Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан сөзі шеберханасы

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті, 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңін оқыту
«Мағжан сөзі» шеберханасы
Сабақтың ұраны: Оқимыз, ойланамыз, табамыз.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды “Мағжан сөзіне” қызықтырып отыра, өз қабілеттеріне сай тапсырмалар орындау барысында өлеңді талдауға үйрету

Сабақтың алгоритмі
• 1 - кезең Индуктор. Шығармашылық үрдіске кіру, тақырыпқа қызықтыру. Фильм “Мағжан ақын”
• 2 - кезең Реконструкция. Өзін сабаққа бейімдеу, ассоциациялық қатар құру
• 3 - кезең Социализация. Жалпы сыныпқа бейімдеу. Өлеңді талдау
• 4 - кезең Бөлу, жекелеу. Берілген білімді қай дәрежеде қабылдағанын пайымдау
• 5 - кезең Пластика Ойларын қорытындылау
• 6 - кезең Жарнамалау. Жасаған жұмысты жария ету
• 7 - кезең Рефлексия. Өздік зерттеу, өздік талдау, әңгімелеу
Күтілетін нәтиже:
- М. Жұмабаев туралы мәлімет алады.
- Туған елі, Отанына деген сүйіспеншіліктері оянады.
- Өз беттерімен білім алуға талаптанады, интерактивті тақтамен жұмыс жасап, интербелсенді тапсырмаларды өзі орындауға мүмкіндік алады.
- Шығармашылық жұмыспен айналысуға төселеді.

Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: М. Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен қысқаша мағлұмат беру, өлеңдегі негізгі ойын таба алуға дағдыландыру
ә) Дамытушылық: шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой - өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру, білгендерін жаңамен ұштастыру
б) Тәрбиелік: елжандылыққа, адамгершілікке, әдебиетті сүюге, өзара көмектесуге, бірін - бірін тыңдауға, қолдауға тәрбиелеу. суреттеу, шығармашылық, зерттеу.
Сабақтың технологиясы: педагогикалық шеберхана
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: топтық жұмыс, ассоциация құру, ой салу, ойланту зерттеу, талдау, суреттеу, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қосымша материалдар, ақын өмірі мен шығармашылығымен байланысты мәтіндер, зерттеу тапсырмалары.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру (3мин)
Мақсаты: Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, оқу жағдайын туғызу.
1 - кезең
Индуктор. Жұмыстағы болашақ қадам.
Мақсаты:
Жаңа сабақта жаңа ұғымдар, жаңа білім беру. Негізгі мәселені, жаңа білімнің түйінді дәндерін бөліп ала білу, білімді шығармашылық жолмен тәжірибеде қолдану.
Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы фильм көру
2 - кезең
Реконструкция. Өзін сабаққа бейімдеу.
Сөзбен байланысты қандай ойындар білесіңдер?(сөзжұмбақ шешу, анаграммалар, сөз құру, «саңырау телефон», «Қалалар», «Таңғажайып әлем»)
Ассоциациялық қатар құру: Мағжан ақын, суретші, сезімтал, азамат...
2. Социализация. Жалпы сыныпқа бейімдеу.
Түсінік
Мақсаты: «Сағындым» өлеңімен танысу, ақынның негізгі айтар ойын ұғыну
Жалпы сыныптық тапсырма:
1. Өлеңді іштей жеке оқып, танысу
2. Өлеңді оқығандағы өз сезімің?
Өлең ұнады ма? Неліктен?
Қалай әсер етті?
3. Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?
Қолдану
Мақсаты: Мәтіндегі ойды сұрақтар арқылы ашу.
Топтық тапсырмалар беру арқылы оқушы ойына ой салу, пікір айтуға жетелеу.

• Зерттеушілер тобы: Талдау
Мақсаты: Ақынның ішкі ойын, сезімін түсіну
1. Ақын кімдерді, нелерді сағынды? Кестені толтыру
Кімдерді сағынды? Нелерді сағынды?
2. Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?
3. Бұдан ақынның еліне, жеріне, халқына жеген сүйіспеншілігін қалай түсінуге болады?
Сатылай кешенді талдау элементтерін енгізу.
Тақырыбы: еліне, жеріне, анасына деген сағыныш.
Идеясы: Шындық өмір көріністерін суреттей еркіндікті, бостандықты бағалау.
Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 8 шумақты өлең.
Тармақ – өлеңнің әр жолы. 4 тармақты.
Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
Ұйқас. Қара өлең ұйқасы. а - а - б - б
Әдеби теориялық ұғымдар. Теңеулер бар.
Түсіндірме сөздік. Абақты – түрме, ауыр иіс – жаман иіс, жүйрік жел – қатты жел.
Өлеңнің негізгі түйіні. Туған жерге, туған табиғатқа, туысқан - бауырға деген махаббат.
Сабақтың салауаттылық бағыты
Мақсаты: Оқушылардың сабақ барысында шаршамауын қамтамасыз ету
Демалыс, сергіту сәті. Дене қозғалысын жасау, жаттығу жасау
• Шығармашылық тобы: жаңалық ашу
Мақсаты:
- Қабылданған жаңа білімді саралай, талдай білуге бағыттау.
- Өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізу, ізденіске дағдылану, жаңалық ашуға талпыну, ойын дәлелдеу.
- Оқығанды түсіну немесе оқығанын өз ойымен әрі қарай өрбіту
Кінәні жүрекке қой,
қойма маған... – деп ақын неліктен айтады?
Сарапшылар тобы: Интерактивті тақтада жазушының өмірінен берілген хабарламаның негізгі түйінді дәнін бөліп алып, сызып көрсету, түсіндіру, дәлелдеу.
Интерактивтік тақтамен жұмыс.
Тыңдайды, қайталайды, жазады, дәптермен жұмыс жасайды
Мәтінмен жұмыс. мәнерлеп оқу, жеке жұмыс, топтық жұмыс, сұрақ – жауап әдісі.
Өлеңде қайталанып отыратын «сағындым» сол ағайынды, анамды, жарымды, елімді, Сарыарқамды) сағындым» деген жолдардан ақынның қандай сезімін байқауға болады?
Әдебиет теориясы: Адамның көңіл - күйін, жүрек сезімін, күйінгенін, сүйінгенін, ішкі жан сырын жырлайтын өлең – лирикалық өлең деп аталады. Лириканың бас кейіпкері – ақынның өзі.
Лириканың бір үлгісі – Мағжанның өлеңдері. “Мағжан өлеңдері өкіндіреді, мұңайтады, жылатады, аятқызады, есіркетеді, жігер береді”
Жүсіпбек Аймауытов

3. Сергіту сәті.
Мағжанның сөзіне жазылған “Сен сұлу”өлеңін тыңдау

4. Бөлу, жіктеу
* Өздерің тұрған ауыл - аймақ, қала т. б мекендеріңді басқа жерлерден артық, ыстық көретіндіктерін, себебін ашып, түсіндіріңдер, сырласыңдар. Ақын ойымен сенің ойыңның бір тоғысатыны жері бар ма? Бар болса себебі неде?
* ӨШПЕС МҰРА. Көптеген өлеңдер, аудармалар, әңгімелері, поэмалары
“Мен жастарға сенемін”, “Мен кім?”, “Анама”, “Қазақ тілі”, “Түркістан” т. б. өлеңдері
“Ертегі”, “Қорқыт”, “Батыр Баян”, “Қойлыбайдың қобызы”

*Мағжан туралы пікірлер
“Мен шығыс поэзиясын жоғары бағалаймын. Өйткені шығыс поэзиясы халқы сияқты мол тынысты, кең құлашты, сөздері саф аятындай.
Абай өлеңдерін оқи отырып, өзіме көп нәрсені қабыл алдым, ал Мағжан поэзиясынан оның халқы, туған жері туралы көп нәрселер білдім. “
(Агата Кристи)
“Мағжанның керемет лирикасы,”- көрнекті ақынның туындыларын Н. Назарбаев осылай бағалаған. Туған жерін, туған халқын жанындай сүйген ақын бар шығармашылығын соларға арнайды. Мағжан ақынның қандай шығармасын оқысақ та, біз оның жүрек жылуын, махаббатын сеземіз.
Мағжан – культурасы зор ақын. Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны, сондықтан біз Мағжаннан үйренуіміз керек.
(М. Әуезов)
Мағжанның атасы Жұмабай қажы үш жасар немересінің басынан сипап:
“Осы балдырғаным түбінде менің атымды күллі ғаламға әйгілі етеді”, - деп данышпандылықпен болжаған.

5. Пластика
Мағжан сөзі туралы ойларыңызды
қорытындылап, суреттеңдер

6. Жарнамалау
«Сағындым» өлеңін оқуға шақыру.

7. Рефлексия.
Өлең ұнады ма? Неліктен?
“Сағындым” өлеңін лирикалық шығарма деп атауға бола ма?
Ақын туралы не айтасың?
Жүйелеу, ой - түйін жаса
«Әдеби теориялық ұғымдар» модулі
Лирика және оның түрлері туралы түсінік
Интерактивті тапсырмалар бөлімі
Нені түсіндім, нені жете түсіне алмадым?
Үй тапсырмасын белгілеу
Мақсаты: Шығармашылық ізденістерін дамыту. Өлеңнен өзіңе ұнаған үзіндіні жаттау, ой толғау жазу.
Өз бетінше орындауға арналған тапсырма:
“Мағжандай болу арманым” атты шағын шығарма жазу
11 140
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау
М. Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау
Мағжан атамның рухымен сырласа отырып, оның ұлттық құндылық екенін, қазіргі заман жастарына маңыздылығы
Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққұлова Күнжамал
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Квадрат теңдеулердің түбірлерін табудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып есептер шығару
Квадрат теңдеулердің түбірлерін табудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып есептер шығару
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебінің математика пәнінің мұғалімі Бейсенбаева Күләй Шөпшібайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?» өлеңі
Повладар облысы, Екібастұз қаласы, «Солнечный» поселкесі, № 28 Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Айжан Абилгаламова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×