Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайдың 29-қара сөзі

26 ақпан 2013, Сейсенбі
Әдебиет 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың 29 - қара сөзі
Сабақтың білімділік мақсаты: Абайдың 29 - қара сөзінің идеялық - тақырыптық мәнін ашып талдау;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Абай шығармаларын, ғақлияларын ұғынып оқуға тәрбиелеу;
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастырып, өзіндік пікірін дәлелдей алу бағытында түрлі іскерлік
тапсырмалар орындату;
Сабақтың түрі: іскерлік пен дағды қалыптастыратын жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары: Дөңгелек үстел, Бұрыш, Т кестесі, Екі түрлі күнделік, Автор орындығы.
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Негізгі бөлім
1. Өткен материалдарды тексеру (Дөңгелек үстел стр. б/ша)
Үй тапсырмасын сұрау:
«Абай әлемі»,«Қараңғы түнде тау қалғып»
Тегі Түрі Сипаты Құрылысы Мәні

Қорытындылау.
М. Әуезов сөзімен: «Қараңғы түнде тау қалғып»- аудармадағы көркемдіктің, бейнеліліктің, әуезділіктің, дәлдіктің эталоны. Лермонтовтағы “тау шыңдарын” “тауға” түсіріп, асқақтаған шыңы жоқ Шыңғыс тауына келтіріп, “аңғарды” жазық “далаға” ауыстырып, Қарауылдың айналасына айналдырып жіберген данышпандығының арқасында Гете картинасы қазақ жеріне көшкен де қойған. Тегінде, Абайға Пушкиннен гөрі Лермонтов жақынырақ болған деп айтудың реті бар. Абай өз жанының қажетін Лермонтовтан көбірек тапқандай…
2(1) Жаңа сабақ «Абайдың 29 - қара сөзі» (мультимедиялық слайдтар арқылы)
1. Қара сөз туралы.
2. Абай қара сөздерінің мәні мен мақсатын ұғындыру.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. (Абайдың 1 - қара сөзінен)
3. 5, 6, 29 – сөздерінің тақырыптық ұқсастығы.
4. 29 - сөзбен аудиожазба арқылы танысу;
5. 29 - сөзінің идеялық мәнін түсіндіру, мағыналық құрылымдық талдау (А. Байтұрсынов үлгісімен)
Бастамасы
Ұсынбасы
Мазмұндамасы
Қыздырмасы
Қорытпасы

2(2) Жаңа сабақты талдау:
Проблема туғызу: Мақалдың бәрі сөз маржаны ма?
1. «Бұрыш» стратегиясы бойынша жұмыс.
2. «Т кестесі»
Келіспеу себептерім
Келісу себептерім

Ас - адамның арқауы ----------- Ауру – астан
Есепті дос айырылмас--------- Есептескен дос болмас
Жақсыға сөз үйір----------------- Жақсыға шаң жуымас
Әке - асқар тау-------------------- Әкенің жақсысы жездедей - ақ

3.«Екі түрлі күнделік» стратегиялары бойынша қарама - қарсы мәндес, мағынасы бұлыңғыр мақал - мәтелдерге сын тұрғысынан баға беру.
1. Күлшелі бала сүюге жақсы
2. Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.
3. Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол!
4. Шашы ұзын әйелдің ақылы қысқа.
5. Адасқан жігіт жол таппас.

3(1) Бекіту. Халық арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:
1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..
2. Жаман дос - көлеңке,
Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
3. Адал бол - бай тап, адам бол - мал тап.
4. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын
5. Баяғы жартас - бір жартас
6. Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең өзің біл
7. Ойын – арзан, күлкі қымбат
3(2). Автор орындығы.
1. Сабақта өтілген материалдар қорытындыланады.
2. Сұрақ - жауаптар арқылы білім бекітіледі.
3. Оқушылар мазмұнды сұрақ қоюға дағдыланады.
4. Автор орындығына отыруға тырысады.
4. Сабақты қорытындылау.
5. Бағалау. Үй тапсырмасы: Абайдың 29 - қара сөзін жаттап, жан - жақты талдау;
Өз пікірлерін жазбаша талдау.
18 420
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абайдың өмірі
Абайдың өмірі
Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып, нығайту. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
Абай Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Абай Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Ән мен күй жайындағы өлеңді оқи отырып, әннің, күйдің құдіреттілігін түсіндіру; Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге баулу арқылы поэзия, саз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру;
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Алтын Хадимқызы
Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қара сөз»
Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қара сөз»
Жалпы білім беретін № 36 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. К. Урымбасарова
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×