Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елдің тұғыры биік

01 ақпан 2022, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елдің тұғыры биік.
Сабақтың мақсаты: 1. Тыңдаушылардың сөздік қорларын, ой толғау қабілеттерін дамыту үшін берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырып бойынша мәліметтер алуына ықпал ету.
2. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Жоғарыда аталған қасиеттермен қатар таза сөйлеу, тыңдалған, оқылған материалдардан қорытынды шығара білу, ой түйіндеуге дағдыландыру.
3. Ана тілінде тек сабақта ғана сөйлеумен шектелмей, күнделікті өмірде, тұрмыста, қызметтерінде сөйлеуге насихаттау. Отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Жаңа сабақ
Жүргізуші: Құрметті тыңдаушылар, қонақтар, әріптестер! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 30 жыл болды. Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын дей отырып «Тәуелсіз елдің тұғыры биік» атты іс - шарамызды бастаймыз.
Оқытушы: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
  Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
  Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады. (Әнұран)
  (Слайд)

Мультимедиялық тақтадан Президент қалай сайланғаны және Тәуелсіздігімізді қалай алғанымыз туралы бейнежазба көрсетіледі.
Бүгінгі сабақта қарастырылатын кезеңдер:
  • Тіл мәртебесі - ел мәртебесі
  • Тәуелсіздіктің жетістігі
  • Арман қала
  • Елбасы ел тірегі
Бірінші кезең бойынша. Сұрақтарға жауап беріңіздер
  • Қазақ тілі қандай топқа жатады? (Түркі тілдес тілдер тобына)
  • Қазақ тілі мемлекеттік тілі мәртебесін қашан алды? Осыған орай, қандай мереке бар? (1989 жылы, 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі, қазіргі таңда 5 қыркүйекте тойлаймыз)
  • «Тіл туралы» Заңның нешінші бабында мемлекеттік тіл туралы нақты айтылған? (төртінші бабында нақты айтылған)
Еліміздің ата Заңының 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі” деп көрсетілген.
  • «Тілге құрмет – елге құрмет» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Тілді насихаттау бойынша біздің ауданда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Шарты: Мақал - мәтелдердің бір сыңары түсіп қалған, сол сыңарын табыңыздыр.
1. Білім кілті -... (тіл)
2. Айтылған сөз -... (атылған оқ)
3. Тілден артық... (қазына жоқ)
4. Ең ашы да тіл, ең... (тіл)
5. Піл көтермегенді... (тіл көтереді)
6. Тілге құрмет... (елге құрмет)
7. Өнер алды... (қызыл тіл)
8. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)
9. Тіл қылыштан... (өткір)
10. Басқа пәле... (тілден)
11. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)
12. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар)
Оқытушы: Құрметті тыңдаушылар! Тәуелсіз Қазақстан дегенде ең алдымен ойларыңызға не келеді?
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан деп айтарлықтай, еліміздің, өз жері, Елбасы, рәміздері, халқы, ұлттық теңгесі, тарихы, бас қаласы бар.
Қазақстан – республикам, мақтанышым,
Мен сенi жырлаймын мақтан үшiн.
Құдайым маған кұйттай ғана жүрек берген,
Лүпiлдеп сенi сүйiп, сақтау үшiн!
Екінші кезең: Тәуелсіздіктің жетістігі
Бұл бөлімнің шарты: Назарларыңызға бейнежазба ұсынылады. Әсіресе, маңызды даталарға мұқият болыңыздар, осы даталар бойынша тапсырмалар болады.
БЕЙНЕЖАЗБА. 30 ЖЫЛ (көрсетіледі)
«Тәуелсіздік» сөзімен байланысты атаулы даталар берілген. Осы атаулы даталарды қандай оқиғалармен байланыстырасыз?
1993 жыл
15 қараша
1998 жыл
6 мамыр
1991 жыл
1 желтоқсан
1989 жыл
11 шілде
1992 жыл
4 маусым
Тәуелсіздік
1995 жыл
30 тамыз
2017 жыл
10 маусым
1995 жыл
1 наурыз
Жауаптары.
1. 1998 жылы 11шілде Тіл туралы Заң қабылданды.
2. 1998 жылы бас қаламызға Астана аты берілді.
3. Қазақстанда ең алғашқы жалпыхалықтық президент сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда өтті.
4. 1992 ж. 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заң қабылданып, 4 маусым рәміздер күні деп аталды.
5. 1993 жыл 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.
6. Қазақстан халқы Ассамблеясы – 1995 жылы 1 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды.
7. 1995 жыл 30 - тамызда жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
8. 2017 жылдың 10 маусымымен 10 қыркүйегі аралығында Астана қаласында ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.
Тапсырма. Синонимдерін табыңыз.
Тәуелсіздік Елорда
Астана өте үлкен
Президент егемендік
Отан Елбасы
Кең байтақ туған жер
ат байрақ
ту сыйлау
ою пырақ
СЕРГІТУ СӘТІ «Ыстық орындық»
  • Келесі кезең. Арман қала
Оқытушы. Сіздердің назарларыңызға мәтіндер беріледі. Мәтінді оқып, қандай ғимарат екенін анықтауыңыз қажет.
1Қазақстанның нышаны, қазақ халқының қайта өрлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Бұл нысан үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын алған.
2Кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Бұл сауда және ойын - сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары бар.  Норман Фостердің қия­лынан шыққан сәулет ға­жайыбы Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архи­тек­ту­ра­лық жоба болып табылады.
3Бұл ғимарат үш қа­бат­тан тұрады. Ерлерге арналған 4 000 адамдық залы, халыққа қызмет көр­сету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық залы, осында қызмет ететін адамдардың бөлмелері бар. Сондай - ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сынды қосымша орындармен жабдықталған. Құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізілген.
4Бұл зәулім ғимарат 3 қабаттан тұрады. 3082 адамға жасалған Конгресс - зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс - орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан. Екінші қабатта қол өнер және этнографияархеология және антропология галереясы орналасқан. Атақты Алтын адам осында сақталған.
Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. 

5Бұл ғимарат Есілдің сол жағалауынада орналасқан. Жалпы көлемі 36 720 м². Ғимарат жер бетінде 5 жер астында 2 қабаттан тұрады. 1 - қабатының биіктігі 10 м., қалған қабаттары 5м. «Алтын залы», Шығыс залы, камин залы, сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы бар.
6Бұл нысанның биіктігі 62 м. Ғимараттың сыртқы беті ішкі бейнені көрсететін әйнек және тас плиталармен қапталған.
Сарай ішінде 1302 орынға арналған Опера залы, Атриум салтанат залы, «Бесік» конференция залы, көрме алаңдары, «Құланшы» галереясы, баспасөз орталығы, Астана қаласының этникалық мәдени орталықтары, Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы орналасқан. Ғимараттың геометриялық пішін атауымен танымал.

7Айтылғалы отырған сәулет өнерінің туындысы сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колон­на да орнатылған. Өзі осы ақ колоннаданың қақ орта­сында, граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызыл­ған. Оның төрт қырлы болған се­бебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық дегенді айғақтайды. Биіктігі 91 метр, бұл еліміз тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы Самұрық Қазақстанның тыныштығын күзетіп тұр. Ал ақ түс – қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етеді.
Оқытушы. «Біз тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы. «Менің арманым – Қазақстанның «Мәңгілік ел» болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ тәуелсіздік қалады».
Бұл кімнің нақыл сөзі деп ойлайсыздар? Әрине, біздің тұңғыш Президентіміздің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
  • Келесі кезеңіміз: Елбасы ел тірегі
Шарты: Бұл тұрақты сөз тіркестердің мағынасы қандай? деген сұраққа жауап береді және бірінші әріптерінен сөз шығады.
Е – Қолы қолына жұқпау (епті)
Л – Тең көрді (лайық)
Б – Жүрегінің түгі бар. (батыр)
А – Ақ жарқын (ашық көңіл)
С – Жер қозғалса да қозғалмау (сабырлы)
Ы – Құмартты, көруге зарықты (ынтық болу)
Оқытушы. Бірінші әріптерін оқыңыздар қандай сөз шықты? Дұрыс. Елбасы деген сөз шықты. Елбасының осындай мінезі бар. Әрине, Елбасы мен Тәуелсіздік бұл егіз ұғым. Осындай мақты Елбасы, Президентіміз бар болғанда, біз ештеңеден қорықпауымыз керек. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей біліп, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге әрдайым дайынбыз деймін.
Оқытушы. Міне, құрметті тіл үйренушілер біздің сабағымыз өз мәресіне жетті. Енді сіздерге осы салтанатты нотада. Бір ән шырқап жіберулеріңізді сұраймын.
«АТАМЕКЕН» әні орындалады.
Құрметті, тіл үйренушілер өздеріңіздің тілек, армандарың бар шығар, бізге бір лебіздеріңізді білдірсеңіздер.

Әзірлеген: Маширова Анар Қалымжанқызы –
Ақмола облысы, Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
1 384
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Егемен ел
Егемен ел
ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты еліміз туралы мәліметтерге шолу жасап, елеулі сұрақтарды есте сақтауына, тыңдаушылардың сөздік қорларын, ой толғау қабілеттерін дамыту үшін берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырып бойынша мәліметтер алуына
Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім
Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
Тәуелсіз Қазақстан – мәңгілік ел
Тәуелсіз Қазақстан – мәңгілік ел
Тәуелсіз Қазақстан деп айтарлықтай, еліміздің, өз жері, Елбасы, рәміздері, халқы, ұлттық теңгесі, тарихы, бас қаласы бар.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×