Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


А.С.Пушкин ертегілері

07 мам 2019, Сейсенбі
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: А. С. Пушкин ертегілері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға А. С. Пушкиннің өмірі және шығармашылығы, ертегілері туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз пікірін дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа баулу
Тәрбиелік. Оқушыларды қайырымдылыққа, өзара сыйластыққа, қанағатшыл, уәдеге берік, адал да әділетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімдерді меңгеру
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Автор портреті, кітаптары, суреттер, кестелер, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Сыныпты түгелдеу;
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
4. «Алақан» жаттығуы

Өткен сабақты еске түсіру
Сен Пушкинді қаншалықты білесің?
• Пушкин қай жылы өмірге келді? (1799, Москва)
• Пушкиннің әкесінің есімі кім? (Сергей Пушкин)
• Ақынның әжесінің есімі кім? (Мария Алексейқызы)
• Пушкиннің күтушісінің есімі кім?(Арина Радионқызы)
• Пушкиннің отбасында қай тілде сөйлескен? (француз, анасы Надежда Осипқызы француз тілін еркін меңгерген)
• Пушкин қай кезден өлең жаза бастады? (Сегіз жасынан делінеді, алайда өзі он үш жасынан дейді)
• Пушкинге орысша жазуды кім үйретті? (Әжесі Мария Алексейқызы)
• Пушкинге кім ертегілер оқып берді? (Никита ағасы мен күтушісі Арина Радионқызы)
• Пушкиннің сүйікті жыл мезгілі? (Күз)
• Пушкиннің кітапханасында қанша кітап болған? (3560)
• Пушкин қай жылы өмірден өтті? (1837, Санкт - Петербург)

Жаңа сабақ
• Ертегі дегеніміз не? (Қиял – ғажайыптан туған халық ауыз әдебиетінің бір түрі).
• Қандай халықтық ертегілерді білесіңдер? (Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Күн астындағы Күнікей қыз және т. б.)
• Әдеби ертегі дегеніміз не? (авторы белгілі ертегі).
• Халықтық және әдеби ертегілердің ұқсастығы неде? (таңғажайып оқиғалардың орын алуында, кейіпкерлердің түрлі шытырман оқиғаларды бастан өткеруінде, жауыздықпен алысу, кедергілерге қарсы тұру, жамандықты жақсылықтың жеңуі).

Жаңа сабақта түсінгенін тексеру
Оқушылар, мен ертегі кейіпкерлерін атаймын. Сендер сол арқылы менің қай ертегіні жұмбақтап отырғанымды табасыңдар.
Көк теңіз, шал мен кемпір, балық, астау (Балықшы мен балық)
Оқушылар, мен ертегі бөлімдері бойынша интербелсенді тақтадан суреттер көрсетемін, сендер сол арқылы ертегінің мазмұнын айтып бересіңдер. Бұл ертегіні бірінші атаған себебім, ертегі 1833 жылы, «Алтын әтеш» ертегісінен бұрын жазылған. «Алтын әтеш» ертегісі 1834 жылы жазылған.
«Балықшы мен балық» ертегісі бойынша сұрақтар:
• Көк теңізде кемпір шал қанша жыл тұрған еді? (33)
• Шал қандай балық аулады? (Алтын)
• Алтын балық қарт қармағын нешінші рет салған кезде түсті? (3)
• Алтын балық шалға қандай өтініш айтты? (Теңізге жіберуді)
• Ертегіде кемпірдің кім болғысы келді? (ақсүйек, патшайым, теңіз билеушісі)
• Ақсүйек кемпір шалын қай жерге жұмысқа жіберді (Ат қораға, жылқы бағуға)
• Шалдың теңізге әр барғандағы теңіздің өзгерісін ертегіден тауып оқы
• Неліктен теңіз беті өзгеріп отырды? (адам баласы секілді алтын балық та өз қарсылығын, ашуын теңіз бетіндегі толқындар арқылы көрсетті)
• Кемпір не үшін жазасын алды? (тойымсыздығы, қанағатсыздығы, байлыққа құмарлығы)
• Ертегідегі балықтың ерекшелігі неде? (Алтын болғандығында, адамның тілінде сөйлеуінде, армандарды орындауында).
Патша, данышпан, әтеш, ханшайым (Алтын әтеш туралы ертегі)
«Алтын әтеш» ертегісі бойынша сұрақтар:
• Ертегінің басты кейіпкерлерін атаңдар? (Дадан патша мен әтеш)
• Ертегінің оқиғасы қай жерде өрбиді? (Нақты оқиға орны жоқ. Себебі, бұл оқиға кез келген елде, кез келген адамның басында болуы мүмкін оқиға.
Беріде емес, әріде
Пәлен жұрттың жерінде).
• Дадан патшаға Алтын әтеш не үшін қажет болды? (Елін жаудан қорғау үшін).
• Ертегіде данышпан неліктен әтеш сыйлады? (Әтеш орыс халқында сәттіліктің, бақыттың, байлықтың, ақылдың белгісі).
• Данышпанға Дадан патша Алтын әтештің ақысына не бермек болды? (Қалаған нәрсесін.
Риза болып, айтар хан:
"Бұйым алтын, күміс пе?
Басқа мүдде, жұмыс па?
Тауалыңды қайтарман.
Сенен немді аярмын!
Қашан болса, даярмын
Не сұрасаң беруге -
Не десең де еткізіп,
Не мүддеңе жеткізіп,
Өз көңілімдей көруге").
• Алтын әтештің міндеті не? (Жау келе жатқанын хабарлау, патшалықты қарауылдау).
• Әтеш сырық басына орнатылғалы елде неше жыл тыныштық орнады?
(Жау тыйылды, басылды.
Бір жыл өтті, екі жыл,
Тапты рақат жұрт дамыл,
Әтеш отыр жай, тыныш).
• Ертегіде Шамахан ханшайымы неге теңеледі? (күнге).
Нұры күндей шашылып,
Шамаһанды билеген,
Нөкері жоқ, жап - жалғыз
Шыға келіп патша қыз).
• Ханшайымды әкелгенде халық оларды қалай қарсы алды?
(Таянғанда қалаға,
Дулап, шулап далаға,
Хан алдынан ел шықты).
• Данышпан алтын әтештің ақысына Дадан патшадан не сұрады?
(Шал айтады: "Хан Дадан!
Бар - ды айтқан уағдаң
Тілегімді беруге
- Не десем де еткізіп,
Ризалыққа жеткізіп,
Өз көңіліңдей көруге.
Ақы алатын күн жетті,
Мойныңдағы міндетті
- Өте бүгін қарызды.
Сүйсең көңілім тынуын,
Бер Шамаһан сұлуын!).
• Дадан патша қалай қаза болды?
(Сырығынан түсіп кеп,
Алтын әтеш ұшып кеп,
Хан басына қонады.
Тұмсығымен қақты да,
Ханның миын шақты да,
Әтеш кетті аспанға.
Арбасынан хан ұшты,
Кеудесінен жан ұшты).
• Дадан патша не үшін жазасын алды? (Уәдесінде тұрмағандықтан, жақсылыққа жақсылықпен жауап бермегендіктен)
• Нағыз патша қандай болуы керек? (Оқушылар пікірі тыңдалады).
Сергіту сәті.
Пушкиннің өзіміз оқыған кейіпкерлерін атағанда қол соғамыз. Өзге ертегі кейіпкерлері аталғанда аяғымызбен еденді тақылдатамыз.
А.С.Пушкин ертегілері жүктеу
5 727
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай және Пушкин
Абай және Пушкин
Абайдың аударғандары - Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің "Евгений Онегиннен" үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар.
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әлем әдебиеті туралы түсінік беру, А. Пушкиннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен ақын - жазушыларымыз туралы мағлұмат беру;
Балықшы мен балық
Балықшы мен балық
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
А.С.Пушкин «Зимнее утро»
А.С.Пушкин «Зимнее утро»
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кошкельдеева Гульфайрус Мұратқызы
А. С. Пушкин «Балықшы мен балық» әдеби ертегісі (Ахмет Байтұрсыновтың аудармасы)
А. С. Пушкин «Балықшы мен балық» әдеби ертегісі (Ахмет Байтұрсыновтың аудармасы)
[right]Атырау қаласы, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Губайдуллина Бағдагүл Бақтығалиқызы
Абай и Пушкин - лирические голоса эпохи мастер - класс
Абай и Пушкин - лирические голоса эпохи мастер - класс
Подготовила: учитель русского языка и литературы СОШ им. А. Тихоненко Назарова А.Е.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×