Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты тіркестерге арналған жаттығу жұмыстары

12 наурыз 2013, Сейсенбі
5 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестерге арналған жаттығу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, тұрақты тіркестер жөніндегі алған мағлұматтарын бекіту
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сөйлеу шеберлігін дамытып, сөз байлығын молайту, ойын көркем тілмен жеткізуге үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ынтымаққа, бірлікке үйрету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Бекіту, пысықтау сабағы
Сабақтың дәстүрден тыс түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Ақылды тақтада сынақ сабақ, СТО стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Ақылды тақта

Сабақтың барысы:
1). Ұйымдастыру.
І. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды үш түрлі фишкамен үш топқа бөліп алу, топ аттарын қою. Осы таңдаған аттарына байланысты бір тұрақты тіркес ойлап айту.(Осы жұмыстың тағы да алған аттарына байланысты сабақ соңында тұрақты тіркестер ойлап жазатының айта кету) Мысалы. Ауыз, т. б.
ІІ. Мағынаны ашу.
Тапсырмамен таныстыру.
2). Өткен сабаққа қысқаша шолу жасау.
І. Сұраққа ауызша жауап
1. Тұрақты тіркес дегеніміз не?
2. Тұрақты тіркестер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
3. Тұрақты тіркестердің сыңарларын басқаша сөзбен ауыстыруға бола ма?
4. Тұрақты тіркестердің синонимдік баламасына мысал келтір.
5. Мағанасы жағынан қарама – қарсы болатын тұрақты тіркестерге мысал келтір.
6. Тұрақты тіркестер сөйлемде қандай сұраққа жауап береді?
3) Алған білімді бекіту, қайталау

ІІ. Тұрақты сөз тіркесімен бейнелеп қалай айтуға болады?
1. Н. Наушабаев атамыз ақын, әнші, композитор, саятшы, палуан әрі айтыскер адам еді.
Бұндай адамды қалай деп атайды?
2. Әйгерім мәдениет үйіне концерт көруге барып еді, бірақ отырарға орын болмады. Ол үйге келіп не деді?
3. Жандостың лагерде бірге болған жақсы досы бар екен. Сол досы туралы үнемі аузынан тастамай айтып отырады. Үнемі тастамауды не дейді?

ІІІ. Ажыратып жаза ғой.
Төмендегі сөйлемдердің ішінде қарамен жазылған сөз тіркестерінің қайсысы жай сөз тіркесі, қайсысы тұрақты тіркес екенің ажырат. Тұрақты тіркестің мағынасын аш.

1. Бұл қол – сенің қолың емес.
2. Бұл жұмыс сенің қолың емес.
3. Тәкежандар кеңесі Абайға екі түрлі талап қойып, жүк артқан.
4. Жүк артқан түйе кейін келеді.
5. Кішкентай Жұмаш бөркін аспанға лақтырып ойнап жүр.
6. Емтиханды жақсы тапсырсаң, бөркіңді аспанға лақтырасың.

ІҮ. Берілген тұрақты сөз тіркестерінен синонимдік мағынадағы тіркестерді бір бөлек, антонимдік тіркестерді бір бөлек жаз.
Аузын буған өгіздей, жер аяғы қиянда, аузы - аузына жұқпау, дымын шығармау, ит өлген жер, жұмған аузын ашпау, таяқ тастам жер, көзі алақандай болды, жүрек жұтқан, төбе шашы тік тұрды.

Берілген тұрақты тіркестерден сөйлемдер құрап жаз.( тақтамен жұмыс)

Шыбық тимей шыңқ етер, сөзінің аяғын жеп қояды, арам тамақ, сөзі түйеден түскендей, қоян жүрек, бетімен кеткен, адамгершіліктен жұрдай.

Өз топтарыңның аттарына сәйкес суретті алып, тұрақты тіркестер ойлап жаз. (ақылды тақтаға жазып көрсетеді.)

ІІІ Ой толғау.

4) Қорытынды
Сабақты қорытындылау үшін
«Бір сөзбен айтқанда» ойыны жүргізіледі. Берілген тұрақты сөздерді бір сөзбен айту керек.
Бармағын тістеу -
Көз аларту –
Ақ саусақ -
Ит терісін басына қаптау –
Сойып қаптағандай –
Сілесі қату -
Тас жүрек –
Бетінен оты шығу -
Беті шімірікпеу –
Құлақ аспау -
Арасынан қыл өтпейді –
Тостағанын жуып алды -

1 жауап - 1 ұпай
2 жауап - 3ұпай
3 жауап - 5 ұпай
Ажыратуға 2 ұпай, мағынасын ашуға 3ұпай
Синонимге 2 ұпай, антонимге 2 ұпай
1 - 7 сөйлем 5 ұпай, 1 - 5 сөйлем 3 ұпай, 1 - 3 сөйлем 1 ұпай.
22 042
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір - бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрлі болады.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Оқушыларға тұрақты тіркестердің мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қазақ тілі мен әдебиеттен қысқа мерзімді жоспарлар.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету. Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу, жазу дағдысына енгізе отырып, оқушылардың тіл байлығын, ақыл – ойын, сана – сезімін дамыту. Оқушылардың дағды - машықтарын, таным
Тұрақты сөз тіркесі
Тұрақты сөз тіркесі
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×