Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асыл сөз

22 қаңтар 2013, Сейсенбі
Тақырыбы: Асыл сөз /сыныптан тыс/

Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын
Сабақтың типі: білімді бекіту, жүйелеу
Сыныбы: 7 «а», 7 «ә»

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың интеллектуалдық ойын арқылы білімін бекіту, жүйелеу. Өз ойларын толық жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, суреттер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, сөзжұмбақ

Сабақтың өту жоспары:
І тур. «Білгенге маржан»
ІІ тур. «Әліппе»
ІІІ тур. «Құрастырма сурет»
IV тур. «Филолог және әдебиетші»
V тур. «Сөзжұмбақ»
VІ тур. «Қорытындылау, марапаттау»

Сабақтың өту барысы:
І тур. «Білгенге маржан»
6 кітап беріледі. Әрқайсысында сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. Мақал-мәтелді жалғастыр:
1. «Жылы - жылы сөйлесең,...» (жылан інінен шығады)
2. «Ақымақтың ақылы...» (түстен кейін кіреді)
3. «Ер жігіт елі үшін туады,...» (елі үшін өледі)
4. «Батыр майданда,...» (болат қайнауда шынығады)
5. «Өнерлі жігіт...» (өрге озар)
6. «Атадан ұл туса игі,...» (ата жолын қуса игі)

ІІ тур. «Әліппе» Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
І топ. Б-дан басталып, Қ әріпіне аяқталатын 5 сөз айту. /1 минут/
ІІ топ. А-дан басталып, Т әріпіне аяқталатын 5 сөз айту. /1 минут/

ІІІ тур. «Құрастырма сурет»
Оқушылар жасырылған суретті табу керек. /2 көмек беріледі/ Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Мәдениет үйі Күшікбай

IV тур. «Филолог және әдебиетші»
1) Екі топқа сөздерге дыбыстық талдау жасауға тапсырма беріледі.
Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
І топқа: «Егемен», «Елбасы»
ІІ топқа: «Тәуелсіз», «Отан»
2) Екі топ «Отаным тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында бір шумақ өлең шығару.

V тур. «Сөзжұмбақ»
Екі топқа жұмбақ жасырылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1) Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта
Теңселіп, тербеледі адам соқса.
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда үндемейді адам жоқта. /домбыра/

2) Тұмсығы мықты,
Ой мен қырды, тегістеп шықты. /үтік/

3) Бір бұлбұл отырады салып әнді,
Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.
Өнері қандай асқан деп ойладым,
Бір демде жер түбінен хабар алды. /радио/

4) Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер. /қол/

VІ тур. «Қорытындылау, марапаттау»
Жеңіске жеткен топты марапаттау. Сайысқа қатысқан оқушыларға алғыс айту.
6 656
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында
Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында
Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
«Зерде» интеллектуалды ойыны
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты,
Өнерлі өрге жүзер
Өнерлі өрге жүзер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тәжен мектеп - балабақша кешені. Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева Бақтыгүл
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Зерде (танымдық сайыс)
Зерде (танымдық сайыс)
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Айманова Жадра Жарасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×