Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түскі ас. Шығыс септік (5- сынып)

04 сәуір 2013, Бейсенбі
5 -сынып үшін қазақ тілінен сабақ жоспары (презентациясымен)

Сабақтың тақырыбы: Түскі ас. Шығыс септік.
Сабақтың түрі - дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі - Білім мен іскерлікті қалыптастыру
Сабақтың мақсаты: білімділік - Оқушылардың сөздік қорын молайту, шығыс септіктің жалғану жолдарын түсіндіру; түскі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.
тәрбиелік - денсаулықтың кепілі - дұрыс тамақтану, тамақтану ережелерін сақтауға баулу.
дамытушылық - Мәтін мен мақал - мәтелдер мазмұны арқылы ойлау, түсініп оқу, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.
Сабақта қолданатын көрнекі құралдар - белсенді тақта, оқулық, жеке тапсырмалар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру. Кезекшілер диалогы:
- Сен қандай сүт өнімдерін білесің?
- Қазақтың ұлттық тағамдары қандай?
- Таңғы ас туралы қандай мақалды белесің? т. б.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Сөздер мен ереже жаттау (зат есімнің септелуі) «Таңғы ас» мазмұндау

3 Сөздікпен жұмыс
Ас мәзірі - меню
қою тамақ - вторые блюда
сұйық тамақ - первые блюда
сусын - напитки
түскі - обеденный
әртүрлі - разнообразная
қабылданады - принимается
болуға тиісті – должен быть
палау - плов
мәнті - манты
шырын - сок
ас ішер алдында - перед едой
асықпай - не торопясь
Берілген сөздермен сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру

4. Жаңа сабақ
ә/ Мәтінмен жұмыс Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, сөздерді сөз құрамына талдау
Түскі ас
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болу керек. Түскі аста негізгі тамақ қабылданады.
Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам, қою тағам және тәтті тағамнан тұрады. Ас мәзірі мынандай болуға тиісті: сұйық тағамға - борщ немесе салма, қою тағамға – палау немесе мәнті, сусындардан - бір стақан сүт, шай немесе кофе.
- Балалар, тамақтанудың қандай ережелері бар?
Тамақтану ережелері:
1. Өз уақытында тамақтану керек.
2. Ас ішер алдында қолыңды жуу керек.
3. Тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды.
4. Тағамды асықпай жеу керек.
5. Тамақты көп жемеу керек.

5. Бекіту ә/ ауызша жұмыс а/ 67 - бет Шығыс септік
Жұппен жұмыс
а/ Тапсырма: Бауырсақ – ұннан, жұмыртқадан, сүттен, тұздан, ашытқыдан жасалады.
- Шығыс септік сұрақтары қандай?
- Жалғаулары қандай?
- Қалай жалғанады?
- Борщ неден жасалады? (еттен, сорпадан, орамжапырақтан, пияздан, картоптан, қызынақ пастасынан жасалады)
- Мәнті неден жасалады? (еттен, пияздан, сарымсақтан, тұздан, ұннан жасалады )
Ас, тамақ туралы қандай мақал - мәтелдерді білеміз?

ә/Жеке тапсырма 1
- Сен түскі асты қайдан ішесің? /үйден/
- Түскі ас мәзірі неден тұрады? /Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам, қою тағам және тәтті тағамнан тұрады.
Жеке тапсырма 2 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Тату үйдің тамағы тәтті. В дружной семье и еда вкусная.

Жеке тапсырма 3 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
Керекті сөздер: тоқ сытый, аш - голодный, ұйқы - сон, басады - одолевает, қашады - убегает.
Сытого человека сон одолевает,
От голодного человека сон убегает.
Жеке тапсырма 4 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Асы бар аяқтан аттама.
Керекті сөздер: аяқтан - синонимі: ыдыстан
Не переступай посуду с едой
Жеке тапсырма 5 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Жаманнан жарты қасық ас қалар.
Керекті сөздер: жаманнан - синонимі: жаман адамнан; қалар - остается
От плохого человека остается пол ложки еды
Мақалдарды тақтадан жазу
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру
Септіктер қайталау, сөздер жаттау, «Түскі ас» мазмұндау, мақал - мәтелдерді есте сақтау

Мәтінмен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, сөздерді сөз құрамына талдау
Түскі ас
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болу керек. Түскі аста негізгі тамақ қабылданады.
Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам, қою тағам және тәтті тағамнан тұрады. Ас мәзірі мынандай болуға тиісті: сұйық тағамға - борщ немесе салма, қою тағамға – палау немесе мәнті, сусындардан - бір стақан сүт, компот немесе шай.
Жеке тапсырма 1

- Сен түскі асты қайдан ішесің?
- Түскі ас мәзірі неден тұрады?
______________________________________________________________________

Жеке тапсырма 2 Мақалды қалай түсінесің? /аудар/

Тату үйдің тамағы тәтті.
______________________________________________________________________

Жеке тапсырма 3 Мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Керекті сөздер: тоқ сытый, аш - голодный, ұйқы - сон, басады - одолевает, қашады - убегает.
______________________________________________________________________

Жеке тапсырма 4 Мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Асы бар аяқтан аттама.

Керекті сөздер: аяқтан - синонимі: ыдыстан
______________________________________________________________________

Жеке тапсырма 5 Мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Жаманнан жарты қасық ас қалар.

Керекті сөздер: жаманнан - синонимі: жаман адамнан; қалар - остается

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 907
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуін түсіндіру, зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстыру арқылы өзгешеліктерін байқату.
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатканова Жаңыл Мукановна
Шығыс септік
Шығыс септік
Қызылорда қаласы, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Умиралиева Молдир Балгабаевна
Кешкі ас. Көмектес септік
Кешкі ас. Көмектес септік
Рамазанова Ә. М. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі №4 орта мектеп
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×