Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім шығармаларындағы рухани - адамгершілік құндылықтар

26 қыркүйек 2019, Бейсенбі
Шәкәрім шығармаларындағы рухани - адамгершілік құндылықтар
Қазақ әдебиеттану ғылымының ұзақ жылдар бойындағы тынымсыз талпыныстарының нәтижесінде «коммунистік идеология» атты «қара теңіздің» қыспақты құрсауынан босап, әділеттіктің ақ айдынына шыққан, ақиқатын айғақтаған асыл қазыналардың бірі он тоғызыншы ғасырдың соңғы ширегі мен жиырмасыншы ғасырдың басында қалам тербеген талант иесі, суреткер жазушы, көрнекті ақын - Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Шәкәрім өзінің көркемдік ой танымын арғы - бергідегі әдеби дәстүрлермен сабақтастырып, кешегіні бүгінгімен және ертеңгімен жалғастырып өткен талантты перзент.
Шәкәрім талантының түп негізінде сан алуан сарқылмас қайнар бастаулар жатыр. Ойшыл суреткер сол бастаулардың кәусардай таза, кіршіксіз мөлдір шырынын тауып, талғаммен талғай отырып табиғатына дарытты, асылдың шипасын ақындық жүрегіне сіңірді.
Шығыстың классикалық поэзиясының жауһарлары, одан беріректегі халық поэзиясы, жыраулар жырлары, ұлы Абайдың әдеби дәстүрі, өзі өмір сүрген дәуірдегі түрлі үрдістер, бәрі - бәрі Шәкәрім үшін өнегесі өлшеусіз тағылымды мектеп болды.
Халқының мұңын жырлап, адам бойындағы игі қасиеттерді қастерлеп, өлеңдерінің өзегі ету - Шәкәрім шығармашылығының басты мұраты. Ақын айналасындағы барлық нәрсеге терең бойлап, жамандығынан жирене біліп, жақсылыққа ұмтыла білді.
Туған халқының мәдениеті, азат ел болып, еркін еңбек етіп, бейбіт өмір сүруін армандады. Сол үшін жан сала күресті, сол мақсаттан жазушылық арнасын тапты. Шәкәрім терең ойға құрылған, күмістей жарқын жырлар жазуды мақсат тұтқан. Өлең сөздері мыс араласпаған таза күмістей, тереңнен толғап, жүрек сырын шертерліктей болуын, ұйқасы жатық болуын көздейді. Кейде ол Абай шығарған өлең өлшемдерін, шумақ түрін, ұйқастарын қолданып жырлады. Қырық жасқа дейін Шәкәрім ел жұмысымен айналысып дала, қара жайларын өз көзімен көріп, ондағы әр түрлі тартыстар, қайшылықтар сырына үңіледі. Бөтен жұрт өмірін, мәдениетін білуге, ғылым жетістіктерін тануға талап қылады. Білім мен мәдениет, өнер салаларының жетістіктеріне назар аударады. Қазақ қоғамындағы үстемдер өктемдігіне, надандық кесапаттарына, қулық – сұмдықтарға қарсы шығады. Әділдік, адамгершілік, мәдениет, оқу – білім ұрандарын жырлайды. Айтып, уағыздап қана қоймай шамасы келгенінше, өзінің ізгі ойларын іске асырып та жүреді, Халықты жақсылыққа үндеп, ар – ұят сақтауға, жоқ – жітікке қарасып, қайырымдылық жасауға тырысады.
Шәкәрімнің шығармашылық мұрасының өне бойынан айрықша бір табиғи тұтастық аңғарылады. Шәкәрім әрбір қырының өзі халқына мәңгілік мұра болып қалуға жарайтын алуан қырлы, жан - жақты таланттың тізгінін берік ұстаған суреткер.
Әдеби туындының көркемдік әлемі қаламгердің ой - қиялы және дүниетанымы мен сөз саптасына келіп тіреледі десек, қазақ өлеңінің кеңістігінде Абайдан соңғы ойлы өлеңнің өрнегін салған суреткер – Шәкәрім шығармашылығының поэтикалық жүйесіндегі өзіне тән ерекшеліктерді былайша сипаттауға болады:
Біріншіден, ақын өлеңге өнер ретінде қарап, оны өрелі ой айтудың құралына айналдырған. Сондықтан да өлең жолдарында философиялық таным мен поэзиялық көркемдіктің тұтастықта жарасым тауып, нәтижесінде қазақ поэзиясында жаңа мазмұндағы өлеңдік өрнектер мен келісті суреттеулер, тың түр мен мазмұн пайда болып ұлттың рухани әлемін жаңа бір сатыға көтерген.
Екіншіден, Шәкәрімнің лирикалық кейіпкерлерді сомдаудағы өзіндік қолтаңбасы шағын лирикалық өлеңдері мен көлемді туындыларында да сабақтастық тауып, ой мен сөздің мән мағынасын, әсерін арттыра түсетін: «шын нұр», «шын асық», «таза ой», «от жүрек», «тәтті тіл», «таза жан» т. б. көптеген эпитеттік қолданыстарды түрлендіре қолдануы ұлттық поэзиямыздағы көркемдік құралдарды тыңнан түлетіп қана қоймай, ақынның қаламгерлік қолтаңбасын айқындайтын айрықша белгіге айналған. Тек бейнелілік қана емес оның терең мазмұнымен өрілген өзгеше бітімі руханиятымыздағы жаңа бір көркемдік дүниені қалыптастырды.
Шәкәрім шығармаларындағы рухани - адамгершілік құндылықтар. жүктеу​​​
12 090
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір ел - бір кітап аясында Рухани тұлға – Шәкәрім атты оқырмандар конференциясы
Бір ел - бір кітап аясында Рухани тұлға – Шәкәрім атты оқырмандар конференциясы
Адамдық борышың - Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта оны біл. Талаптан да, білім мен өнер үйренген, Білімсіз, Өнерсіз Болады ақыл тұл.
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері. Ақынның өмірі мен шығармаларының мазмұны мен мағынасына талдау, әдеби - көркемдік ерекшеліктерін меңгерту, үзінділер жаттау, мазмұнын түсіндіру.
Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы»
Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы»
Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы» Ақын шығармаларының тақырыптары мен идеясын ашу, құрылысына, тілдік ерекшелігіне талдау жүргізу, ой түйіндеу.
Жаз келер
Жаз келер
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді оқыту арқылы жаз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту, өлеңнің негізгі ойын ашу.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Атырау қаласы, Геолог селосы, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хисамеденова Айсұлу Сайлаубайқызы
Шәкәрім атаға
Шәкәрім атаға
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектептің 3-сынып оқушысы Өтепова Аяулым Ерланқызы Жетекшісі: Қайруллаева Айгүл Әділбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×