Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңіндегі тіл мен ұлт тағдыры

02 мам 2019, Бейсенбі
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Сүйіспеншілік пен достық
6 сынып
Сабақ тақырыбы: Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңіндегі тіл мен ұлт тағдыры
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6. Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
6. Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақтың басы 8 мин.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сәлеметсіңдер ме, қалдарың қалай? Сабақта оқушылар түгел ме? Бүгінгі сабақты мен – Диана Қайратқызы жүргіземін.
Психологиялық ахуал орнатамын. «Тіл - қазына» атты аңызды айтамын.
«Миға шабуыл»
- Балалар сендер осы тілдің ең қымбат қазына екенімен келісесіңдер ма? Мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
- Жоқ, мен олай ойламаймын. Әрине біздің ең қымбат байлығымыз – тіл. Тіл – қарым - қатынас құралы. Егер тіл болмаса, осы сұрақты қоя алар ма едің? Ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім? Иә, сонымен қоса, тіл – ойдың көрінісі. «Ана тілі» сөзіне кластер құрғызамын.
-
Жаңа тақырыпты меңгерту.
- Расул Ғамзатовтың өмірбаянымен таныстырамын.
Расул Ғамзатов – 1923 жылы 8 қыркүйекте Дағыстанның Хунзах ауданында дүниеге келген. Белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны. Расул Ғамзатов жырлары қазақ жұртшылығына да жақсы таныс. «Жарық жұлдыздар», «Менің Дағыстаным» кітаптары әр қазақтың төрінде тұр. «Тау қызы» театр сахнасында қойылды. «Менің атам» - бүлдіршіндердің сүйіктісі болды. Шығармалары 1937 жылдан жариялана бастаған. «Біздің таулар», «Атамекен», «Туған жылым», «Ағаға арнау», «Дағыстан көктемі», «Жарық жұлдыздар», «Соңғы баға» жыр жинақтарында, «Әкемен тілдесу», «Тау қызы», «Ананы аялаңдар» поэмаларында туған жердің сұлулығын, халық даналығын, ұлттық дәстүр ерекшелігін сүйіспеншілікпен жырлаған. «Жарық жұлдыздар», «Менің атам», «Тырналар» атты поэмалар мен өлеңдер жинағы, «Менің Дағыстаным» повесі қазақ тілінде жарық көрген. Қаламгер 2003 жылы дүниеден өтті.
«Ана тілі» өлеңін оқытамын, көтерілген мәселені талқылатамын.
Ана тілі
Адам деген не көрмейді түсінде
Жатыр екем бүгін қабір ішінде
Дағыстанның кең аңғары күн ыстық
Көкірегімде орнаған бір тыныштық
Асау өзен арқырайды жарды ұрып
Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде
Жер болады балғын тәнім менің де
Мен жатырмын қара жерге табына
Жоламайды келмейді ешкім маңыма
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта
Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта
кетті ғой деп қыршын ғана жасында
Жыламайды ешкім молам басында
Жарым қайда досым қайда кешегі
Анам қалай жатқанымды білмеді
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде
Мен жатырмын қара жерде көз жұмып
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Али деген бір кісінің сұмдығын
Естідім де сөзін ана тілімнің
Бойым жылып лезде мен тірілдім
Балгер де емес дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымақ
Мен дайынмын өтуге де бүгін ақ
Мен жаныммен сүйем осы тілімді
Кедей деп ақ айта берсін білімді
Ассамблеяда естілмесін үні де
Ана тілі ұлы менің өзіме.
Махмұт жырын оқу үшін жастауын
Күтем әлде аударуын басқаның
Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде
Өлеңдерін жаза алар тілінде
Мен сүйемін планетаның барлығын
Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын
Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де
Әлім шолы айттым алар тілінде
Қымбат маған елімнің бар даласы
Балтық пенен Сахалиннің арасы
Қайда болсын қия маған жанымды
Туған жерден қазсын бірақ қабірді
Алаша бір жазып қойған құлпы тас
Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас
Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп
Мұнда Расұл Ғамзаұлы жатыр деп!
Расул Ғамзатов
Оқиғаның басталуы – Ақынның түс көруі
Оқиғаның байланысуы – Дағыстанның табиғатының суреттелуі, ақынның жалғыздығы
Оқиғаның шиеленісуі – екі адамның әңгімесі
Оқиғаның шарықтау шегі - ақынға туған үнінің күш беруі
Оқиғаның шешімі – Ақынның туған тіліне махаббаты

«Ой шақыру» сұрақтары:
1. Өлең мазмұны не жайлы?
2. Расул Ғамзатовтың ана тілі қай тіл?
3. Ана тілі деп қандай тілді айтамыз?
4. Біздің ана тіліміз қандай тіл?
5. Ақын ана тілінің құдіретін өлеңнің қай жерінде көрсеткен?
7. «Ана тілі» өлеңінде ақынға не қымбат?
8. Сен де Расул Ғамзатов секілді өз туған жеріңді, ана тілліңді жақсы көресің бе?

Мектеп: №37 гимназия
Мұғалімнің есімі: Сапышева Гулнар
Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңіндегі тіл мен ұлт тағдыры жүктеу
13 802
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев. Ғылым таппай мақтан ба?
Абай Құнанбаев. Ғылым таппай мақтан ба?
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру Сабақтың мақсаттары 1. Идеясы арқылы әлеуметтік – қоғамдық мәселені анықтау 2. Шынайы өмірмен байланыстыру. 3. Өз
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 4. 1. Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерешеліктерін анықтау Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіме - нің
Қара шаңырақ
Қара шаңырақ
Ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм, тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Жиындардың бірiгуі мен қиылысуы
Жиындардың бірiгуі мен қиылысуы
Жиындардың қиылыcуы және бірiгуі анықтамаларын білу
С. Мұратбеков Жусан иісі
С. Мұратбеков Жусан иісі
әдеби шығармадағы кейіпкерлердің мінез - құлқын сипаттай отырып, жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш мұғалімі: Тукупова Кульпан Кобландиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×