Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай сөйлемнің түрлерін қайталау

03 сәуір 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлерін қайталау

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың жай сөйлем түрлерінен алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, нығайту, синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру; 2. Дамытушылық: Жай сөйлем түрлерінен алған білімдерін шығармашылық тұрғыда қолдануға, оқушыларды шешен сөйлеуге, ойын ашық айтуға бағыттау; 3. Тәрбиелік: Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарастарын қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарын жетілдіру.
Сабақтың типі: қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс,
Пәнаралақ байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірме парақшалар, кесте - қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларының дайындық барысын бақылау. Сыныпты 2 топқа бөлу. І. «Дарын» тобы; ІІ. «Талап» тобы.

І. Бағдарлау кезеңі. Екі топқа сұрақтар беріледі.
«Дарын» тобына:
1. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлемнің түрі. (жалаң сөйлем).
2. Атаулы сөйлем дегеніміз......... (іс - оқиғаны баяндамай, тек заттың, құбылыстың, мекеннің, мезгілдің атауын білдіретін сөйлем).
3.... Сол күні қарлы жаңбыр жауған екен. Ұлпа уәделі жерге келсе, аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ.!..
Үзінді қай әңгімеден алынған? Авторы кім? Бірінші сөйлем жай сөйлемнің қай түрі? (С. Мұқанов «Есіл бойында»; жақты, жайылма, толымды).
4. Бастауышы мүлдем болмайтын сөйлемнің түрін ата. (Жақсыз).
5. Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалатын сөйлем. (толымсыз).
«Талап» тобына:
1. Тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүшелердің қатысуымен жасалатын сөйлемнің түрі. (жайылма сөйлем).
2. Толымды сөйлем дегеніміз.....( айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан жай сөйлем).
3.... Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір - бір ауыздан ән салды.
Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы? Бірінші сөйлем жай сөйлемнің қай түрі? ( Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» әңгімесі. Жақты, толымсыз, жайылма).
4. Бастауышы бар, жоқ болса, сұрақ қою арқылы тауып алға болатын сөйлемнің түрі қалай аталады? (жақты).
5. Қыс. Қаңтар айы. Айсыз бұлтты түн.
Жай сөйлемнің қай түрі? (Атаулы).

ІІ. Қарлы кесек ойыны. Ойынның тапсырмалары:
«Дарын» тобына: 1. Жақты, жайылма, толымды сөйлемдерге мысал келтіріңдер.
«Талап» тобына: 1. Жақсыз, жалаң, толымсыз сөйлемдерге мысал келтіріңдер.

ІІІ. Жаттығу жұмыстарын орындату. Жай сөйлемнің түрлерін ажырату.
№ 1 – парақша.
Мұңды бір дауыс жақындап келеді.
Елбасымыздың сындарлы саясатының нәтижесінде Қазақстан қарыштап дамып келеді.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт, құты қашсын.
№ 2 – парақша.
Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды.
Астана. Бәйтерек. Самаладай жарқыраған шамдар.
Халыққа әділет, жанашырлығымен жағатын адам.
№3 – парақша.
Қарлығаштар тағы келді. Сүйікті қарындасым.
Желтоқсан айы. Бұлтты күн. Жер қалың қар.
Тыңдай білу тыңғылықтылығы – ойлай білудің кілті екен.
№ 4 – парақша.
Кең байтақ Отанымыздың жүрегі – Астана қаласы. Қазақстан – қазақтың ақ бесігі.
Сөз анасы – құлақ. Әңгімешіл, сөзуар сөзімен көпті үйіргіш адамдар бар.
Еркіндік көктемі. Дербес ел болу көктемі.

ІҮ. Қолдану. «Қыс келбеті», «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында толғау жазу.

Ү. Жинақтау. Венн диаграммасы.
Әр топтан екі оқушы шығып, «Жақты және жақсыз сөйлем», «Толымды, толымсыз сөйлем» өзіндік белгілерін және ортақ белгілерін жазады. Екі топтың қалған оқушылары «Жалаң және жайылма « сөйлемдердің өзіндік және ортақ белгілерін жазады.

ҮІ. Сәйкестендіру тесті.
1. Жақты сөйлем 1. Кілең ығай мен сығай, жайсаң мен жампоз.
2. Жақсыз сөйлем 2. Боран ұйытқи соғып тұр.
3. Жалаң сөйлем 3. Әлі жауап қатпаған Абайды сөйлеткісі келді.
4. Жайылма сөйлем 4. Дос жүрегіне сенеді.
5. Толымды сөйлем 5. Өзім сөйлесемін.
6. Толымсыз сөйлем 6. Ақан бүгін шиті мылтықпен киік атып әкелді.
7. Атаулы сөйлем 7. Аспан бүгін тап - таза.

ҮІІ. Бағалау. «Өзін - өзі бағалау парағы» бойынша оқушылар өз жауаптарын бағалайды.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау
ІХ. Үйге тапсырма. «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында толғау жазу.
18 138
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң болып бөлінуі тұрлаулы мүшелерге, жайылма болып бөлінуі тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
Қарсылықты салалас сөйлем
Қарсылықты салалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыра білу;
Атаулы сөйлем
Атаулы сөйлем
Жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен сөздердің білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту. үйрету
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Сөйлем мүшелерін қайталау
Сөйлем мүшелерін қайталау
Исмагулова Бекзат Мейрамқызы Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Оқушылардың жай сөйлемнің қайсысына қарай бөліну түрлері бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×