Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қорқыт ата кітабы

23 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Иржанов Мұратбек Мирмаралұлы
Тәжірибе стансасы негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сыныбы: ІХ сынып
Тақырыбы: «Қорқыт ата кітабы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қорқыт ата туралы айта отырып, ол туралы аңыздардан мәлімет беру;
Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын айта білуге, сауатты мазмұндауға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, жамандық пен жақсылық шегін айыра білге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, талдау, салыстыру, іздендіру, анализдеу
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, аудио диск, Қорқыт ата портреті.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Күлтегін жырлары туралы әңгімелеу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру.
Тақтада Қорқыт портреті көрсетіледі
Ойларыңа ең бірінші қандай ой келеді?
Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт атаның кітабы туралы әңгімелесеміз.

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы.
Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру
Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген данагөй көріпкел, асқан күйші, бақсы, жыршы, ел басқарған көрнекті қайраткер. Қобыз аспабын алғаш ойлап тапқан, ұрпақтарға «Желмая», «Ұшардың ұлуы», «Әуппай», «Аққу», «Елім - ай!», «тарғыл тана» т. б. күйлерді қалдырған ұлы өнерпаз қобызшы, күй атасы.

«Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шыққан. Ол «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны береді.
Қорқыт туралы аңыз көп тараған. Бір аңызда: оның ерекше туу тарихы, анасының оны үш жыл көтергені, ұзақ толғатқаны, сәби дүниеге келер кезде аспанды қара бұлт басып, найзағай ойнағаны, нөсер жаңбырдың құйғаны, адамдардың бұл құбылыстан қатты қорқып, балаға Қорқыт деп ат қойғаны, бала туған кезде аспан шайдай ашылып, әлемге күн сәулесінің төгілгені, сәбидің бірден сөйлеп кеткендігі айтылады. Тағы бір аңызда Қорқыт желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүниенің төрт бұрышын түгел аралайды. Бірақ оның алдынан шыққан көк майса "қурап солдым" деп, аспанмен тілдескен асқар тау "бұрын сәулетті едік, мыжырайғыш біттік" - деп мұңаяды. Жапырағы сарғайған қара орман қайғымен басын шайқайды. Ол қайда барса да көр қазып жатқандарға кездеседі. Қорқыт өлімге қарсы ем іздеуге әрекеттенеді, бірақ ол еңбегінен де ештеңе шықпайды. Соңында "өлмейтін нәрсе жоқ екен" деген қорытынды жасап, өмірінің кейінгі кезін қобызда мәңгіліктің күйін тартумен өткізеді. Өлмеуді, мәңгі өмірді қобыз үнінен іздейді. Ол күйлерін толассыз тартып, дүниеден өтеді.

Қорқыт бабамыз асқан күйші ғана емес, қазақ музыкасының, ән - күй өнерінің атасы. Күйші қобызы бірде тағдырдың қайғы - мұңын шертіп, ботадай боздайды, бірде мәңгілік өмір мен сұлулық жырын төгіп, аққудай сызыла сұңқылдайды.
Қорқыт туындыларының әрқайсысының шығу тарихы туралы аңыздар бар.
"Ұшардың ұлуы". Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын "Ұшар" деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдеп - ғұрпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол үшті - күйлі жоқ болып шығады. "Ескі жұртта қалған шығар" - деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай - ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай - сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны көрген анасы да: Жалғызымнан айрылдым, Қанатымнан қайрылдым, Ұшар, Ұшар кә, кә... - деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен иесінің айрылған тазы – екеуі қос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттың осы оқиғаға байланысты тебіреніп шығарған күйі "Ұшардың ұлуы" деп аталады.

Сергіту сәті.
Күй «Ұшардың ұлуы»
Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалды. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар.
«Қорқыт ата кітабы» («Китаб - и дәдәм Коркут ғали лисан таифа оғузан») – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз - қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы.
«Қорқыт ата кітабын» тұңғыш зерттеуші – неміс ғалымы Н. Ф. Диц.
«Қорқыт ата кітабының» екі нұсқасы сақталған. Дрезден нұсқасы (12 жырдан тұрады) және Ватикан нұсқасы (6 жырдан тұрады).
ХІХ ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В. В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма «Деде Горгуд» (Баку, 1950), «Книга моего деда Коркута (М. – Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә. Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды.

«Қорқыт ата кітабын» Қазақстанда М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Рахманқұл Бердібаев, Х. Сүйіншәлиев, Н. Келімбетов, М. Жолдасбеков, Ш. Ыбраев т. б. еңбектерінде зерттелді.
Кітаптың 1300 жылдығы 1999жылы ЮНЕСКО тарапынан халықаралық деңгейде атап өтілді, «Қорқыт ата» энциклопедиялар жинағы жарыққа шықты.
Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады.

Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады:
1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр;
2. Қазансалар ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр;
3. Байыс - Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр;
4. Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр;
5. Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр;
6. Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр;
7. Қазылеке Қожаұлы Жүгенек туралы жыр;
8. Бисат қалай жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр;
9. Бегила баласы Әмрен туралы жыр;
10. Үйсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр;
11. Салар Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр;
12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса - Байрақ қалай мерт болғаны туралы жыр.
Кітап кейіпкерлеріне Бамса - Байрақ, Қара - Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан - Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай - ақ Аруз, Әмен, Әмран, Бекұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қанды, Қанық хан, Рүстемдер жатады. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырау. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи этникалық атауы да айқын.
Қорқыт туралы бірден - бір жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған... оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған».

Мағынаны ашу.
1. Ежелгі дұшпан дос болмас.
2. Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес,
Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес.
3. Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп - жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.
4. Мінген атың қиналмайынша жол алынбас,
Ер малын қимайынша аты шықпас.
5. Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас.
6. Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас.
Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес.
Оқулықпен жұмыс.

ІV. Білімді бекіту.
Блиц тест:
1. Қорқыт ата кім?
А) Хан, әмірші
В) Батыр, қолбасшы
С) Жырау, күйші
2. Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмашылығын көрсетіңдер:
А) Кейіпкерлері тарихта болған адамдар
В) Қиялдан туған адамдар
С) Еш айырмашылығы жоқ
3. Қорқыт өмір сүрген ғасыр
А) ІХ ғасыр
В) VІ
С) VІІІ
4. Қорқыттың күйі:
А)«Аққу»
В)«Адай»
С)«Сарыарқа»
5. «Қорқыт ата кітабы» қанша жырдан тұрады?
А) 9
В) 12
С) 14.

V. Қорытынды
Ән «Қорқыт»
VІ. Бағалау:
VІІ. Үйге берілетін тапсырма:
1. Қорқыт ата туралы аңыздар табу (реферат даярлау).
2. Қобыз туралы, қобызда тартылатын күйлер туралы қосымша деректер жинау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
42 922
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қорқыт ата
Қорқыт ата
Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын дамыту. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
«Қорқыт ата кітабының» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Аңыздар. Қорқыт
Аңыздар. Қорқыт
Ана тілі Тақырыбы: Аңыздар Қорқыт Мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиеті аңыз үлгілерімен таныстыру;
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
Атырау қаласы, Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанатаева Айымгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×