реформатор ақын екендігін көреміз.

Шендестіру – тәсілі кереғар екі затты немесе құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын аңғартатын айшықтаудың бір түрі.
Мысалы: Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...

4. Өлең құрылысына талдау

6. Абай поэмалары
Абайдан қалған үш поэма бар: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі».
«Ескендір»поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған.
«Масғұт» поэмасы. Поэманың негізгі ойы – негізгі герой Масғұдты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітіру. Масғұд ақылдылықтан да, еңбексіз табылған байлықтан да қашып, әйел затын адамзаттың қақ жарымы деп түсініп, қызыл жемісті алады. Бұл әрекетін ол әйелдің достығын ерекше қадір тұтатындығымен түсіндіреді. Ер жынысы мен әйелді адамдық алдында тең дәрежеде бағалап, қадірлейтіндігін айтады.

«Әзім әңгімесі» - «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір оқиғаның өлеңмен жазылған түрі.
«Лездеме» стратегиясы
1. Абайдың поэмалары - «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі»
2. Ескендір Еуропада қандай атпен белгілі – Александр Македонский
3. Ескендір патшаның жасы – 21
4. Ескендірдің әкесінің есімі – Филипп
5. Абайдың аяқталмаған поэмасы - Әзім әңгімесі
6. "Ескендір" поэмасының негізгі идеясы - тойымсыздықты тыю
7. Аристотель кім? – ұлы ғалым, гуманист
8. Абайдың уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған поэмасы - «Әзім әңгімесі»
9. Масғұтқа кездескен шал кім? – Қыдыр
10. Масғұт таңдаған жеміс – қызыл жеміс

7. Абайдың қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты - жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай - ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

- Студенттер өздері білетін қара сөздерін жатқа оқып, түсіндіреді
8. Абай – сазгер
 “Көңіл құсы құйқылжыр”
 “Құлақтан кіріп бойды алар”
 “Көзімнің қарасы”
 “Желсіз түнде жарық ай”
 “Айттым сәлем Қаламқас”
 «Сегіз аяқ»
- Әндерінен үзінді айту
9. Абай туралы бейнефильм, ескерткіштері туралы. Абай туралы ақын - жазушылардың айтқан қанатты сөздері
10.“Топтастыру” стратегиясы.«Абай кім?» - ұлы ақын, жазушы, ағартушы, аудармашы, болыс, ғалым, дана, сазгер, философ. Студенттер өз ойларын тақтаға жазады.

11. Бекіту. Тест тапсырмалары
1 - нұсқа
1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;*
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығынан өткенді қайталау жүктеу
Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығынан өткенді қайталау слайд жүктеу
2 997
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Абай Құнанбаев шығармашылығынан кең көлемде мәлімет беріледі. Ақынның өмірі, шығармашылығы, шығармаларындағы шыншылдық, тазалық, асқақтық, Абайдың қазақ әдебиетіне, поэзиясына қосқан үлесі айтылады.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова Райхан Есілжанқызы "Үздік ашық сабақ" номинациясы бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×