Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейімбет Майлин «Айранбай» әңгімесі

29 наурыз 2013, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік – «Айранбай» әңгімесі арқылы сол кездегі қазақ тұрмысы және оның шынайы көрінісімен танысу;
ә) дамытушылық - жазушы тілін зерттеу;
б) тәрбиелік – еңбекке, намысшылдыққа баулу.
Сабақтың әдісі: проблемалық әдіс.
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы (Қанапия Бітібаева технологиясы бойынша).
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ән - күй, әдеп, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу;
ә) кезекшімен сұхбат.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып талдау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бейімбет Майлиннің «Айранбай» әңгімесін оқып талдауға алдын ала берілген. Тапсырма бойынша диалог тәсілімен оқушылармен бірлесе отырып жаңа тақырыпты меңгеруту.
- Балалар, «Айранбай» әңгімесі де шағын, бірақ әңгіменің тақырыбы ауқымды. көтеріп тұрған жүгі ауыр, байқадыңдар ма? Ал, байқасаңдар, қазір өздеріңе сауалнама сұрақтарын берейін, бірер минут ойланып, ауызша жауап бересіңдер:
1. Қалай ойлайсыңдар, әңгіме неге Айранбайдың үй ішін сипаттаудан басталады?
2. Мәдениеттің төмендігі байқала ма?
3. Мәдениеттің төмендігіне әсер етіп отырған не?
(Айранбайдың кедей тұрмысы: жоқшылық, жетіспеушілік, көңілсіздік, әлеуметтік теңсіздік, байдың қайрымсыздығы).

4. Айранбайдың бұрынғы өмірі мен әңгіменің аяғындағы Айранбайға сипаттама беріңдер. (Әңгіменің басындағы Айранбай бай туысы Кемелбайға сенеді, ал соңында рухани түрлеуі, жаңа өмірге қадам басуы – негізгі мәселе. Әңгіменің басында Айранбай кір - қоқыс арасында отырса, аяғында оны сілкіп тастап жаңа өмірге қадам басады.
5. Айранбай «кәменеске жазыламыз» деген қорытындыға неге келді?
6. Қалай ойлайсыңдар, егер Кемелбай Айранбай сұратқан қайысты Раушанға берсе, Айранбай бұрынғы қалпында сараң ағайынның ығында қалар ма еді?
7. Айранбайдың сенгені бар, ол – кәменестер: «Кәменеске жазылғандарды қазына асырайды дейді ғой». Қазіргі кезде осы идеяға қосылар ма едіңдер?
Бейімбет әңгімелерінің өзіне тән ерекшелігі бар, «деталь» бар. Әңгіменің арқауы «қайыстың» негізінде дамып отырғанын айта келе балаларға алдын ала берілген тапсырма бойынша бірінші топ әңгіме құрылысына жасап келген зерттеу жұмыстарымыен бөліседі.

ІҮ. Талдау. Зерттеу жұмыстарын ортаға салу.
«Айранбай» әңгімесінің құрылысы:
Әңгіменің басталуы: Айранбайдың үйіне кіріп келгенде - ақ нендей кәсіппен айналысатыны беп - белгілі. От басында кірлі қара тақтай, маңайы толған былғары, қайыстың қиқымы, біз, пышақ, қайрақ, қалып, мұрындық қоқырсып жатыр

Байланыс: 1. Әлденеге кейігендей...
болып отыр.
2. 150 - б. ақырғы абзац.
3. 151 - б. 4 - абзац
4. 151 - б. ақырғы абзац.
5. 152 - б. 1 - абзац
6. 152 - б. 2 - абзац
7. 153 - б. 1 - абзац

Шиеленіс:
1. Тарамысты тартып, шынтағын көтеріп қалғанда қызына тиіп кетеді. қызына ұрсып, итеріп тастайды. 2. Раушанның Кемелбайдың қатынымен ұрсуы, сөйтіп оның бетін көрместей ызалануы.
3. Айранбайдың ызалануы және Раушанның қайысқа кетуі.
Шарықтау шегі: Раушан Кемелбайдың үйінен құр қол қайтып келеді және күйеуінің айғайлағанына ренжиді. Кемелбайдың қайысты бермеуінен көңілінің қатты қалуы.
Шешімі: Айранбай: - Кемелбайдан жүрегім суынып болды. Енді соның есігін ашушы болмайық. Құдай аштан өлтірмесін. Кемелбай құрлы сол кәменестер асырар

Екінші топтың жұмысы. «Айранбай» әңгімесіндегі жазушының тілдік ерекшелігіне талдау жасау.
«Айранбай» әңгімесінің тілдік ерекшелігі
Эпитет. Кірлі қара тақтай, қурап тұрған қара абдыра, таралмай ұйысқан қою қара сақалы.
Дисфемизмдер. «Сорлы жалмауыз, қайдан табақтас болып едің, бір жапырақ жегізбедің ғой». «Байғұс, көрген қызығың осы ма еді?» «Ит, қират», - деді. «Ол бетпақтың бетін құдай көрсетпесін».
Кірме сөздер. Олай болуының себебі шықпай қалған егінді жазуға комиссия сайланғанда, Кемелбай сол комиссияның мүшесі болып сайланған. Нәлөкті салып отырған осы ініңнің өзі көрінеді ғой. Кедей еңбегін бай жеген, инспектор сөзі рас. Кемелбай құрлы сол кәменестер асырар.
Тұрақты сөз тіркесі Ділгер болып нос көрсету.
Сары уайым, тықыр таяну, құлақтың етін
Нақыл сөздер.
«Әйел – ерді азғыратын әзірейіл» деп Жәкең марқұмның айтқан шариғаты осы күнге дейін есінде
Диалект сөздер - жоқ.
Кәсіби сөздер. Маңай толған былғары, қайыс, қайыстың қиқымы, біз, пышақ, қайрақ, қалып, мұрындық, тарамыс.
Теңеу. Ол екі арада шаңдатқан құйындай бұрқыратып, еңгезердей бір әйел үйге сөйлеп кірді. Сексендегі кемпір - шалдай қара абдыра

Ү. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың зерттеу жұмыстарына талдау жасай отырып, жақсы жүргізгендіктерін айтып оқушы білімдерін бағалау.
ҮІ. Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау. келесі сабаққа тапсыра беру.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Б. Майлин туралы білімдерін толықтырып, шығарма жазып келу.
13 019
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шұғаның белгісі
Шұғаның белгісі
Шығарманы меңгерте отырып, Б. Майлин туралы білімдерін тереңдету, жазушы шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрлерімен таныстырып, құрметтей білуге тәрбиелеу. Әңгімеге сүйене отырып, айт мерекесі жайында түсініктерін молайту.
Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
«Айранбай» әңгімесі арқылы сол кездегі қазақ тұрмысы және оның шынайы көрінісімен танысу; дамытушылық - жазушы тілін зерттеу; тәрбиелік – еңбекке, намысшылдыққа баулу.
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі
Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы «Благовещенка № 2 орта мектебі» қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қамытаякова Мира Сериковна
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №20 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байғалиева Нурия Аманжолқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×