Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамгершілік – асыл қасиет. Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы

18 сәуір 2019, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет.
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау (5 Т/Ж1)
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: өлеңді оқиды, мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өлеңді композициялық құрылысына талдай алады. Өлең мен мысалды салыстырып, өзіндік ерекшеліктерін сипаттай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: негізгі идеясын анықтап, жоспар құра алады. Мысал өлеңнің ерекшеліктерін ескере отырып әсерлі жаза алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: мысалдың өлең түрінде келген сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма екендігін біледі. Мысалдың тақырыбы мен идеясын анықтайды. Қарапайым сұрақтар құрастырады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Пісім - егіннің толық піскен кезі.
Тағзым - ізет, құрмет, қошемет.
Қожа - бір нәрсенің иесі.
Кекірею - бәлсіну, кесапаттану, шалқаю, тәкаппарлану.
Қалып - адамның қал - жайы, күйі, түрі.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: егінші, бидай, дәнге толу, төмен салып, көкке қарап, көзі түсті, тәкаппарлық, кекірейіп, иілу, қалпы.
Талқылауға арналған сұрақтар:
А. Байтұрсынұлы кімдердің шығармаларын аударды?
- Әке мен бала қайда барды?
- Жалғыз Бидай өзін қалай ұстады?
- Мысалдан қандай ойды аңғардың?
- Мысал өлеңді басқаша қалай атауға болады?
- Өмірмен қалай байланыстыруға болады?

Не себепті …. деп ойлайсыз?
Адам бойында жақсы қасиеттер болу керек.
Ишара: о, бас изеу, керемет, қолпаштау, т. б.
Алдыңғы оқу: А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі.

Басы
Ой қозғау 3 минут
Ширату жаттығуы: «Артығын алып таста»оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын(сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетемін. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтау керек.
- бұл кімнің шығармасы деп ойлайсыңдар?
- А. Байтұрсынұлы кім?
- қандай шығармаларын білесіңдер?
- Мысал дегеніміз не қалай түсінесіңдер?
Түсінік беріп кету.
Сыныпты топқа бөлу. «Пазл жинау» әдісі арқылы

Ортасы
1 - жаттығу. Өлеңді тыңдау.
«Егіннің бастары» мысалы.
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі - берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз - ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді.

Мектеп: Шолақаша орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Хамзина Л. Т.
Адамгершілік – асыл қасиет. Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы жүктеу
5 061
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат
- Сендер бидай туралы қандай мәлімет білесіңдер? – деп тақырыпты оқушыларға ашқызу. Бидай бүкіл әлемдегі негізгі азық көзі болып табылады. Азық - түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген бағалы қасиеті бар.
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу, бір - бірінің жақсы мінез - құлық қасиеттерін тани отырып, сыйластық пен достықты қалыптастыру мақсатында шеңбер бойында тұру ретіне қарай «Оң жағымда...» тренингі өткізіледі.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің дәмін, түсін ажырата алады, қандай екенін айта алады. Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.
Абай Құнанбаев «Жаз»
Абай Құнанбаев «Жаз»
Абай Құнанбаев «Жаз» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×