Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұзафар Әлімбаев

30 наурыз 2019, Сенбі
Мұзафар Әлімбаев - балалар ақыны
Мұзафар Әлімбаев (29 қазан, 1923 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды атырабы - 26. 11. 2017, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. 2017жылы дүниеден озды.

1982 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

ҚазМУ - ді бітірген. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген.

Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.

Армиядан оралған соң (1948), «Пионер» журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956 - 1958 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың бас редакторы болды.
Алғашқы кітабы «Қарағанды жырлары» 1952 жылы жарық көрген.

Содан бері бірнеше ондаған өлең кітабы, бірнеше дүркін таңдамалы шығармалар, туысқан халықтар тілінде көптеген жинақтары шықты.

Әнге жазған өлеңдерінің саны 200 - ге жуық. 64 төлтума және аударма кітаптардың авторы.

Шығармалары 20 - дан астам тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түркімен тілінде « Мен – түрік мейманы» (1963), қырғыз тілінде «Жолдар. Ойлар. Жырлар» (1966) және т. б. тілдерде жинақтары жарық көрген.

Көркем аударма саласында Сағидың «Бостанын» («Жәннат» деген атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақтарын, Ю. Фучиктің «Дар алдындағы сөзін», С. Орбелианидің «Ғибратнамасын» және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ. Тоқай, М. Жәлил, Фирдауси, Х. Әлімжанның өлең - жырларын қазақ тіліне аударған.

Ақынның балалар поэзиясындағы орны ерекше. Оның «Менің ойыншықтарым» (1953), «Орақ - олақ» (1962), «Шынықсаң, шымыр боласың» (1969), «Балдәурен, шіркін, балалық» (1973), «Ақсерек те көксерек» (1977), «Аспандағы әпке» (1982), «Екі тақтай, бір көпір» (1992), «Қоянның құлағы неге ұзын?» (1996) сияқты т. б. жинақтары кішкентай оқырмандарының сүйікті кітаптарына айналды. Сонымен бірге ұстаздардың, тәрбиешілердің балалар тәрбиесінде пайдаланатын кітаптарына айналған. М. Әлімбаев 1984 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

Белгілі әдебиетші - ғалым, сыншы Н. Ғабдуллин: «Мұзафар Әлімбаев – қазақ балалар поэзиясының өркендеп дамуына үлкен еңбек сіңіріп келе жатыр. Ақынның балалар поэзиясының мазмұны мен түрін байытуға қосқан көп сапалық жаңалықтары, көркемдік үлгілері бар», – деп ақынның балаларға арналған шығармаларын жоғары бағаланған еді.

«Бөбектер өлеңі, – дейді белгілі ақын Қ. Мырзалиев Мұзафар Әлімбаевтың «Аспандағы әпке» жинағы турасында жазылған мақаласында, – жыр мен сырдың, ой мен ойынның, сөз өнері мен педагогикалық барынша жымдасқан жері». Бүлдіршінге бағышталған балауса жыр жас оқырманды сүйсіндіріп қана қоймай, астарында тәрбиелік мағына жатуы тиіс екендігін М. Әлімбаев ерте түсінген. Ақын жинақтарынан бала санасына, дүниетанымына жақын әрі көркем, әрі қарапайым, әрі тәрбиелік мәні жоғары туындылар көптеп кездеседі.

Мұзафар Әлімбаев өлеңдеріне табиғилық тән. Бала бейнесі, оған тән дүниетанымы мен қызығушылықтар өмірде қандай болса, көркем ой елегінен өтіп, автордың шығармаларында өзінің шынайы көрінісін табады. Автор шығармаларын оқып немесе тыңдап отырған бүлдіршін одан, сөз жоқ, өзін, өз құрбыларын еш бұлтарыссыз таниды. Өлең барысында ақын болмысы өзінің лирикалық кейіпкері, яғни, бүлдіршін дүниесімен тұтасып кетеді. Бала жан дүниесінің нәзік иірімдеріне тереңдеп ене білген Мұзафар Әлімбаев жас оқырмандарын да осынау қызық дүниеге енгізе біледі. Ақынның поэзиялық әлемінде бүлдіршіндер өздерін еркін сезінеді, ал үлкендер болса, қаламгер туындылары арқылы бала мінезі, дүниетанымы, психологиясымен жақын таныса алады.

М. Әлімбаев өлеңдерінің тақырыбы сан алуан. Өмірдің өзі сан түрлі салаларға тарамдалып кететіндіктен де, өнерде осы көптүрліліктің көрінуі заңды құбылыс. Өнерді өмірдің көркем шындығы десек, өмірдегі сан алуан тақырыптардың поэтикаланып, көркем шындыққа айналатындығы айқын. Қай тақырыпта қалам тербесе де ақын үнемі бала талғамына, танымына көңіл бөліп отырады.

Әже! Әже! Жатпашы!
Ауыр ойға батпашы.
... Дәрі жасап берейін,
Бәрін жасап берейін.
Ауыртпаймын әжемді,
Ауырмайсың, әже, енді!

Осы өлеңде кішкене баланың әжесіне деген адамның жан - жүрегін жібітерлік ыстық махаббаты, мейірімділігі көрініп тұр. Әжесінің ауырғаны жанына қатты батқан бала болашақта дәрігер болып, әжесін емдеп шығуды мақсат етеді. Кішкене немересінің мұндай жанды тебірентер сөздері қарт ананың көңілін бір көтеріп тастары анық. Өлеңді естіген бала өз әжесінің аялы алақанын, мейірімді жүзі мен қызықты ертегілерін есіне алады, сағынады. Мұның бәрі өлең сөздің құдіреті мен сол сөзді жан - жүрегімен қабылдайтын бала сезімталдығының әсері екендігі сөзсіз.

М. Әлімбаевтың «Әке» атты өлеңі мынадай:

Мақтайды әкем:
– Батырым,
Енді өзіме серік! – деп.
Өсіп келе жатырмын
Өз әкеме еліктеп.
Әкем мені жасымнан
Тастамайды қасынан.

Кішкене бала үшін ата - анасына еліктеу тән екендігі белгілі. Әке мен бала арасындағы түсіністікпен, махаббат бұл өлеңде ұтымды суреттелген. Өз баласының есейіп, өсіп келе жатқандығын көрген әке мақтанышы кейіпкердің өз сөзімен берілген.
«Менің ойыншықтарым» деген өлеңіндегі кішкене кейіпкер:
Шырылдама, әндетпе,
Бұлбұлым, ертең жырларсың.
Папам келді қызметтен,
Ұйықтап біраз дем алсын
Мұзафар Әлімбаев жүктеу
3 437
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ескен Елубаевтың өмірі және шығармашылығы. Күрделі сөздер
Ескен Елубаевтың өмірі және шығармашылығы. Күрделі сөздер
Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған.
Жолбарыс пен түлкі \Тәжік ертегісі желісімен\
Жолбарыс пен түлкі \Тәжік ертегісі желісімен\
Жолбарыс пен түлкі \Тәжік ертегісі желісімен\. Ертегі туралы түсініктерін кеңейту. Ой өрісін дамыту, адам бойындағы сезімдерді тануға, байқауға, оқушы қиялын дамытуға жол ашу. Өтірік пен шынның, әділдік пен зұлымдықтың, мақтаныш пен
Абдрахман Асылбек өмірбаяны, өлеңдері
Абдрахман Асылбек өмірбаяны, өлеңдері
Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИдің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған.
Иманжанов Мұқан
Иманжанов Мұқан
Иманжанов Мұқан (1916-1958 жж)
Мұзафар Әлімбаев - балалар ақыны
Мұзафар Әлімбаев - балалар ақыны
Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 97 жылдығына орай өткізілген «М. Әлімбаев - балалар ақыны» атты ертеңгілігінің жоспары
Әбіш Кекілбайұлы
Әбіш Кекілбайұлы
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×