Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты аяла да, бағала

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты аяла да, бағала»
Тіл ұстарту (Фонетикадан өткенді қайталау)

Сабақтың білімділік мақсаты: Өзінің өсіп - өнген ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге, ұқыпты қарауға үйрету.
Фонетикадан алған білімдерін пысықтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ойындар арқылы ойлау белсенділігін дамыту, өз ойын еркін айта білуді қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғат әлеміне сүйіспеншілігін арттыру арқылы экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Тірек - сызба, интерактивті тақта, слайд суреттері, «Табиғат көріністері».
Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Ғажайып саяхат сабағы.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезең
а) Тіл дамыту сұрақтары.
(оқушыларды түгендеу, күн, апта атауларын сұрау.)
б) Оқушылардың сабаққа зейінін аудару үшін психологиялық дайындық
Қазір балалар, дидактикалық ойын ойнаймыз.
Ойынның аты «Қай жыл мезгілі?» деп аталады.
Мен сендерге өлең оқимын, ал сендер қандай жыл мезгілі екенін және әр мезгілдің ай атауларын айтуларың керек.
Мұқият тыңдаңдар.

Жақсы балалар, ай, жыл мезгілдерін біледі екенсіңдер. Енді бүгінгі сабақ тақырыбының негізгі сөзін білу үшін мына сөзжұмбақты шешеміз.
1. Ағаштан ағашқа секіретін аң.
2. Үй құсы.
3. Сиырдың төлі.
4. Үй күзететін жануар.
5. Қысы - жазы жасыл.
6. Қыс бойы ұйықтайтын аң
7. Бұл жануардың аты.
Сонымен, негізгі сөзіміз Табиғат екен

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы -«Табиғатты аяла да бағала!»
Ал табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс балалар, табиғат деген - орман, тау, су, ауа, жер яғни,
бізді қоршаған орта
Балалар, бүгінгі сабағымыз табиғатқа арналатын ерекше фантастикалық саяхат сабағы. Әлемде тіршіліктің төрт құдіреті бар. Олар - күн, жер, ауа мен су. Біз күнделікті өмірде осы төрт құдіретке сүйенеміз. Осының біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Қазір біз осы жерлерге саяхатқа шығамыз Бір аялдамадан екінші аялдамаға өту үшін түрлі грамматикалық тапсырмалар орындаймыз. Ал кәне балалар саяхатқа дайынсыңдар ма?
Алғашқы аялдаманың атауын білу үшін жұмбақ жасырамын, соның шешуін табыңдар.

Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен
Алты ай бойы түспейді.
- шешуі не екен, балалар. «Жер.»
- Дұрыс.
Топтық жұмыс. Оқушылар тақтадағы тапсырма жазылған гүлдің суретіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы, жерге гүл егеді.
І топ. Жер – Ана - біздің ортақ үйіміз
ІІ топ Ол бізді асырап отыр.
ІІІ топ. Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы.
- Балалар, суреттегі жеріміз әсем гүлге оранды, ал бізді асыраушы Жеріміз гүлденіп тұру үшін не істеуіміз керек?
Қазір сендерге экологиялық белгілері бар суреттер көрсетемін. Сендер оның мағынасын түсіндіріп, қандай қорытынды шығару керек екенін айтыңдар. Оқушылар сурет бойынша өз ойларын айтады.
1. Ағашты сындырма!
2. Көк шөпті жұлма!
3. Аң - құсты атпа!.
4: Ұяны бұзба!

Қорытынды. Біз табиғаттың әрбір бөлшегіне ұқыпты қарауымыз керек.
Бұл тапсырманы орындадыңдар. Алға жүреміз.
Енді келесі аялдаманың атауын білу үшін мына жұмбақтың шешуін табайық
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
- Дұрыс шешуі ауа екен.
Аялдаманың аты -«Ауа»

«Дыбыс таңдау» ойыны. Құралайдың құраған сөзі мынандай.
(Қойдан қалып қойған қозыны Қуаныш қораға қамап қойды)
«Ж» «С»
«О» «Ә»
Әр оқушы тапсырманы тақтаға орындап, ағаш суретін Табиғат суретіне енгізеді.
- Балалар, сендер де Үкіметіміздің «Жасыл ел» бағдарламасына өз үлестеріңді қостыңдар. Сонымен, ауаны таза сақтау үшін не істеу керектігін мына өлеңнен оқып білеміз. (Хормен)
Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Сергіту сәті.
Мынау - Тілек ағашы. Осы ағашқа туған жеріміз Маңғыстауға деген тілектеріңді жазып ілулерің керек.
Демалдық, енді ғажайып саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Келесі аялдаманың атауын білу үшін сөздік ойынын ойнаймыз. Мына сөздерді аударып, осы сөздердің ортақ белгісін не екенін айтыңдар.
Дождь, река, озеро, снег. Ортақ белгісі не болды? Дұрыс – су.
Бұл аялдаманың аты – «Су» деп аталады. Осы аялдамада мынадай тапсырма жасырыныпты.
Тапсырма. Берілген сөйлемдердің қайсысында су туралы айтылған. Сол сөйлемді + белгісімен белгілеңдер.
*Ардагерлер мерекесі тойланды.
*Табиғатты аялаңдар.
*Каспий теңізінде балық көп.
*Біздің ауылымыз көркем.

Келесі аялдаманың атын білу үшін мына жұмбақты шешулерің қажет.
Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұрын таратқан.
Дұрыс шешуі –« Күн.»
Бұл аялдамада мынадай тапсырма орындауларың керек.
І топ. Венн диаграммасы бойынша дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін жазыңдар.

ІІ топ. Термелі диктант. Тасымалданбайтын сөздердің астын сызыңдар.
Ашық, қасық, 5кг, ара, балық, төл, алма, ТМД, Қ. Сәтбаев, адам, көлеңке, қара, бал, аю, кітап.
ІІІ топ. «Тапқыр болсаң» ойыны.
Мына өлеңнің авторын, атын табыңдар. Екпін түсіп тұрған дыбыстардың астын сыз.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған

Қорытынды. Төрт аялдамада табиғатты қорғауға байланысты тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Біз табиғатты аялауымыз, қорғауымыз керек. Себебі, Жер - үйіміз, Су - қазынамыз, Күн - жылуымыз, Ауа - өміріміз. (Хормен айту)

Мұғалім: Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауында туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз екенін, сондықтан туған жерімізді гүлдендіруге, көркейтуге табиғатты қорғауға қатысу керектігі айтылған. Ол үшін не істейміз? Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғаймыз.

Бағалау. Бағдаршам бойынша бағалау.
Қызыл «3» алған оқушыларға «тоқта, жауабыңды әбден ойлан!»
Сары «4» алған оқушыларға «күт, толық жауап бер!»,
Жасыл «5» алған балаларға «осылайша өз туған жеріңе өз үлесіңді қосып алға жүре бер.»
Үйге тапсырма. «Табиғат - тал бесігім» шығарма жазу, өлең шығару.
Бата беру. Табиғат атамыз бата береді.
Жас ұрпақ өмірлі болсын
Әр күндерің көңілді болсын.
Мерейлерің тым биік болсын
Білімдерің аса терең болсын
Жетістіктерің орасан зор болсын
Бағаларың өте жақсы болсын
Аспандарың ашық болсын
Дұшпандарың қашық болсын
Ә у м и н
13 308
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Аяласаң, табиғатты аяла
Аяласаң, табиғатты аяла
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Оқушылардың есептей білу дағдыларын қалыптастыру, өткен сабақта алған білімдерін пысықтай түсу, көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау.
Алтын күз сыйы
Алтын күз сыйы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы «Ақбота» шипажай типті балалар бақшасы тәрбиеші Жұбатова Күміскүл
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×