Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауысты дыбыстар және олардың түрлері. Жуан және жіңішке дауыстылар

16 сәуір 2013, Сейсенбі
Сабақтың мақсаты:
Дауысты дыбыстардың жұп-жұбымен бірнеше топқа бөлінуін көрсету. Тілдің қатысына қарай бөлінуін аңғарту;
Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыр, оқу - білімге деген ынталарын арттыру;
Бірлікке, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, талдау, ойын, топтастыру
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка
Көрнекіліктер: әліпби, сызба плакат, «Жасырынған әріптер», интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:
I Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
3. Поэзия минуты («Үш бақытым», М. Мақатаев).
М: - Үш бақыттың бірі – тіл. Олай болса, сол тілді оқып - үйрену үшін қазақ тілі сабағын
бастайық. Бәріңе сабақта сәттілік тілеймін.
М: Мұғалімнің ассистенті сайланып, «Бағалау парағын» жүргізу ескертіледі.
Сабақ топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Топ аты мен басшылары сайланады.

II Үй тапсырмасын тексеру
1. 238 - жаттығу. Оқыту арқылы тексеру. Бас әріппен жазылатын сөздерді бас әріппен бастап жазу.
Слайд №1 (Тексеру үшін) Ертеде. Бір. Жалғыз. Оны. Әй. Атқа. Өзін. Мұны. Бұл.
2. Әліпбиді жатқа 3 оқушыдан сұрау (әр топтан 1 оқушыдан).
3. «Жасырынған әріптер» ойыны. Әліпбидегі әріптердің ретін жатқа білуі тексеріледі.
Слайд №2
7 ----1--- 26 ---37 ---24 ----25 ---37
Д ---а ----у -----ы ----с -----т ---ы
7 ---37 ---3 ----37 ----24 ----25 ---1 -----23
д ---ы ----б ----ы -----с ------т ----а ------р
М: - Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Дауысты дыбыстар және олардың түрлері.
Жуан және жіңішке дауыстылар
М: - Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазып қоялық.
(Сабақаралық байланыс жасалады.)
Слайд №3
"Фонетика" топтастыру
(Тіл дыбыстары, әліпби, тіл білімінің бір саласы, буын, әріп)

- Тіл дыбыстары қалай жасалады?
- Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
- Сөйлеу мүшелеріне не жатады?
- Өкпе, ауыз қуысы, оның ішіндегі тіл, таңдай, ерін және мұрын қуысы.
а) Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі
- Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, и, э, у
- Тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстар үш топқа бөлінеді:
• жуан және жіңішке
• ашық және қысаң
• еріндік және езулік
Слайд №4
Тілдің қатысына қарай:
жуан: а, о, ы, ұ,(у)
жіңішке: ә, ө, і, ү, е, и, э, (у)
Жақтың қатысына қарай:
ашық
қысаң
Еріннің қатысына қарай:
еріндік
Езулік

Слайд №5
М: Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалады.
Жіңішке дауыстылар тілдің ілгері сызылуы арқылы жасалады.
Мысалы: Астана – жуан буынды сөз.
Бәйтерек – жіңішке буынды сөз.
Кітап – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (араб сөзі).
Телефон – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (орыс тілінен енген сөз).
Ботагөз – аралас сөз, біріккен сөз.
Аз - кем – аралас буынды сөз, қос сөз.
У – ерекше дыбыс. Ол - бірде дауыссыз, бірде дауысты, бірде жуан, бірде жіңішке дауысты.
Мысалы: сұлу, тура (У дыбысы – жуан дыбысты дыбыс.)
куәлік, жүру (У дыбысы – жіңішке дыбысты дыбыс.)
жауын, қауын (У дыбысы – дауыссыз дыбыс.)
ә) Жаттығу жұмыстары

Слайд №6
I тапсырма. Берілген сөзге ассоциация құру. Жіңішке буынды сөздердің астын сызу.
I топ
«Мектеп»
Мұғалім, ұстаз, білім, оқу, оқушы, класс, баға, тақта, дәптер, сөмке, т. б.

II топ
«Әдебиет»
Ақын, жазушы, өлең, әңгіме, кейіпкер, шығарма, теңеу, портрет, роман, т. б.
III топ
«Тіл»
Тіл әлемі, ауызша тіл, лексика, фонетика, тіл мәдениеті, қазақ тілі, ана тілі, т. б.

Слайд №7
II тапсырма. Бейне материалмен жұмыс. Бейне материалдағы заттардың атын жазу. Жуан буынды сөздердің астын сызу. (Интерактивті тақтаның кітапханасын пайдалану)
I топ
Сиыр, қой, қаз, шошқа, торай, ешкі, лақ, әтеш, тауық.
II топ
Жылан, елік, бұзау, ит, үйрек, өрмекші, маймыл, қоңыз, балық, қарға, құс, жолбарыс, қозы, жылқы.
III топ
Бейне материалдағы сөздерге қосымша жалғап, сөйлем ойлау.
Сергіту минуты «Кім тез табады?»
М: Сабағымыз М. Мақатаев өлеңімен басталды. Ал, енді М. Мақатаев сөзіне жазылған әндерді тыңдап, атын табамыз.
«Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Сен көріктісің»
Оқулықпен жұмыс
240 - жаттығу. Ауызша орындалады. Жұмбақты шешу. Дауысты дыбыстарды анықтау.
Слайд №8
I топ. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең – қанат, сүті дәрі,
Еті тамақ. (Жылқы)
II топ. Әкесі – тышқан,
Шешесі – құстан. (Жарқанат)
III топ. Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (Тоңазытқыш)
241 - жаттығу. Жазбаша орындалады.
I топ. Жіңішке буынды сөздерді теріп жазу. (6 сөз)
Білу, сену, беру, ілу, кезу, көну.
II топ. Жуан буынды сөздерді теріп жазу. (8 сөз)
Ашу, қазу, қу, жолығу, сызушы, жу, қану.
III топ. Берілген сөздерге қосымша жалғап жазу.
Ашулы, білуге, қазушы, сенуге, жазушы, қулық, берудің, ілуге, жолығуға, кезуші,
сызушының, жума, көнудің, қонуға.
III тапсырма. Деңгейлік тапсырма.
Слайд №9
I топ
Көп нүктенің орнына дауысты дыбысты қойып көшіру.
От... н, ж... ңіс, т..., бат... р, ард... гер, ерл... к.
II топ
Оқу - білім тақырыбына
3 мақал - мәтел жазу. Дауысты дыбыстың астын сызу.
III топ
Шығармашылық жұмыс. «Достық» тақырыбында мәтін құрастыру немесе өлең шығару.

IV. Бекіту.
I топ. «А» дыбысының басталатын жуан буынды сөзге мысал келтіру.
II топ. «О» дыбысынан басталатын жуан буынды сөзге мысал келтіру.
III топ. «Ұ» дыбысынан басталатын жуан буынды сөзге мысал келтіру.

V. Үйге. 242 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойып көшіру.
Ғ. Мүсіреповтің «Жаңа достар» әңгімесі бойынша «Кейіпкер бейнесі» тақырыбында ойтолғау жазу. У дыбысы бар сөздерді табу. Талдау.
VI. Бағалау. Бағалау парағы бойынша бағалау.
131 912
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
№З Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Изтлеуова Гүлшат Бисенқызы
Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
Астана қаласы №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серикова Шолпан Жетеновна
Еріндік және езулік дауыстылар
Еріндік және езулік дауыстылар
Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Даулетиярова Айман Биржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×