Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдістемелік - көмекші құрал. Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің тиімді тәсілдерін пайдалану

17 шілде 2019, Сәрсенбі
ӘДІСТЕМЕЛІК - КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің тиімді тәсілдерін пайдалану

«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп танылғаннан бері тіліміздің дұрыс оқытылуына көп көңіл бөлініп келеді. Қазақстан Республикасында тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді білуі қажет. Ал тілді үйренетін басты есік – мектеп. Бүгінгі таңда қазақ тілінің қоғамдық – әлеуметтік маңызы артып, қолданылу өрісі кеңейіп отырған жағдайда оқушылардың теориялық білімдері практикада қолдана білуі өте маңызды.

Оқытудағы ойынның маңызы
Мақсаты:
1. Әліпбиді дұрыс меңгерту;
2. Орфографияны дұрыс игеру;
3. Лексикалық, грамматикалық құрылымды меңгерту.
4. Ойын арқылы оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, білім - білік, икем - дағдыларын қалыптастыру.

1 - сынып оқушысы – балабақшадан келген бүлдіршін бала. Ол – әлі мектепке бейімделмеген ойын баласы. Сондықтан бастауыш мектептің бірінші сыныбында оқушының жас ерекшелігіне сай сабақты ойын түрінде өткізу, әсіресе, екінші тіл қазақ тілі сабақтарында жақсы нәтиже береді. Ойын арқылы баланың сана - сезімі, ақыл - ойы өседі.

«Киімге не керек?» ойынының мақсаты – қажетті заттардың атауын дұрыс атап, сөзді орынды білуге жаттықтыру.
Мысалы, бастауыш «Мұғалім» десе, оқушылар мұғалімге керекті заттарды атауы керек. «Аталатын дыбыстан басталатын сөз ойла» ойыны балаларды тез ойлауға жаттықтырады. Мысалы, «Мұғалім» а дыбысынан басталатын сөз ойла деп, допты кез - келген оқушыларға лақтырады, ол «а» дыбыстан сөзді айтып, допты мұғалімге қайта лақтырады. Ойын осылай жалғала береді.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды өткеннен соң «Бір әріпке бес жауап» ойынын ұсынуға болады. Бұл ойын баланың қисынды ойлау қабілетін, тездікке, шапшаңдыққа баулиды. Мысалы, «ә» дыбысына:
1. Қыздың аты –
2. Ұлдың аты –
3. Оқулықтың атауы –
4. Үй құсы –
5. Әкемнің шешесі –
Ү дыбысына:
1. Баланың аты –
2. Түн құсы
3. Сан атауы –
4. Кішкентай үй –
5. Үй құсы
Ө дыбысына:
1. Баланың аты –
2. Жемістің аты –
3. Ағатын су –
4. Жәндіктің аты –
5. Үй жануарының аты –
Оқушылардың дыбыс пен әріп туралы түсінігін кеңейту мақсатында «Менің әрпім» ойынын жүргізуге болады. Ережесі: оқушыға таңдап алған дыбысына байланысты сұрақ қойып, сол әріптен басталатын сөздерді айтқызу.
Жүру тәртібі: дұрыс жауап бергенде оқушылар қол соғады. Қателессе ойыннан шығады. Мысалы, Әсел деген бала өзіне «А» әріпін таңдап алады.
- Атың кім?
- Асыл
- Фамилияң кім?
- Алдияров
- Қайдан келдің?
- Алматыдан
- Немен келдің?
- Автобуспен
- Онда не өседі??
- Алма, алмұрт
- Сені кім қарсы алды?
- Айдана
- Хайуанаттар паркінен қандай аң көрдің?
- Аю, арыстан.
Осы ізбен т. б сұрақтар қоюға болады. Егер бала қателессе оған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтел айтқызуға болады.
Бастауыш сыныптарда сергіту сәтін де ойынға айналдырып өткізуге болады. Балаларды сабақта жалықтырып алмас үшін, сабақ ортасында қозғалыстар жасап, орындарынан тұрғызып, әр түрлі қимылдар жасау балаларға өте ұнайды. Мына төмендегі сергітулерді алсақ.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып, ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді алайық.

* * * * * * *
Бір, екі, үш деп,
Орнымыздан тұрамыз.
Аққу болып ұшамыз.
Төрт, бес, алты, жеті, сегіз деп,
Қайта келіп қонамыз.

Сабақта түрлі кестелерді пайдалануға болады, кестелер арқылы «Кім жылдам?» деген ойынды жүргізуге болады. Оқушылар атау, ілік, барыс, табыс, т. б септіктер қандай сұраққа жауап беретіндігін, оның жалғауларын естеріне сақтап, мысалдармен түсіндіріп береді.
«Буын» тақырыбына ойын былай өткізіледі: «Ойлан, тап!».
1. Бір буынды тұйық буынға мысал келтір (ат, ет, ант, өрт)
2. «та» буынына аяқталған екі буынды сөз ойла (баста, аяқта)
3. «Т» әрпінен басталып, «т» әрпіне аяқталатын бір буынды бітеу буынға мысал келтір. (төрт, тарт)
4. «Б» әрпінен басталатын екі буынды құс аты және аң аты (бұлбұл, бұғы)
«Сөзжұмбақ» ойыны. Ойын басқарушы сөзжұмбақты бір - бірден айтып тұрады немесе оны белгілі кәртішкелерге жазып, үлестіріп, жауабын тыңдауға болады.
1. Қ - дан басталса, айлакер сөзінің синонимі, С - дан басталса, адам өміріне қажетті нәрсе. Жауабы: (қу, су)
2. Қ - дан басталса, жыл мезгілі, М - дан басталса, қазба байлықтарының бірі. Ол қандай сөздер? Жауабы: қыс, мыс
3. Ж - дан басталса, жыл мезгілі, Қ - дан басталса ол да құс белгілі. Ол қандай сөздер? Жауабы: (жаз, қаз)
4. Қ - дан басталса, жыл мезгілі, Ж - дан басталса, ру аты. Ол қандай сөздер? Жауабы: күз, жүз.
Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Кейде үлгере алмайтын оқушылар да кездеседі.
Сондықтан барлық оқушыны білімге жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой - ұшқырлы білімге жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой - ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау және еркін шығармашылыққа жетелейтін осы пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі – грамматикалық ойынның түрлері.
Дамыта оқу жүйесінде грамматикалық ойындарының атқаратын маңызы зор. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Ойын сабақтарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Сабақта грамматикалық ойын түрлерін, әсіресе, тіл сабағын меңгерту мақсатында жиі пайдалануға болады. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдетіп, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінен фонетика, лексика, морфология салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әр түрлі әдіс - тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойыны
1. «А» әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар. Мысалы: Астана, Ақтау, Ақтөбе... (ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінін сұрау)
2. Тек қана а (е, ы, і) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы, шағала, алақан, тамаша.
Ы – ыдыс, ыдырыс, ыстық...
І – кірпі, ірімшік, тіршілік...
Е – кесе, еден, ертең...
«Адасқан әріптер» ойыны. Төмендегі әріптерден сөз құраңдар.
Қ, а, с, б, а (сабақ)
І, м, б, л, і (білім)
Р, ы, ң, а, ш, а, қ (шаңырақ)
Р, і, п, ә (әріп)
Р, е, ш, а, к, ы, ғ, р (ғарышкер)
Лексика саласы бойынша «Кім тапқыр?» ойыны.
Ішінде антоним сөздері бар мақал - мәтелдер тауып жазыңдар.
1. Үйдің... -... қыс түскенде білерсің (ыстық - суығын),
Кімнің... -... іс түскенде білерсің (дос - қас)
2. Ашу -..., ақыл -... (дұшпан, дос).
3. Ақылдан жақын... жоқ (дос)
Ашудан жаман... жоқ. (жау)

Морфология саласы бойынша «Кім тез тауып оқи алады?» ойыны
Төмендегі сөйлемде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
1. Ғарышқа, ретінде, экипажының, ұшты, Тоқтар Әубәкіров «Кеңес - Австрия» ғарышкер - зерттеушісі
2. Еш уақытта, кеспейді, орманды, Кореяда.
3. Адамның өзінен басталады, алдымен, экология.

Сонымен, қорыта келгенде, қазақ тілі сабағында ойын элементтерін қолдану өте тиімді. Мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жүзгізетін мұғалімдердің басты мақсаты – өз тілінде еркін сөйлеуін, түсінуін қамтамасыз ету болса, сабақ қызықты өту үшін ойын түрлерін пайдалану тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Г. К. Хамзина, бастауыш сынып мұғалімі
«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Әдістемелік - көмекші құрал. Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің тиімді тәсілдерін пайдалану. жүктеу
2 200
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыру
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыру
Ойын дегеніміз – жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.
Қазақ тілін қазақ топтарында оқытудың ерекшеліктері мен тиімді әдістері
Қазақ тілін қазақ топтарында оқытудың ерекшеліктері мен тиімді әдістері
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету деген мәселе барша жұртқа түсінікті және қазақ тілін оқытудың мақсат - мүддесін айқындайды. Қазақстанда тұратын кез келген азаматқа қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету болашағымыздың сенімді кепілі
Қазақ тілі пәні бойынша орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ойын түрлерінің жинағы
Қазақ тілі пәні бойынша орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ойын түрлерінің жинағы
Қазақ тілі пәні бойынша орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ойын түрлерінің жинағы
6-қазақ сыныбына арналған тоқсандық бақылау тесттері
6-қазақ сыныбына арналған тоқсандық бақылау тесттері
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі
Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі
Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Хасенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×