Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіршіліктің тірегі сен – Жер Ана

13 сәуір 2019, Сенбі
Тіршіліктің тірегі сен – Жер Ана
Мақсаты: Оқушылардың туған жерін сүюге, табиғатты аялай және қорғай білуге баулу. Табиғат тіршілік көзі екендігін, табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керектігін, табиғат ананың құдіретін терең түсіндіру.
Көрнекілігі: Көрініс, мақал мәтел, тыйымдар, жұмбақтар

Жоспар:
1. Ұйымдастыру
2. Көрініс
3. Тыйымдар
4. Топтық тапсырмалар
5. Мақал мәтел

1. Көрініс:
Асан Қайғы: Жалғыз жүріп жалықпаймын іздеуден,
Іздеп өтем жерұйығын елімнің.
Барар жерім көп балса да дамылдап,
Уа жер ана, алайыншы амандасып өзіңмен
Армысың - асыл Ана, мен бір балаң
Исі қандай киелі топырағың.
Тіршілікті тал бесікше тербеген
Қарыздармын қасиетті Жерге мен
Жер Ана: Барша әлемді тербеген мен боламын – жер - Ана,
Таныстыршы өзіңді, боласың сен қай бала?
Асан Қайғы: Уа, ардақты Жер ана, бас иемін алдыңа,
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы мен болам.
Жер – ана: Уа балам, көзің өткір, қарашы,
Қараңдайды қар сұлба алыстан.
Өзі асығыс сонша жадап жүдеген,
Бет алысы бізге қарай, Жөн сұрайық өзіңнен
Қорқыт ата: Жер ана, іздеп келем өзіңді мен,
Өлім мен қасіреттен қашып жүрген
Қорқыт деген мен болам.
Ұшқан құс, жүгірген аң - бәрі бітті,
Арнасынан тасыған суда бітті,
Сынақ пен жарылыстан көз ашпаған,
Қиылды қыршынынан қанша адам.
Жер - ана: Не дейді? Бұл сұмдық қой естілмеген,
Өз перзентім өзіме қол көтерген.
Бетіме сонша таңба салатындай,
О, құдірет, қай ісімнен таптым екен?
Қорқыт ата: Налымашы, күйзелмеші, Жер ана,
Бәрін қайта келтіреміз орнына.
Асан Қайғы: «Ел жағалай қонбаса, бетегелі бел ғаріп
Қаз үйрегі болмаса, айдын шақар көл ғаріп»

Қорқыт ата: «Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын,
қанаттарың қырқылмасын»
Қорқыт ата, Асан Қайғы сахнадан шығады.
Жер ана: О, адамдар!
Таза ауаны түтін менен құртпаңдар,
Есірткінің есігін құлыптаңдар,
Хиросима тағдырын ұмытпаңдар.
Тыныш жатсын құстар да ұясында әр
Күрсінбесін қария, қастаспай достасып ақ
Барлығың да төсіме сиясыңдар!

Мұғалім: Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл адамға ортақ қазына. Жер, Табиғат, Отан, Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес әрі мағыналас. Ондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу, қорғай білу, қастерлей білу - бәріміздің борышымыз. Табиғатымыз аман болсын! Табиғатты түсіне білейік!

Енді оқушылардың тақпақтарын тамашалайық.
1. Ойласақ табиғат пен адам егіз,
Жылдық сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,
Ал қоғамсыз табиғаттың өздік де өлі деңіз.

2. Табиғат егіз адаммен
Ұқсастық табам одан мен
Мәңгілік болсын егіздер.
Жер ана көңіл теңіздер

3. Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбау да керек шығар дос үшін
Екеуіңнен араңдағы байланыс
Өмір бойы үзілмесін, қосылсын.

4. Табиғаттың құпиясы тұңғиық
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.

Өткізген: 6 сынып жетекшісі Тультаева Н. О.
Тіршіліктің тірегі сен – Жер Ана жүктеу
1 954
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Оқушыларға жаңа сабақ туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқына жеррұйық іздеген Асан қайғы туралы мәлімет беру, өз ойларын еркін айтуға, өмірмен байланыстыра білуге үйрету, сөздік қорларын молайтып, ой - өрістерін дамыту, өзіндік пікір
Асан қайғы - дала данышпаны
Асан қайғы - дала данышпаны
Табиғат – бүкіл әлем. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды - адам табиғатының бір бөлігі.
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлы жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайды ашу.
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович
Өлеңдер жиынтығы
Өлеңдер жиынтығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №00 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дүйсенбай Айжан Сылдыр –сылдыр су ағып, Тоқтатады ағысын. Жапырақтар сарғайып, Бара жатыр азайып. Күлкі кетті күлімдеп, Жаңбыр келді сіркіреп.
Асан қайғы
Асан қайғы
Асан қайғы (XV ғасыр) Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен замана жайын әріден толғаған ірі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×