Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Иса Байзақовтың «Жазғы кеш» өлеңі

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Иса Байзақовтың «Жазғы кеш» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды Иса Байзақовтың жыр әлемімен таныстыру, өлең авторы туралы мағлұмат беру, ақынның жазғы кеш көрінісін танытудағы сөз қолдану ерекшелігін, суреттеу шеберлігін ұғындыру.
Дамытушылық: өлеңнің, сөздің астарына, қыр - сырына мән беруге, идеясын түсініп бағалай білуге баулу, өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелік: табиғатты сүю, сұлулық талғамын байытуға, әдемілікті сезіне білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, ой толғау.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, талдау, түсіндіру.
Көрнекілігі: оқулық, тақта, ақынның өлең жинағы, пейзаждық суреттер.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Бала Шоқан» әңгімесінің желісі бойынша рөлдерге бөліп, кішігірім қойылым (көрініс ) дайындау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз Иса Байзақовтың «Жазғы кеш» өлеңімен танысамыз!
Ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтемін.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді халық. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші, сауықшыл, өнерге жақын адамдар болған. Иса ақын жас шағында ән жырдың, сұлулықтың өшпес нұрына қанық боп өседі. 1900 жылы Павлодар облысы Ертіс өңірінде Иса дүниеге келеді. Тоғыз жасында шешесі өліп, нағашы атасының тәрбиесінде өседі. Туған нағашысы Рахмет жақсы әнші болған екен.
Иса табанда қиып салып өткір әрі отты өлең шығаратын ақын еді. Ол туралы Елубай Өмірзақов деген қазақтың ең даңқты әртісі: «Өз жасымда Исадай ақынды көргем жоқ» деп жазған. Иса 1922 – 1929 жылдары әр түрлі драмалық үйірмелерде және Қазақтың тұңғыш драма театрында әртіс боп ойнаған және өте дарынды әртіс екенін көрсеткен. Домбырасын құйындата тартып, небір желдірмелерді суырып салып төгіліп, елді риза етіп жүрген. Иса әйгілі «Құралай сұлу» дастанын шығарған.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Ақынның «Жазғы кеш» өлеңіне оқушылардың назарын аудартамын. Өлеңді, ең алдымен, байыппен әр жолын зер сала мәнерлеп оқып шығамын. Тақырыпты ашу мақсатында 1 - 2 оқушыға тізбектей, нақышына келтіріп оқыттырамын. Содан соң өлеңнің жалпы мазмұны сұралады:
1) Өлеңде не айтылған? Астарында қандай ой жатыр?
2) Ақын өлеңді қалай, қандай сөздер арқылы жеткізген?
3) Өлеңнің қай тұсы ұнады? Неліктен?
V. Ассоциациялық ойын.
Оқушылар тақтаға қыздар және балалар болып 2 топқа бөлініп жарысады. «Жазғы кеш» дегенде ойларына қандай сөздер не сөз тіркестері түседі екен?

Ойларын неғұрлым көп әрі әдемі жеткізе білгендер жеңеді.
VІ. Шығармашылық жұмыс (дәптерге).
«Менің көрінісімдегі жазғы кеш» атты тақырыпта ой - толғау жазу.
Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңінің әуені баяу қосылып тұрады.
VІІ. Үйге тапсырма.
1) И. Байзақовтың «Жазғы кеш» өлеңін жатау;
2) Осы сияқты тақырыпта тағы да кімдердің өлеңдері бар?(іздену)
VІІІ. Бағалау.
8 715
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Абай өмірінен қысқаша мәлімет алады, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқиды мазмұнын түсінеді
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау; өлеңнің, сөздің астарына, қыр - сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Иса Байзақов «Жазғы кеш» өлеңі
Иса Байзақов «Жазғы кеш» өлеңі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №20 жалпы орта білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байғалиева Нурия Аманжолқызы
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы, №147 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тайғараева Эльмира Нақыпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×