Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейбітшілік – баға жетпес байлығымыз

09 маусым 2022, Бейсенбі
Cабақтың тақырыбы: «Бейбітшілік – баға жетпес байлығымыз»
Сабақтың мақсаты: Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ете отырып, оларды құрметтеуге, патриотизмге, елжандылыққа, батылдыққа қасиеттерін, Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Бүгін ауа райы қандай болып тұр?
ІІ. Қарым - қатынас орнату:
Қызығушылығын ояту.
«Бейбіт күн тілегі» Сөзі: Ж. Нәжімеденовтікі, әні: Ш. Қалдаяқовтікі)
1 шумағы айтылады.
Ортаға сұрақ
Бұл әнді бұрын естідіңдер ме?
Ән жалпы не туралы?
"Әлемнің бар сәби балалары
Тұрсын тек ұйқысы қанған соң"
Осы сөзді сұрақ етіп тастау.
Пікір білдір, ой айт, сұрақ қой, талдау жаса
Өз ойларын айтады. Пікірлерін ортаға салады.
Жаңа сөздер:
Жеңіс – победа
Соғыс – война
Теңдесі жоқ – несравненный
Ерлік – подвиг
Атақ – звание
Халық – народ
Жыл сайын – каждый год
Белгілі – известный
Праздник – мереке
  • Әр сөздің мағынасы түсіндіріліп, аударылады.
  • Мұғалім орысша баламасын оқиды, тыңдаушылар қазақша баламасын табу керек;
  • Жаңа сөздер бойынша сөз тіркестерін немесе сөйлем құрау.
1 - тапсырма:
Видеоны мұқият тыңдайды, керекті мәліметті жазып алады.
Тыңдалым әрекеті бойынша сурет салу, қорғау.
Кейіпкерді тани алады, сөзіне мән береді.
2 - тапсырма:
Сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.
Тапсырманы өзара оқып, талқылайды. 
1 Жеңіс а ұмытпаймыз.
2 мәңгілік ә қорғайды
3 батыр б күні
4 жаудан в алау
5 батыр жауынгерлерді г жауынгерлер
Сергіту сәті: карточкамен
3 - тапсырма. Мәтінді оқыңыздар
1945 жылы мамырдың 9 - ында Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды. Сондықтан да халық 9 - мамырды жыл сайын мейрамдап келеді. 9 - мамыр – Қазақстан Республикасындағы белгілі мерекелердің бірі.
Қазақстандықтар соғысқы қатысып, ерлік көрсетті. Олар теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Тапсырмасы:
Антонимдік қатарды табыңыз: жеңіс - жеңіліс,
Омонимдік қатарды табыңыз: жылы.
Синонимдік қатарды табыңыз: соғыс – майдан.
Халық - ел, жұрт, қауым. Мереке - мейрам. Белгілі – атақты, танымал. Ерлік – жаужүрек, қаһарман.
4 - тапсырма:
Бейбітшілік сөзіне ассоциация
Отанымыз
Ұлттар достығы
Балалар болашағы
Ассоциация құрған соң, Бейбітшілік сөзі бойынша сурет салу.
«Ғажайып ағаш» рефлексиясы.
Сабақта алған әсерлерімен бөлісу.
Отанды сүю — от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық.
Ел іші — алтын бесік.
Отан — отбасынан басталады.
Отан оттан да ыстық.
Тапсырма 1
Осы тақырыпқа монолог (қазақ тілінде) құрып көру.
Тапсырма 2
4 топқа 1 мәтіннен үзінді беріледі.
1. Үзінді қандай көркем шығармадан алынған?
2. Шағын үзіндінің тақырыбын анықтаңыз.
3. Бас кейіпкерді 3 сөзді пайдалана отырып сипаттаңыз.
4. Ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып көріңіз.
Осы сұрақтың бірі кеудесіндегі таққан лентаның астына жапсырылады.

Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы  Махметова А.С. 
894
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы отан соғысын еске алудың өзі ауыр.
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Бейбітшілік – баға жетпес бағымыз
Бейбітшілік – баға жетпес бағымыз
Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру; 1941 - 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету
Тілегіміз бейбітшілік
Тілегіміз бейбітшілік
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлармен, олардың ерлігімен таныстыру. Олардың ерен ерліктеріне еліктеушілік сезімдерін туғызу. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Әр қашан күн сөнбесін!
Әр қашан күн сөнбесін!
Жалпы орта білім беретін «Мереке» мектеп – балабақшасы тәрбиешісі: Малаева А.С.
Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×