Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала Шоқан

05 сәуір 2014, Сенбі
Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин «Бала Шоқан»
Сабақтың мақсаты: а) Шығарманың мазмұны арқылы тарихи тұлға өмірінен деректер беру, ұқсату әдісі арқылы оқушылардың қиялын ұштау.
ә) Жазушы шығармасындағы оқиғалар негізінде өнерді бағалай білуге т. қасиеттерді оқушы бойына дарыта тәрбиелеу.
б) Өз бетімен іздене білуге, өзіндік пікір, ой қорытуға дағдыландыру, қорытынды ой түю, мәнерлеп оқу дауысын дамыту.
Сабақтың типі: Театрландырылған бекіту сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Ұқсату, ізденіс, сұрақ - жауап, талдау, ой қорыту.
Көрнекіліктер: Ш. Уәлиханов портреті, суретті - түсіндірмелі көрнекілік, «Венн диаграммасы», тапсырма жазылған техникалық құрал, слайдтар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабаққа шолу
Өткен сабақта біз С. Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесінен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымызды да сол С. Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесін жалғастырып, әңгіменің мазмұнын игеру арқылы талдау жасаймыз. Бүгін біз үш сұрақ төңірегінде «Не білемін?», «Нені білгім келеді?», «Нені үйрендік?» сұрақтар негізінде жұмыс жүргіземіз.
«Қызығушылығын ояту»
(қолдан жасалған мүсіндер көрсету)
Ендеше алғашқы сұрақ
С. Бегалин туралы не білеміз? (қай жылы, қайда туған? Қандай шығармалары бар?) Енді шығарманы суретті - түсіндірмелі көрнекілік арқылы әңгімелеп көрейік.
(оқушы суретке қарап мәтін құрастырады да, мазмұнына сай ой түйіп, мақал - мәтел айту, әр суретке тақырып ойлап табу, жоспар құрастыру.)
1. Екі достың кездесуі.
2. Ұрыншақ Жақып.
3. Мысықтың қорлануы.
4. Қонақта.
5. Уәде еттің - орында.
6. Қайырымдылық.
7. Оқулықпен жұмыс.
Ендігі жұмыс жаңа әңгімеленген тұстарды кітаптан тауып мәнерлеп оқу. Не болмаса осы тақырып бойынша көрініс көрсету.
Біз суретті - түсіндірмелік көрнекілік бойынша шығарма мазмұнын жеті бөлімге бөліп қарастырдық. Сол бөлімдерді кітаптан табамыз.
Балалар біз әңгімелеген шығарманың түйіні – Шоқан. Олай болса. «Венн диаграммасын» пайдаланып Шоқан кім сұрағына жауап берейік және досы Мысық кім?

- --- Балалар, техникалық құралды пайдалана отырып, слайд арқылы біз енді бала Шоқан емес, дана Шоқанды көрейік.
- Балалар, сонымен шығарманың тақырыбы не жайында, идеясы не туралы?
- Шығарма тақырыбы достық, мейірімділік, бала Шоқанның өнерге қызығушылығы. --
- Сонымен жалпы шығармадан біз нені үйрендік, таныдық, білдік өздеріңе не түйдіңдер?
- С. Бегалин өмірін
- Адал достықты
- Уәдеге берікті
- Тарихи тұлға Шоқан өмірі туралы
- Еңбек сүйгіштікті
- Өнерді бағалауды
- Бала Шоқанның өнерге қызығушылығы болашақ өміріне қалай әсер етті?
- Ол қазақтың тұңғыш ғалымы болды.
Иә дұрыс балалар, әңгімені дұрыс түсіне жете білгендеріңді сынау үшін тест жұмысын беремін.
Иә балалар, біз Инцерт стратегиясын пайдалана отырып сабақ мазмұнына баға берейік.

- Балалар, «Болжау стратегиясын» пайдалана отырып, «Мүсінші бала» - деп алайық та Мысық туралы оның болашақтағы өмірі қалай болды, мүсінші бала алда ма, не оқымай сол ауылдан шыға алмай қалып қойды ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, өз ойыңнан шағын мәтін құраңдар.
Сабақты М. Ж. «Қарағым» өлеңімен аяқтау.
Үйге тапсырма: «Бала Шоқан» оқу, «Болашақта кім болуды армандайсың» мәтін жазу. Бөлімдердің бәріне сурет салу.
Бағалау: Сабақ бойынша белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
6 741
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Қазақтың ұлы ғалым - зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету.
С. Бегалин. Әңгімедегі бала Шоқан
С. Бегалин. Әңгімедегі бала Шоқан
Поэмадағы Шоқан бейнесін жан – жақты талдау, сыни тұрғыдан баға беру. Оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау.
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқан бейнесі
Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқан бейнесі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, Сарыарқа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Рухат Жүнісов Құрмашұлы
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×