Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көмекші етістік

11 ақпан 2012, Сенбі
Сыныбы: 6 - сынып
Сабақ тақырыбы: Көмекші етістіктер
Сабақ мақсаты:
Білімділік: негізгі, көмекші етістіктер туралы алған білімдерін пысықтау, етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету
Дамытушылық: сөйлем құрау, етістіктерге тұлғалық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету
Тәрбиелік: мысалдарды талдау арқылы ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу
сабақ түрі: топтық, ұжымдық жұмыс
Сабақ әдісі: Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту әдісі
Сабақ тәсілі: сұрақ - жауап, жаттығу, іздену
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақтадағы слайдты кестелер, перфокарталар

Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сынып дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Көмекші сөздер нешеге бөлінеді?
2. Көмекші есім дегеніміз не?
3. Көмекші есімдерді ата.
4. Көркем шығармадан жазып келген мысалдарын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Етістіктер сөйлемде атқаратын қызметі мен мағынасы қарай екіге бөлінеді.
Негізгі етістік дегеніміз – жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын толық мағыналы етістіктер.

Мысалы: Оқушылар бүгін Алматыға жүріп кетті (жүру мағынасы). Олар биік тауға шықты(шығу мағынасы).
Көмекші етістік - толық мағынасы жоқ, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қана қолданылатын етістіктер.

Мысалы: Ол мәселені кеше айтқан екен. Ол бүгін келген еді. Қонақтар жатып қалыпты
Қазақ тілінде етістіктердің біразы әрі негізгі, әрі көмекші етістік мәнінде қатар жұмсала береді.
Мысалы: Нартжан осыны айтып, бір түрлі мұңайып қалды.
Тарелкада екі алма, бір алмұрт қалды.
Қазақ тілінде тек төрт етістік қана көмекші етістік мәнінде қолданылады.
Бұлар лексикалық мағынасынан толық айырылып қалған етістіктер. Бұлар негізгі етістік болып жұмсалмайды, жұмсалса да өте сирек қолданылады.
Көмекші етістіктер: е, де, жазда, ет
Мысалы: Асан қуанып, жұмыртқаны алайын деп еді
Билер дауды шешуге сөз бастаған екен.

ІV. Жаттығу кезеңі
Алгоритмдік саты

1 - тапсырма
Көп нүктенің орнына етістіктердің тиістісін қойып жазып, етістік түрлеріне ажырат.
... сөйлесең де,... сөйле.
... егін,... тегін.
Ұлық..., кішік...
Көп..., жоқ....
Керекті сөздер: болсаң, бол, жабылса, табылады, ексең, ішерсің, ойнап, ойлап.

2 - тапсырма
Негізгі етістіктерді бір бөлек, көмекші етістіктерді бір бөлек топта.
Айт, жаздады, киінген, емес, көріп, деген, жайылды, екен, сөйлемеу, етіп, ой - лан, едім
3 - тапсырма
Мына етістіктердің қай сөйлемде негізгі, қай сөйлемде көмекші қызмет атқарып тұрғанын айқында.
Машина ұзай берді. Допты алып, балаларға берді.
Мен балаларды көргім келді. Бектұр бір басып, екі басып қасына келді.
Айтжан қапелімде не дерін білмей қалды. Балаларға ілеспей, үйде қалды.
Эвристикалық саты
1 - тапсырма
Етістерді қатыстырып, күрделі етістік жаса
ет, бер, сал, жаз
2 - тапсырма
Сөйлемнен етістіктерді тауып, тұлғалық талдау жаса.
Түсте қапырық шатырдың іші ысып кетті.
Қалайы кружканың қара шайын қанша ішкенімен шөлі қанбайды.
Құрбан ақсақал келгелі картаның беті шүпірлеген жазуға толып кетті.

3 - тапсырма
Өздерің білетін өлең я әңгімеден үзінді жазып, құрамындағы етістіктерге талдау жаса.
Шығармашылық саты
1. Көмекші етістіктерді қатыстыра отырып, суретке қарап мәтін құра.

2. Төмендегі етістіктерді пайдаланып, бір шумақ өлең құра.
………………….. үндес едің,
………………….. тілдесемін.
…………………………………….,
……………….. білмес едім.

V. Бекіту:
Венн диаграммасы бойынша көмекші есім мен көмекші етістікті салыстыру
Негізгі етістіктің қызметі қандай?
VІ. Үйге тапсырма: Ереже жаттау
VIІ. Бағалау. Оқушыларға берілген жетон бойынша бағалау.
31 172
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты және салт етістіктерін ұлттық ойындар арқылы дәстүрлі бағалай білуге, халқын салтын сүюге шақыру. Оның ойлы, мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Етістіктің шақтары туралы түсінік Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады. Соған сәйкес етістіктің шақтары да үш түрге бөлінеді.
Present Simple (осы шақ)
Present Simple (осы шақ)
Present Simple – аты айтып тұрғандай іс – әрекеттің дәл қазір болып жатқандығын білдіреді. Осы шақтың көмекші етістігі do/ does
Салт және сабақты етістік
Салт және сабақты етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Назарымбетова Айгул Сейдуллақызы
Болымды етістіктер және болымсыз етістіктер
Болымды етістіктер және болымсыз етістіктер
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
Атауыш, көмекші және одағай сөздер
Атауыш, көмекші және одағай сөздер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×