Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Т. Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» әңгімесін талдау сабағы

28 шілде 2019, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Т. Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» әңгімесін талдау сабағы

Сабақтың мақсаты: «Ғажайып планета» әңгімесінің тақырыбын, идеялық - көркемдік мазмұнын ашу, жазушының тіл шеберлігін таныту.
Сабақтың міндеттері:
1. өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу;
2. «Ғажайып планета» әңгімесінің тақырыбын, идеялық - көркемдік мазмұнын ашу, жан-жақты талдау;
3. оқушылардың іскерлік, өз бетімен жұмыс дағдысын жетілдіру, еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге бағыттау, ойлау қабілетін дамыта отырып шығармашылыққа баулу, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ақпарат мүмкіндіктерін қолдана алуға үйрету. Сабақтың түрі: Жинақтау, пысықтау және бекіту сабағы.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сөздік, интерактивті әдістер, кітаппен жұмыс, проблемалық сұрақтар, шығармашылық ізденіс, әңгімелесу.
Көрнекілік: фотосуреттер, мультимедиялық құралдар, түрлі түсті қарандаш, қайшы, қағаз, желім, сіренке, скочь т. б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері, география, технология.

Пайдаланған әдебиеттер:
1) 6 сынып оқулығы;
2) Методикалық құрал;
3) Т. Сұлтанбеков «Шахмат»;
4) Қазақ тілі мен әдебиет журналы;
5) Түсіндірмелі сөздік;
6) Энциклопедия.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.

- Сәлеметсіздер ме құрметті балалар! Бүгінгі біздің сабақта қонақтар отыр. Сондықтан да балалар, біз өзімізді қандай тәрбиелі, әдепті екенімізді көрсете білейік.

ә) Психологиялық сәт. "Өнер алды - қызыл тіл" Анаңдай оны құрметте!

Қапсымай, талмай үйрен, біл, Асылын сөздің өрнекте. Ана тіл - асыл қазына, Байлығың - білсең ол сенің. Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің, - дей отырып сөз өнерін, асылын, тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты Т. Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» әңгімесіндегі көркемдік мазмұнын ашу, жазушының тіл шеберлігін таныту.

Бұл әңгімеге кіріспес бұрын Т. Сұлтанбеков кім екенің қайталап өтейік.

«Ой қозғау».
Талап Сұлтанбековтың өмірі мен шығармашылығы жайлы кестені толықтыр:

Мұғалім: - Өте жақсы балалар! Талап Сұлтанбековтың өміріне қысқаша шолып, қайталап өттік.

ІІІ. Жаңа сабақ. Т. Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» әңгімесін талдау сабағы.

«Қызығушылықты ояту».
Мұғалім: - Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар ма?

- Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?
- Фантастика дегеніміз не?

Фантастика - әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірлеп бейнелейтін жанры. Қазақ әдебиетінде фантастика халық қиялынан тұрған хайуанаттар жайлы қиял - ғажайып, тұрмыс - салт ертегілерінен бастау алады. Мысалы: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебайда», «Қырық өтірік» фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі.

- Фантастика жазатын адамдарды қалай атаймыз?

Фантаст – шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.

- Фантастика жазушыларды білеміз бе?
Талап Сұлтанбеков, Шоқан Әлімбаев, Абдул - Хамит Мархабаев.

«Ойға шақыру». (мағынаны ашу, мазмұндау)

Рейтингілік жоспар жүйесін тізбелеу.
1. Кеме командирінің биологке шүйілуі.
2. Экипаждың бөгде ғаламшар тұтқыны болуы.
3. Жасанды адам физиомеханикалық «Кибердің» әзілі.
4. Экипажға төнген қауіп.
5. Ең жақын жұлдыз шоғырына бұрылу жөніндегі ұйғарым.
6. Орталық ғарыш стансасы бұйрығының сөзсіз орындалуы керектігі.
7. Орбитаға қаптаған ұсақ денелер.
8. Биолог Тұрановтың қуанышы.
9. Космос балықтарын қызықтау.
10. Турановқа әсер еткен белгісіз күш.
11. Кибердің кемені қондыруы.
12. Бөгде планетадағы тіршілік.
13. Ғалым Тұрановтың зерттеулері жайлы.
14. Сыртқы экспедицияға шығуға дайындық.
15. Бөрене тектес жанды торпедолардың көбеюі.
16. Автомобильдің үлкен жарға келіп тірелуі.
17. Өзен үстіндегі жәндіктер.
18. Кибердің аккумулятор қуатын ауыстыруы.
19. Кибердің денесінің тоққа қайта қосылуы.
20. Белгісіз күштің Турановты ұйықтауға мәжбүр етуі.
21. Экипаж мүшелерінің өз планеталарына қайтуға жиналуы.
22. Кеме экипажының зерттеу жұмыстары туралы әңгімелесуі.

«Ойға шақыру».

- Балалар ғаламшар дегеніміз не? Күнді айнала қозғалатын аспан денесі.
- Күн жүйесінде бізге белгілі қанша ғаламшар бар?

9 ғаламшар бар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. - «Байқоңыр - 12» ғарыш кемесі басқа ғаламшарға қалай тап болды?

- Байқоңыр туралы сіздер не білесіңдер?

Байқоңыр - ғарыш алаңы. Ол Қазақстан жерінде орналасқан. Одан тұңғыш ғарыш зымыраны сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихындағы тұңғыш рет Ю. А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа атанды.

1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т - 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. А. Мұсабаев ғарышта екі рет болды.

- Балалар, сіздерге мен алдын - ала тапсырма бергем. Ғарышкерлер туралы мәлімет іздеп, дәптерге жазып келу.

Дәптермен жұмыс. Еркін жауап. (3 минут)

Сабағымызды жалғастыра отырып, проблемалық сипаттағы талдау сұрақтарына еркін жауап берсек.

1) Экипаж құрамындағы жасанды адамның аты кім? (физиомеханикалық «Кибер»)
2) Ғарыш кемесі неліктен басқа ғаламшарға қонуға мәжбүр болды?

3) Экипаж мүшелері анабиоздық ұйқыға кеткенде жұмысты автоғарышкер атқарады екен, сендер оны қалай елестете аласыңдар?

4) Электрондық ми ғарыш кемесіне төнген қауіп - қатерді қандай белгімен берді? (дауыстап айты)

5) Жанды метеориттер жауыны нелерден тұрады екен? (ұсақ денелер, шыбын - шіркей тәрізді)

6) Жасанды «Кибер» кемені қалай құтқарды? (электрондық миды қосты)
7) Бөгде ғаламшар неге тірі жәндіктерден ғана құралған?
8) Ғарыш кемесінің терең ұйқыға кету себебі не?

Оқулықпен жұмыс.

Мұғалім: - Балалар, жер бетіндегі өсімдік топырақта өсіп - өніп, олар алуан формада табиғаттың, ауа райының ыңғайына қарай икемделіп өседі, ал ғаламшарда олардың қалай өсетінін мәтінен тауып оқып беріндер. (бет)

Ғажайып планета әңгімесін талдау. жүктеу
21 781
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып планета
Ғажайып планета
- Алғаш ғарышқа ұшқан кім? - Тоқтар Әубәкіров қай жылы ұшты?
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Б. Майлин «Түйебай»
Б. Майлин «Түйебай»
Әңгіме мазмұнын оқи отырып, салыстыра талдау арқылы өзіндік анализ жасай білуге, кейіпкер бейнесін ашуға мүмкіндік алады
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзіне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, құрылымдық және көркемдік ерекшелігін танытып, күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×