Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты қорғау

18 қыркүйек 2019, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау

Сабақ мақсаты: 1. Қоршаған ортаның қадірін түсініп, оны бағалап қорғай білуге үйрету. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін, есімдік түрлерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қазақтың халық даналығы арқылы оқушылар бойында табиғатқа деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер, сөзжұмбақ, сандық, таратпалы қағаздар, смайлик бейнелері.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, проблемалық тәсіл, деңгейлеп оқыту әдісі, «Даналық сандығы» оқыта үйрету ойыны, суретпен жұмыс.
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: интерактивтік тақта, компьютер
Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке, деңгейлік / топтық/

Сабақтың өту барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Сабаққа даярлықтарын анықтау. Психологиялық дайындық.
- Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Бұл - өте жауапты сабақ. Сондықтан бүгінгі сабақта өте мұқият, ынталы, ширақ, белсенді және батыл болуға тырысыңдар.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Тақырыпқа шығу.
Оқушылар назары интерактивті тақтаға аударылады. 1 - слайд. «Сөзжұмбақ».

Д А С С Ж А
У Ш Қ Ү А Е Л
Т А Б И Ғ А Т Т Ы Қ О Р Ғ А У
А А Е А Р Е С Р А А
У Л Р Ң Т М Л Қ
Ы Ы І Ы А Ы Ы
Қ Ш З Қ Н М Т

Оқушылар сұрақ - жауап арқылы тақтада көрсетілген суреттерді атап, сөзжұмбақты шешіп, көлденең жолдан сабақтың тақырыбын оқиды.
Сөзжұмбақ шешуін балаларға оқыту керек.

2. Сабақ тақырыбын, мақсатын айту.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы - «Табиғатты қорғау»
- Сабағымыздың мақсаты: осы тақырып бойынша жаңа сөздер үйрену, ол сөздерді, өткен сабақтарда үйренген есімдік түрлерін тілімізде дұрыс қолдана білуге жаттығу, сұрақты түсініп жауап бере білуге дағдылану, өз ойымызды дұрыс жеткізуге дағдылану.

3. «Табиғат» сөзіне ассоциациялық тізбек құрастыру.
Оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім жинақтап толықтырады.
- Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жануарлар, ауа, от, күн, жылу, ай, өзен - көлдер, таулар т. б. көз алдымызға елестетеміз. Бұлар бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне қажетті заттарды осы табиғат - анадан алады. Суды өз өміріміз үшін қолданамыз. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза ауа бөліп шығарады. Яғни, табиғаттағы әр заттың өз орны, өз маңызы бар.
- Осы әсем табиғатқа арналған түрлі әңгіме, өлеңдер өте көп. Сендерге үйде табиғат туралы өлеңдер жаттауға берген едім.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Оқушылардың жаттап келген өлең шумақтарын тыңдау.
- Антонға өлең шумағын мен өзім бергем, тыңдап көрейік.
Оқушылар назарын интерактивті тақтаға аударамын.

2. Проблема қою.
2 - слайд. Өлең шумақтары слайдта көрсетіледі
Табиғаттың панасымыз.
Ағаш өзін қиғанды Аю байғұс аяғын,
Ат сияқты тебе алмас. Алса жырып, қанатып,
Гүл де жұлқып, жұлғанды Жарасын кім таңады?
«Неге өйтті?!»- деп сөге алмас. Кім бар бағып қағатын?!

- Өлең не туралы? – Табиғат туралы.
- Өлеңде қандай сұрақ тұр? Дауыстап оқиды.
- Сұрақта не айтылып тұр?
- Өсімдіктер мен жануарларды кім қорғайды деген сұрақ тұр.
- Сонымен, біз сабақ барысында табиғатты қорғайтын кім? деген проблемалық сұрақты шешуге тырысамыз.
3 - слайд. «Табиғатты қорғайтын кім?»

ІІІ. Сөздік жұмыс.
4 - слайд. «Жаңа сөздер мен сөз тіркестері»
Зиян - вред
Көк - 1. синий 2. молодая зелень 3. небеса
Көкті жұлма – не рви зелень
Сақтау керек – нужно сохранить
Бөлінбейтін біртұтас – неразделимое, одно целое
Ұмытпа – не забывай
Ересек – взрослые
Бұлақтардың көзін ашу - очистить родники
Солу – вянуть
Тыйым салу - запрещать
Пана, қорғаушы – защитник
Ластауға - загрязнять
Ағза - организм

- Мұғалім өзі оқиды
- оқушыларға тізбектеп оқыту
- ауызша сөз тіркестерін құрату
- сөйлемдер құрату
- Жаңа сөздерді сөздік дәптерге көшірту.

Оқу.
- Мұғалім мәнерлеп оқиды. Оқушылар тыңдайды.
- Оқушылар тізбектеп оқиды
Түсіну.
- оқып отырып, түсінеді.
Түсінгенін айту.
Деңгейлік тапсырмалар орындату.
1 - топ оқушылар - Мәтінді аударады
2 - топ оқушылар - Мәтіннің мазмұнын айтады
3 - топ оқушылар - Мәтінді жатқа айтады, мәтіннің мазмұнын ашатын сөзді, сөйлемді айтады.
Дайындалуға 3 минут беріледі.

Түсінгенін бекіту. «Даналық ағашы» ойыны.
Әр оқушы мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып, сұрақтарын қағазға жазады. Оны сандықшаға салады. Мұғалім оны араластырады. Оқушылар бір - бірден сұрақ жазылған қағазды алып, сұраққа жауап береді.
Алдымен мәтінді 1 рет мұқият оқып шығады.
/Қағаздарды тарату./
Оқушылар сұрақты жазып, сандықшаға салады. Алған қағаздан сұрақты оқып, жауап береді.
ІІІ. Алған білімдерін бекіту.
1. «Қажеттісін тап» ойыны.
5 - слайд. «Есімдіктері жасырылған сөйлемдер»

... өміріміз табиғатпен тікелей байланысты.
Көк шөпті... жұлуға болмайды.
Саны аз, жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды... «Қызыл кітапқа» енгіземіз.
... қызыл және сары парақтары бар.
Табиғатқа келтірілген зиян -... келтірген зиян.
... тірі ағза сусыз тіршілік ете алмайды.
... отанымның табиғаты өте бай.

Оқушылар есімдіктері жасырылып берілген сөйлемдерді толықтырып, тақтаға жазуы керек.

2. Суретпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Жазбаша жұмыс
Алған білімдерін, ойларын жинақтап, тұжырымдау
Интерактивті тақтадағы суретке көңіл аудару.

1 - топ. Берілген сурет бойынша сөйлемдер құрап жазады.
2 - топ. Берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрайды.
3 - топ. «Табиғатты қалай қорғау керек?» деген тақырыпқа өз ойларын жазады.
Бұл тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
Әр деңгейден 1 баланы тыңдалады. Басқаларының жұмысы кейін тексеріледі.

ІV. Тақырыпты қорыту. Түйін сөз.
- Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
- Табиғат деген не екен?
- Табиғатты не істеу керек?
- Біз сабағымыздың басында қандай сұрақты проблема етіп алдық?
- Табиғатты қорғайтын кім? деген сұрақтың жауабын табуға тиіс едік.
- Сұрағымызға жауап табылды ма?
- Табиғатты кім қорғауы керек?
- Адамдар қорғауы керек.
Өлеңге қайта көңіл аудару, оқыту. 2 - слайд өлеңнің жалғасымен.
... Түйіп айтар сөзіміз:
Табиғаттың панасы –
Біздің мына өзіміз,
Адамзаттың баласы.
- Табиғатты қорғайтын кім екен?
- Адамзаттың баласы, яғни кімдер? Мына - біздер.
V. Сабақты қорыту. Смайликтер тарату.
Сабақ барысында нені біліп, нені үйренгендері, нені болашақта білгісі келетіндерін айтады.
Өз жұмысына, жалпы сабаққа қоятын бағаларын мұғалім таратқан смайликтермен көрсетеді.

Үй тапсырмасы: сөздерді жаттау. «Мен табиғатты қалай қорғап жүрмін» - эссе жазу.
Бағалау.

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті
Б. Момышұлы атындағы ЖББ орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смағұлова Майдагүл Файзуллақызы
65 472
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары
ДҮНИЕТАНУ Дүниетану. 2 - сынып № 1. Тақырыбы: Адам өміріне не қажет? № 2. Тақырыбы: Адам өміріне ең қажетті жағдайлар.
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің математика пәнінің оқытушысы Тажигулова Сауле Кумаровна
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Жалғабаева Жанар "Атамекен орта мектебі мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×