Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асанқайғының Жерұйықты іздегені

01 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович

Қазақ әдебиеті 5 сынып

Тақырыбы: Асанқайғының Жерұйықты іздегені.

Мақсаты: Оқушыларға аңыз – әңгімелер туралы түсінік беру, Асан қайғы туралы аңыздармен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже 1. Асан қайғы туралы оның кім екені және әдебиеттегі орны туралы білім алады.
2. Қазақстанның табиғаты әсем жерлері туралы білімін кеңейтеді.
3. Ел қайғысына ер қайғыра білетін, елін жерін сүйетін азаматтар тәрбиеленеді.

Керекті жабдықтар Проектор, ресурстар, түрлі түсті стикерлер.
Сабақ кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
«Шаттық шеңбері» трининг өткізу. (сабаққа сәттіліктер айту)
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларды ІІІ топқа бөліп отырғызамын
І топ: «Асан қайғы» тобы.
ІІ топ: «Жиренше» тобы
ІІІ топ: «Қорқыт ата» тобы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Аңыз дегеніміз не және оның кейіпкерлері туралы мәліметтер жинап айту еді.
Сол мақсатта оқушылардың үй тапсырмалары тыңдалады.
І топ: «Асан қайғы» туралы мәлімет айту.
ІІ топ: «Жиренше» туралы мәлімет айту.
ІІІ топ: «Қорқыт ата» туралы мәлімет айту.

Үй тапсырмасын пысықтау.
Аңыз кейіпкерлерін
топтастыру.
Аңыз кейіпкерлері → Жиренше, Қорқыт, Асан қайғы, Қожанасыр, Алдаркөсе, Жошы хан

ІІІ. Жаңа тақырып
Асанқайғының жерұйықты іздегені.
Тақырыптың мақсатын түсіндіру.
Оқушыларға тақырыпты оқуға 4 минут уақыт беріледі. Оқып болған соң интербелсенді тақтадағы тірек сызбадағы тор көздерге әр елді мекендерге барып баға берген сөздерін толтырады.

Өздері оқып, тірек сызбаны толтыру
Асанқайғы

Маңғыстау 1.«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас»,
Жетісу. 2.«Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс»,
Аспара 3«Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер»,
Баянауыл 4.«Баянға жаймай, қой семірмес»,
Жуалы 5.«Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер»,
Жезқазған . 6.«Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас»,
Шыңғырлау 7.«Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің!» - депті.

Негізгі бөлім
Топтық тапсырма
Тапсырма:
Асан Қайғының барған, баға берген жерлеріне географиялық тұрғыдан сипаттама беру.

І топ: «Асан қайғы» тобы: Шыңғырлау, Маңғыстау
ІІ топ: «Жиренше» тобы: Жезқазған, Жетісу
ІІІ топ: «Қорқыт ата» тобы: Аспара, Баянауыл, Жуалы

ІІІ топқа жұмыстануға 5 минут уақыт беріледі.

Керекті көрнекіліктер, географиялық кітаптар осы тапсырмаға байланысты пайдалануға жазып алуға беріледі.
Сабақты бекіту.
«Ыстық орындық» әдісі
Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қарсылас топтардың сұрақтарына жауап беріп жаңа тақырыпты қалай меңгергендігін бақылаймын

Бағалау. Мұғалім әр топтың сабаққа қалай қатысқандығы жөнінде оқушылардан пікірін біліп сұрап кетеді.

Үйге тапсырма
Өзіңнің туған жеріңе Асанқайғыша баға беріп көр. Суретті пайдаланып, шығарма жазу. Эпиграф етіп Асанқайғының бір сөзін алуға тырыс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 980
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Оқушыларға жаңа сабақ туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқына жеррұйық іздеген Асан қайғы туралы мәлімет беру, өз ойларын еркін айтуға, өмірмен байланыстыра білуге үйрету, сөздік қорларын молайтып, ой - өрістерін дамыту, өзіндік пікір
Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы. Дала данышпаны
Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы. Дала данышпаны
Асан қайғы шынайы өмірдегі осы ақпаратқа қандай пікір айтар еді? Көріпкел абыз ХХІ ғасырда өмір сүрсе, қазіргі Қазақстан жеріне қандай сын айтар еді?
Аңыз әңгімелер. Асанқайғының Жерұйықты іздеуі
Аңыз әңгімелер. Асанқайғының Жерұйықты іздеуі
Аңыз әңгімелер. Асанқайғының Жерұйықты іздеуі Аңыз әңгімелер, олардың ерекшелігін білу. Даналық сырын ұғыну.
Мақал – мәтелдер
Мақал – мәтелдер
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Жалпы мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, тілдік тараптан талдауға үйрету, адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×