Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табу

27 наурыз 2013, Сәрсенбі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
әдет – ғұрыпқа байланысты сөздердің балама түрінде айтылуын мысалдар арқылы көз жеткізу және табу сөздерден алған білімдерін тереңдету.
Тәрбиелілігі:
сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке туысқан арасындағы қарым – қатынасының берік болуына тәрбиелеу.
Дамытушылығы:
өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету, салт – дәстүр, әдет – ғұрнып ұғымдарын дамыту, таным белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Танымдық әрі жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жарыс, әр түрлі ойын түрлері, суретпен жұмыс,
мәтін құрастыру
Сабақтың көрнекілігі: Табу сөздерге арналған сызбалар, тақырыпты ашуға арнап
жазылған көркем әдебиеттен үзінділер, интерактивті тақта,
үнтаспа

Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика, бейнелеу.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.
2. Қ. Мырза - Әли
Қызыл шоқтай қарыған,
Қазаққа тіл дарыған.
Бір сөзге ол семіріп,
Бір сөзден ол арыған.
Сипақтама, терлеме,
Сөйле, қане, ұшыңдар,
Тілді бізге бермеген,
Тістеп жүру үшін құр.
Келер пәле басыңа,
Кемел сөзге мін тақсаң.
Қастың өзі досыңа,
Айналады тіл тапсаң.
Жарлымын деп қаймықпа,
Намыс болса қасыңда.
Байлық деген байлық па,
Тіл байлығы жанында.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Зымыран сұрақтар
1) Лексика дегеніміз не?
2) Сөз деп нені айтамыз?
3) Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
4) Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
5) Көп мағыналы сөз деп нені айтамыз?
6) Омоним дегеніміз не?
7) Синоним дегеніміз не?
8) Антоним дегеніміз не?
2. 3 қатарға 3 түрлі өлең оқып, оның авторы кім екенін сұрау. Тапқан авторының тапсырмасын орындау.

Тапсырмалар:
1. Басқы әріптерінен «Қазақстан» деген сөз құралатындай етіп төмендегі сөздерге синонимдес сөздер ойлап табыңдар.
Әскер, маңай, жұбай, көрік, мейман, жақ, ас, кідіріс, ар.
(Жауабы: қол, айнала, зайып, ажар, қонақ, садақ, тамақ, аял, намыс)
2. Мына сөздердің антонимдерін жазыңдар.
Қараңғы, алып, аласа, ақ жүрек, жылы қабақ, ыстық бу, көзге ілмеу, аты жер жару, аузы – аузына жұқпау, күн құрғатпай келу.
Жауабы: жарық, ұсақ биік, қара жүрек, суық қабақ, суық бу, көзінен таса қылмау, ауызға ілінбеу, жұмған аузын ашпау, ат ізін салмау.
3. «ВЕНН» диаграммасын толтыр:

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ТАБУ
ТАБУ негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталынады. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.
Табудың түрлері:
1. Қазақтың ескі әдет – ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарын өз атымен атамайтын болған. Мысалы: шырайлым, кенже бала, мырза жігіт, ата, ене, қайын аға, т. б
2. Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: жай, найзағайды – жасыл, шешек ауруын – қаарасан, қасқырды – ұлыма деген, т. б.

ІҮ. Сабақты бекіту.
1. Мына сөйлемдерден табу сөздерді теріп жазу.
- Тентекжан – ау, мені тастап бара жатқаның ба? – деп Зәйкүл де тұра жөнелді. (Б. Майлин)
Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, Шырайлымды алып барып көрсетпекші болдың қой.
- Кеше Дәуқара бар, біздің үйдегі қайның бар – бәрі бас қосып сөйлесіп отырды.
Еркежанның сүйіп жүрген жігіті бар еді, соны кедейсініп, Биағалар бермеді.
Дәл осы кезде, есіктен шығып жатқан қонақтарға қарсы жүріп, сығылыса кірген Қалила Абайға жақындап кеп:
- Телғара, қалқам, сені апаң шақырады, - деді.
2. Кітаппен жұмыс.
101 - жаттығу. (мәтінді оқып, мазмұн желісін сақтап айту, мәтін ішінен табу сөздерді табу)

3. Шығармашылық жұмыс
«Туыстық қарым - қатынас» тақырыбында мәтін жазу. Ішінде табу сөздерді қолдану.

4. Топпен жұмыс
«Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп»
1. Тату, көп сөзінің антонимін табу
2. ат, ас сөздері қолданылуына қарай қандай мағыналар беретінін мысалмен дәлелдеу.
3. берілген мақалда табу сөз бар ма? Болса қайсы? Мағынасын ашып түсіндір.
5. «Сатыға кім шығады?» ойыны бойынша өз отбасыларында табу сөздерді қолданып жүргендері болса, соны шапшаң жазу.
6. Сауалнама (Автотест)
7. Ой толғаныс
Ал, балалар, сендер осы сабақ барысында алдарыңа қандай мақсат қойдыңдар? Өскенде осы атауларды үйлеріңде айтасыңдар ма? Осы мақсатқа жету үшін не істейсіңдер?

Ү. Сабақты қорытындылау
1. Табу сөздер дегеніміз не?
2. Мұғалім сөзі:
- Балалар, сендердің тілдерің бай, көркем екенін байқадық. Өйткені, сендер сабақта лексика тарауының әрбіреуіне толық жауап беріп, өз ойларыңды жеткізе білдіңіздер. Туыстық атауларды да біледі екенсіңдер. Ендеше, «Мырза жігіт пен Ерке қыз» ертегі болып қалмасын деп ұран ретінде алынған бүгінгі сабағымыз сендердің ертеңгі күндеріңде де жалғасын тапсын деген тілекпен А. Ершуов аталарыңыздың осы сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін берген батасын тыңдайық.
3. Үнтаспадан бата тыңдау
Бата
Балаларым, құдай сендерге талмайтын талап берсін, самғайтын қанат берсін, баянды бақ берсін, ұзақ ғұмыр, тұрлаулы уақыт берсін!
Өркенді болыңдар! Өмірлі болыңдар! Өмір бақи осындай сауатты болыңдар! Өсіп, өркендеп, тәуелсіз еліміздің көк туын желбіретіп, әлемге таныта беріңдер!
ҮІ. Оқушы білімін бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма
1. Табу
2. А. Ершуов өлеңдеріндегі тыйым сөздерін жазып келу.
3. 103 - жаттығу
44 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру, санның бөлігін табу ережесін үйрету.
Табу
Табу
ТАБУ - негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталынады.
Эвфемизм мен дисфемизм
Эвфемизм мен дисфемизм
Эвфемизм - Сыпайы, жағымды, әдеби тілдің үлгісіне жатады. Дисфемизм - Әдепсіз, дөрекі, жағымсыз. Әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі. Мысалы:1. Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды. (көмгенше –
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Ана тілім
Ана тілім
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы Білімі: Жоғары Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары Білімділік мақсаты:Етістіктің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×