Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»

18 ақпан 2019, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Үш бақытым»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңінің идеясын түсіне білуге жағдай жасау.
Дамытушылық: Ақын шығармаларын талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айта алатын шәкірт дайындау.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ақынның портреті, кітаптары.
Сабақтың ұстанымы:
«Қазақ тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам, еліне, жеріне адал, табиғатына жанашыр бола алады.»

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Мұғалім, сіздің көңіл - күйіңіз бүгін қандай?
- Мария, саған қандай тапсырма үйге берілді?
Бізге «Бала Мұқағали қандай еді?» ақынның жастық шағы жайлы біліп, оқып келуге берді.
Мұғалім: Ал кәне, балалар, ақынның жас кезінде қандай бала болғаны жайлы барлығымыз білгіміз келеді емес пе? Кәне үй тапсырмасын кім айтады екен?
Оқушы: Мұқағали өте зерек, алғыр болатын. Ол өлең сөзді бәрімізден бұрын жаттап алушы еді. Жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқуға құмар болатын еді дейді ақынның досы Әбдіке Асанов.
Мұқағали қанша қиындық көрсе де сабағын өте жақсы оқыды. Ол әсіресе әдебиет пәнін ұнататын.
Сабақтан тыс ақын концерт ұйымдастырып, спектакль қойып, басты рөлдерде өзі ойнайтын.
Оқушы: Мектептегі қабырға газеті Мұқағалисыз шықпаушы еді. Ол сабағы нашар оқушыларға сықақ өлең жазатын.
Ол бала кезінен таза ұқыпты жүретін. Салақ, үсті басы кір - қожалақ балаларды жек көретін.
Ақын – әділетсіздікке жаны қас еді. Үлкеннің алдын кесіп өтпейтін. Өзінен кішілерге қамқорын аямайын.
Мұқағали әжесі Тиынның қолында өскен. Ақынның дамуына әжесі қатты әсер еткен. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Біз, сіздермен өткен сабақта ақынның өмірбаянымен таныссақ, бүгін ақын өлеңдерін оқып, білеміз
Поэзия Пайғамбары атанған Мұқағали Мақатаевқа өлең жазудан артық бақыт жоқ еді. «Өлең менің тынысым, адал досым, жұбанышым»- деген екен ақын. Ендеше, біз сіздермен бүгін ақынның «Үш бақытым» атты өлеңімен танысамыз.
Мұғалім: Балалар, мен өлеңді мәнерлеп оқимын, мені жақсылап тыңдап отырыңдар.
Жүргізілетін жұмыс түрлері.
2. Сөздікпен жұмыс.
3. Әр шумаққа тоқталып өлеңнің мазмұнын түсіндіремін.
4. Өлеңді оқушыларға жеке, хормен оқытамын.
5. Өлеңнің шумақ, тармағын анықтаймын.
Тапсырмалар.
6. Балалар, сонымен ақынның үш бақыты не екен?
Халық Тіл Отан
Мұғалім:- Балалар, ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?
Халық Тіл Отан.
Қымбаттырақ алтыннан. Қасиетті тіл. Отан Оттан да ыстық.
7. Халық, Тіл, Отан сөздерінің синонимін тауып көрейік.
Халық – ел, жұрт. Отан – туған жер, атамекен.

8. Мұғалім: Балалар, осы Халық, Тіл, Отан сөздеріне түсінік бере кетейікші.
Халық
1Халық дегеніміз – Қазақстанда тұратын адамдар.
2. Елімізде 16мил. халық тұрады.
3. 130 - дай ұлт өкілдері тұрады.
Тіл.
1. Тіл дегеніміз адамдардың бір - бірімен қарым - қатынас құралы.
2. Қазақстанда 130 - дай тіл бар.
3. Қ. Р - ның Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Отан.
1. Отан ол – әр адамның туып өскен жері.
2. Отан ол – сенің отбасың.
9. Келесі тапсырма Әрі ойын, әрі оқу. Оқушылар өлеңді оқып, кітапты жабады да мына тапсырмаларды орындайды.
«Үш бақытым» өлеңінің 1 - шумағының кей сөздерін аударасың, 2 - шумағы Ребусты шешесің, 3 - шумақтың бір тармағында сөздердің орны ауыстырылған соны дұрыс тауып орнына қою керек.

Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның золото кенін.
Он бар болса, я бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ из золота нарқым менің.
Ал екінші бақытым -- і м менің
Тас. – ті - кіммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті - імнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - отан деген,
Кім мықты?- десе біреу,- Отан дер ем.
... Сөнген оты жалғанда барсың ба жан
Ойланбай - ақ кел - дағы от ал менен..

Сергіту сағаты:
М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «сәби болғым келеді.» әнін орындаймыз.
10. Ал, балалар, Отан, тіл, халық туралы мақал - мәтелдер, өлеңдерді білеміз ба?
11. Балала, сендер айтып кеткендей ақын жас кезінен өлең жазды - дедіңдер. Бүгін біз де ақын ағамызға ұқсап өлең жазсақ қайтеді. Отан, тіл, халық, бақыт тақырыбына « бес жолды өлең жазып көрелік»

Рефлексия:
Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды қорыта келе ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайық
1. Авторы: М: Мақатаев.
2. Тақырыбы: «Үш бақытым.»
3. Жаныр түрі: Өлең.
4. Шумақ: 3
5. Тармақ: 12
6. Әр шумақтың мәнін ашатын көркем, бейнелі сөздер:
1 - шумақ: Қымбаттырақ алтыннан, алтын кен.
2 - шумақ: Қасиетті тіл.
3 - шумақ: « Отан оттан да ыстық.»
Өлеңнің идеясы: ақынның туған жеріне, халқына, тіліне деген шекесіз махаббаты айтылады.
Мұғалім: Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық. Қазіргі таңда Мұқағали ең көп оқылатын ақынның бірі. Оның жырлары адамға күш - қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Үш бақытым» өлеңін жаттау.

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931 - 1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962 - 1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963 - 1965, «Жұлдыз» (1965 - 1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972 - 1973) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.
Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста:
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» жүктеу
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» слайд жүктеу
4 539
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Өртеніп өткен өр тұлға
Өртеніп өткен өр тұлға
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - қазақтың біртуар ұлы ақыны. Ол мың тоғыз жүз отыз бірінші жылы өзіміздің Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа - тұс келгендіктен, өмірдің қиыншылығын ерте көреді.
Үш бақытым
Үш бақытым
Өлеңді мәнерлеп, түсініп, жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңіндегі айтылар негізгі ойды анықтау. Өлеңді талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баулу, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру.
Әркімнің де өлеңге бар таласы... (Мұқағали шығармашылығына саяхат сабақ)
Әркімнің де өлеңге бар таласы... (Мұқағали шығармашылығына саяхат сабақ)
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ж. Мыңбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеуова Анар
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Қарағанды қаласындағы ЖОББ №53 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Табылғанова Меруерт Алимхановна
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×