Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ресми іс қағаздар тілі

16 наурыз 2013, Сенбі
Қазақ тілі 10 «А» сыныбы
(Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің семинары)
Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектебі, 12 - дәрісхана 21. 11. 12 жыл
Сабақтың тақырыбы: Ресми іс қағаздар тілі.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік - оқушылардың ресми іс қағаздар тілі материалдарын игеруге бағдар беру;
2. Дамытушылық – игерілген білімді бекітіп, тереңдетуге мүмкіндік тудыру.
3. Тәрбиелік - оқушының білгенін қолдана отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау, жауапкершілік пен сауаттылықты шыңдау.
Сабақтың ұйымдастыру формасы: жаппай, семинар.
Сабақтың түрі (типі): Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу интеграциялық сабағы.
Сабақтың оқытылу әдістері: Интерактивті тақта, деректер, көркем әдебиеттер.
Жалпы дидактикалық әдіс: зерттеушілік.
Дидактикалық міндеттер тұрғысынан айқындалатын әдіс: Меңгерілген білімді қолдана білуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: құқық, тарих, әдебиет.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі қазақ тілі сабағы белсенділікті, терең білімді, ашық та анық ойды айқын көрсетулеріңді талап етеді. Күніміз сәтті болсын, білімдерің өздеріне серік болсын деп сабағымызды бастауға кірісейік.
Тақтада: Қарашаның жиырма бірі.
Сынып жұмысы.
Сабағымызды үйге берілген 50 - жаттығудан бастаймыз.
1 - Слайд. Интербелсенді тақтадағы сұрақтар:
1. Жаттығуда кімнің пікірі берілген және қандай ой қозғаған?
( Б. Момышұлы пікірі. Тілді шұбарлап сөйлеу, қазақ тілінің оқытылу деңгейін көтеру мен тіл байлығын зерттеп жинақтау жөніндегі азаматтық сыны айтылған.)
2. Б. Момышұлын қандай ой мазалады, нақты дәлел келтір.
( Қазақ мектебінде оқымағаннан кейін, қазақ балалары көшеде ойнап жүргенде де орысша сөйлеп, үй ішінде де ата – анасымен орысша былдырласып, осы кезде ана тілінен мүлде құр қалған жастар қалада көбейіпті.
3. Тіл мәселесін көтеруге қандай ұсыныс, тілектерін айтып, жазады?
- Қазақстанда, қазақ тілі заңның әділдігі бойынша мемлекет тілі болып саналса.
- Барлық оқу орындарында қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ тарихы міндетті сабақ болуы керек.
- Дальдің « Толковый словарының» үлгісімен атам заманнан бергі қазақ сөздері жасалып, дұрыс түсіндіріліп, ғылыми кітап шығарылса.
- Профессор Ушаковтың « Орфографический славарының» үлгісімен қазақ сөздерін дұрыс жазуға көмек кітапшасы жазылса.
- « Қисындыра қаласаң отын жанар,
Киыстыра сөйлесең халық нанар» деп айтқандай елге шешендік мысал мұрасы қайтып, жұртшылық сұлу, шебер сөйлеуді игерсе екен.
- Қазақ тілі туралы үкімет, партия қаулысы шығып, қала қазақтарын, қазақ оқымыстыларын тәртіпке шақырып, қазақ тілін республикамызда мемлекет тілі ету заңын қабылдаса.
4. Қазіргі күнде Б. Момышұлының тілек - ұсыныстары орындалды ма, тілге қатысты «қазақ тілі мен құқық» сабақтарынан алған ой – түйіндеріңді айтыңдар.

* Орындалғанда қандай. Оған дәлел. 1989 жылы Қазақ ҚСР - інің Тіл туралы Заңы қабылданды.

*1990 жылы Қазақ КСР - дегі қазақ тілі және басқа ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды.

*1993 пен 1995 жылдары қабылданған ҚР - ның жаңа конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тіл заңында қазақ тілі мемлекеттік қамқорлыққа алынатыны атап көрсетілді. 1989 жылы Тіл заңын жүзеге асыру үшін «Қазақ тілі» қоғамы құрылды.
*1993 жылы Қазақстан үкіметі жанынан Тіл комитеті құрылды.
*1997 жылы 11 шілдеде Тіл туралы заң толықтырылып қайта шықты.
*1998 жылы Тіл туралы Заңды күшіне келтіру туралы Мемлекеттік
бағдарлама жасалды.
5. Қазақ тілінде мемлекеттік және жеке іс жүргізу мен заң аясындағы құжаттарды қарастыратын стиль қалай аталады?
* Ресми іс қағаздар стилі деп аталады.

Слайд. Ресми іс қағаздар тілі

Мұғалім: Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ресми іс қағаздар тілі.
Былтыр біз 9 сыныпта бұл стиль түрін өткенбіз. Енді аздап есімізге түсіріп, сызбаны толықтырайық.
Слайд. Ресми іс қағаздар стилі
Қолданылатын орны → (Мемлекеттік және іс жүргізу мен заң аясындағы құжаттар)
Мақсаты → ( хабарлау, ақпарат, анық мәлімет бер.)
Стильдік сипаты → (Ресми, ақпараттық, есептік, дәл, нақты.)
Тілдік амал – тәсілдері → (кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер,
сөздері ықшамды болады.

( Интерактивті тақтада сызба. Бала тақтаға шығу арқылы толтырады.)
Мұғалім: Тамаша! Ендігі кезекте ресми іс қағаздар тіліне қатысы болатын сөйлемдердің түрлерін, мағынасын, жасалу жолдарын білуге байланысты мына кестелерді қарастырайық. Сызбаға ауызша жауап береміз.
Слайд. Сызба №1.
№ Сөйлем мағынасы Қалай айтылады? Мысал келтір
1 Сұрай, өтіне айтылатын сөйлем...
2 Хабарлай айтылған сөйлем...
3 Қуана, көтеріңкі айтылған сөйлем...

Слайд. Сызба №2.
№ Жасалу жолдары Қалай айтылады? Мысал келтір
1 Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем
2 Бастауыш бар сөйлем
3 Бастауыш мүлдем жоқ сөйлем
4 Тұрлаусыз сөйлемдер араласқан сөйлем
5 Кейбір сөйлемдері түсіріліп айтылған сөз
6 Бес сөйлем мүшесі түгел қатысқан сөйлем

( Оқушылар жылдам әрі тез ауызша - жазбаша түрде жауап беріп, мысалдарын тақтаға жазып, сөйлем мүшесіне талдап болған соң, қатарларға бөлініп, оқулықтағы берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізеді.)
І қатар.
53 - жаттығу.
Белгілі бір жұмыстың жүзеге асырылу барысы жауапты мекеменің жиындарында қарастырылып, ұйымдастыру комитетінің есебі жарнама агенттілігінде жазылып берілсін.

ІІ қатар.
«Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» күні мерекелік шараға шақырту қағазын жасаңдар.

ІІІ қатар.
54 - жаттығу. Түйіндеме. М. Мақатаевтың « Менің анкетам» өлеңі бойынша толтырылады.

Аты - жөні _______________________
Мекенжайы.______________________
Телефон_________________________
Жалпы ақпарат___________________
Жұмыс тәжірбиесі_________________
Мекеме атауы, жылы, қаласы_______
Білімі____________________________
Тілді білуі________________________
Компьютерді игеру________________
Әсери міндеті_____________________
Жеке қасиеттері___________________
Қосымша ақпараттар_______________
Құштарлығы______________________
Ұсыным хаты______________________

М. Мақатаев Менің анкетам атты өлеңі
Туған жерің?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім?
– Еркекпін ғой, еркекпін!
Және - дағы тәуірмін...
– Партияда барсың ба?
– Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің?
– Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге?
– Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе?
– Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
– Шетелдерде болдың ба?
– Болғаным жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда - ақ.
– Мекен - жәйің?
– Мекен - жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
М. Мақатаев өлеңі компьютерден оқылады, біз тыңдаймыз. Сондай - ақ қолдарына басылған сөздері беріледі.
Болған соң бірнеше оқушының жауабы тыңдалады.( Жұмыс уақыты 5 минут)

Шығармашылық жұмыс.
Қ. Аманжоловтың “Өзім туралы” өлеңін аламыз. Оны оқушылар бұрынғы өткен стиль түрлеріне топтастыра келтіре жазу керек.
Үзінді: Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атанын ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.

1. Көркем әдебиет стилі.
2. Ресми стиль – Мен, Аманжолов Қасым Рақымжанұлы,...
3. Ғылыми стиль – Өлең авторы – Аманжолов Қасым Рақымжанұлы. Поэзия жанрында өзіндік ерекше жазу стилі қалыптасқан, әдеби – теориялық терминдерді ұтымды пайдалана білетін дарынды ақын. Бұл үзіндіде анафораны, антонимдік тәсілді билете білгенін көріп тұрмыз.
4. Публицистикалық стиль. Бұл жолдарды естіген сайын ойыма бір естелік оралады “Өзім туралы” өлеңін Қасым ағамыз поэма етіп бермек еді. Әттең. Қысқа өмір, ауыр сырқат бізден айырды.

Пысықтауға слайд.
Ауыз екі сөйлеу стилі (қарым - қатынасты сипаттайды)

Көркем әдебиет стилі (оқиғаны образды түрде бейнелейді)
Ресми іс - қағаздар стилі (жазбаша қатынастарды құрайды)
Публицистикалық стиль (газет - журнал, мақалалар жатады.)
Ғылыми стиль (ізденісті ауызша және жазбаша суреттейді)

Үй тапсырмасы: 56 - жаттығу. Берілген материалдың жазылу стилін анықтап, кесте үлгісімен жұмыс жасау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
37 783
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін және стиль
Мәтін және стиль
Мәтінді танып, талдау. Әр мәтіннің тілдік сипатымен өзіндік құрылым, түзілім ерекшелігін білуге үйрету
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимханкызы Актоты
Ресми іс қағаздар стилі
Ресми іс қағаздар стилі
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Кітаби тілдің стильдік тармақтары (орта мерзімді жоспарлау)
Кітаби тілдің стильдік тармақтары (орта мерзімді жоспарлау)
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшкенбаева Жамал Солтанхановна
Қатынас қағаздар
Қатынас қағаздар
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағыбаева Айтолқын Жақашқызы
Ресми іскерлік қатынастағы сөйлеу тілінің сөз бедерін ұғындыру
Ресми іскерлік қатынастағы сөйлеу тілінің сөз бедерін ұғындыру
Атырау облысы, Жылой ауданы, №9 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрғанова Хадиша Едресқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×