Жексенбі, 15 Желтоқсан 2024
  • 06
  • :
  • 39
  • :
  • 43
Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызық құс. Күшейтпелі шырай

07 ақпан 2013, Бейсенбі
6 - сынып
Өтілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Қызық құс. Күшейтпелі шырай.
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға қызық құс - кекілік туралы білім беру.
• Күшейтпелі шырай туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:
• Қызық құс тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
• Қазақша тілдік қатынасты еркін игерту, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.
• Өзге ұлт өкілі балаларының қазақ тілінде дұрыс айту, жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой - өрісінің дамуына көмек көрсету.
• Ұжымда жұмыс істеуге баулу.
• Құстарға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, құштарлықтарын ояту.
• Сын есімнің күшейтпелі шырайын тиянақтау.
Сабақтың көрнекілігі: топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар жазылған кестелер, күшейтпелі шырайдың жасалу жолдары туралы кесте.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, миға шабуыл, ой шақыру
Күтілетін нәтиже:
• Қызық құс (кекілік) туралы әңгімелеу.
• Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана білу.
• Құстарды, табиғатты аялау.
• Ойларын ашық айту.
• Сын есімнің күшейтпелі шырайын меңгеру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, алдарыңда жатқан түрлі - түсті белгілердің ішінен қазіргі көңіл - күйлеріңе қайсысы жақын, сол суретті таңдай қойыңдар.
Көңіл - күйім өте жақсы Көңіл - күйім жақсы Көңіл - күйім жоқ

Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ.
♦ Жаңа тақырыпқа даярлау Айтылым.
• Ой шақыру.
1. Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер?
2. Біздің тұрып жатқан жерімізде қандай құстар бар?
3. Сендер кекілік (куропатка) құсын білесіңдер ме? Ендеше мына суреттер топтамасына көңіл аударайық. (Кекіліктің суреттері слайд)

Жаңа тақырып.
- Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.
Қызық құс. Күшейтпелі шырай..
«Миға шабуыл» әдісі.
- Суретке қарап отырып, кекілік туралы не айта аласыңдар?
Тілдесім
Сөздікпен жұмыс.
♦ Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату.
Кекілік - куропатка
Өсімтал - быстро размножающиеся
Жұмбақ сырын – загаочный секрет
Осы күнге дейін - до сегодняшнего дня
Алғашқы күндері - первые дни
зерттеуші - исследователь
балапан – птенец
жеке - жеке - отдельно
шеше алмай келеді - не могут отгадать
бірігеді - объединяются

Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым. Жазылым.
1 - тапсырма. Мәтінді оқып, аудару. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазу.
Өсімтал, жұмбақ, алғашқы.

2 - тапсырма. Сөйлемдегі сын есімдерден салыстырмалы шырай формасын жасау.
1) Біздің ауылдың жері өте үлкен. Үлкендеу.
2) Қорғалжын ауданында үлкен, кіші жүз отыз бір көл бар. Үлкендеу, кішілеу.
3) Ол көлдер - жер жүзіндегі құстардың ең жақсы, ең жайлы жайлауы. Жақсылау, жайлылау.

3 - тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша сөз құрамына талдау.
Құстардың – тар - к. ж., - дың – ілік септік.
Шаруашылыққа - шы, - лық – жұрнақ, - қа - барыс септік.
Құрт - құмырсқаларды - лар – к. ж., - ды табыс септік.
Бекіту сұрақтары:
1. Мәтін не туралы?
2. Кекілік қай жерлерде көп болады?
3. Ана кекілік көктемде неше ұяға жұмыртқа салады?

Үйге тапсырма: 123 - бет, 4 - тапсырма - жазбаша, 1 - тапсырма – ауызша.
Бағалау.


Жаңалықтар
Туған күнге сыйлық дайындаймын. Шырай түрлері
Туған күнге сыйлық дайындаймын. Шырай түрлері
Сын есімнің шырайлары. 1. Жай шырай. 2. Салыстырмалы шырай. 3. Күшейтпелі шырай. 4. Асырмалы шырай.
Күшейтпелі шырай
Күшейтпелі шырай
Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады
Күшейтпелі шырай
Күшейтпелі шырай
Біркелкі сындардың бірінің екіншісінің өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады.
The absolute form of pronouns. Text: Liver
The absolute form of pronouns. Text: Liver
Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Жетісай медициналық колледжінің Кәсіптік ағылшын тілі пәнінің оқытушысы: Самбетова Зауре Көбейқызы
Отан. Жіктік жалғауы
Отан. Жіктік жалғауы
Сабақтың тақырыбы: Отан. Жіктік жалғауы.
Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары
Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×