Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұл кімдер

17 қаңтар 2013, Бейсенбі
Тараз қаласы,
А. С. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Инкарбаева Жанар Ержанқызы

Бұл кімдер?
Алып жатқан жан-жақты,
Үйлерді кім тұрғызды?
Жарқыратып кім жақты,
Жердегі көп жұлдызды?
Балалар, не білдіңдер,
Білгенің айт, бұл кімдер?

Шекарада сақ тұрып,
Көз ілмей кім шығады?
Ерте өріске ат мініп,
Қой жайып кім шығады?
Балалар, не білдіңдер,
Білгенің айт, бұл кімдер

Тақырыбы: Бұл кімдер?
Мақсаты: а) мамандықтардың қызметі туралы түсінік беру, етістіктің шақтарын ажырата білуге дағдыландыру;
ә) түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;
б) оқушыларды достыққа, ұлтжандылыққа, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: топтастыру әдісі, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздік, ойын.
Көрнекілігі: мамандық суреттері, қоржын, асықтар, топтастыру парағы, семантикалық карта, салыстыру, жұмбақтар, өлеңдер
Күтілетін нәтиже: мамандықтар қызметі туралы мәлімет алу, етістіктің шақтарын ажырата білу

Сабақтың барысы:
І) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
ІІ) Топтастыру: мамандықтар
Кестені толтыру үшін жұмбақтарды шешеміз.

1) Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)

2) Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін? (Тігінші)

3) Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)

4) Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

5) Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды.
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды. (Етікші)

6) Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (Ұстаз)

7) Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы. (Мұғалім)

8) Адамның жүзін,
Басы мен көзін
Айнытпай салатын
Салатын кім суретін? (Суретші)

ІІІ) Сөздікпен жұмыс:
Көз ілмей – не смыкая глаз
Бұл жайлы – об этом
Айдын – водное пространство
Шарлау - объездить
Шекара – граница
Шыдау - терпеть
Ғарыш – космос
Мұхит – океан

ІV) «Бұл кімдер» өлеңін тізбектеп оқып шығу( оқулықта берілген 101 бет). Етістік шақтарына тоқталу, табу.
Бұл кімдер?
Алып жатқан жан - жақты, Шекарада сақ тұрып,
Үйлерді кім тұрғызды? Көз ілмей кім шығады?
Жарқыратып кім жақты, Ерте өріске ат мініп,
Жердегі көп жұлдызды? Қой жайып кім шығады?
Балалар, не білдіңдер, Балалар, не білдіңдер,
Білгенің айт, бұл кімдер? Білгенің айт, бұл кімдер?

V) Салыстыру "етістіктің шақтары"
VІ) Деңгейлік тапсырма №1
1 - топ. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазып етістіктің шағын табады.
2 - топ. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазып, етістікті үш шақта жазады.
3 - топ. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазып, етістікті жіктейді.

VІІ) Семантикалық картамен жұмыс
Күту етістігін үш жақта жікте.
Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Мен
Сен
Сіз
Ол
VІІІ) «Сиқырлы қоржын» ойыны.
Асықтардың белгіленген саны бойынша сұрақтарға жауап беру.

№ 1 сұрақ
1. Кім нан пісіреді?
2. Етістік дегеніміз не? Етістіктің неше шағы бар?

№ 2 сұрақ
1. Кім бала оқытады?
2. Осы шақ қалай жасалады?

№ 3 сыйлық
№ 4 сұрақ
1. Кім сурет салады?
2. Келер шақ қалай жасалады?
№ 5 музыкалық сәлемдеме
№ 6 сұрақ
1. Кім үй соғады?
2. Өткен шақ қалай жасалады?

ІХ) Шығармашылық тапсырма.
Алдын-ала берілген тапсырма бойынша, мамандықтар туралы өлең жолдарын көрініс ретінде дайындап, оқу. Мысалы:
Мұғалім
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.
Ұстаздықты үлгі етіп
Мұғалім болғым келеді.

Аспаз
Бір тамақты пісіріп,
Бір тамақты түсіріп
Апам ылғи жүреді,
Жадырайды, күледі.
Он жетіге толғанда
Мен де аспаз боламын.

Өрт сөндіруші
Сеніңіздер сөзіме
Қызыл жалын от деген
Өрт сөндіргіш өзіме
Мойын ұсынбай кетпеген.

Ұшқыш
Көкті шарлап, түн қатып
Ұшқыш болу – бір бақыт.
Жолаушылар тасимын
Ұшақпенен зырлатып.

Зергер
Білесің бе бұл істі –
Зергерлікке кім дайын?
Балқытып ап күмісті
Сапырады судайын.

Х) Үйге тапсырма

101 бет, 2 - тапсырма.
ХІ) Бағалау
Аты жөні Баға Жұмбақ Өлең оқу Деңгейлік тапсырма Семантикалық картамен жұмыс Сиқырлы қоржын Шығармашылық тапсырма Қорытынды
4 863
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау, еске түсіру;
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Есімдіктің түрленуі
Есімдіктің түрленуі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахмет Нұрхат Бижанұлы
е-пошта – уақыт үнемдегіш
е-пошта – уақыт үнемдегіш
Тараз қаласы, А.С.Пушкин атындағы, №41 көпсалалы гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Инкарбаева Жанар Ержанқызы
Түліктің пайдасы. Етістік
Түліктің пайдасы. Етістік
Тараз қаласы, А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Инкарбаева Жанар Ержанқызы Түліктің пайдасы
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Тараз қаласы, А. С. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Инкарбаева Жанар Ержанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×