Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылау сөздер

03 мам 2013, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Шылау сөздер
Сыныбы: 6
Жалпы мақсаты: Оқушыларға шылау туралы түсінік беру, Өз ойларын толық байланыстыра отырып, сөйлеу шеберлігін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Сыныптағы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы, өз беттерімен жұмыс жасау, бір - біріне көмек бере білу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беру. Интерактивті байланыс арқылы топтық жұмыс жасату арқылы бірлесіп білім алуына мүмкіндік беру.
Оқытудың нәтижесі: Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады. Бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Түйінді идеялар: Топтық жұмыста өзін - өзі реттей алады. Диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы күмәнді жауаптарын түзете алады.
Психологиялық жағдай: Психогеометриялық диагностика

3 топқа бөлу.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

І Қызығушылықты ояту: Сөйлейтін сандар
36 ----28 ----45 ----56 ----35 ----81---- 24 ----72 ----88 ----36 ----63
Ш -----А -----З ------С -----У ------Д -----Л ------Е -----Р ------Ө -----Ы
9 х 4 = ------------ 4 х 9=
7 х 9= ----------- 9 х 5=
4 х 6= ----------- 9 Х 9=
7 х 4= ----------- 8 Х 9=
7 х 5= ----------- 11 Х 8=
8 х 7=

Ребус шешу
ІІ Мағынаны ажырату
Инсерт кестесі
Білдім + білемін, білгім келеді?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
1. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.
(Абай)
2. Менің әнімді сен ғана ынтығып тыңдайсың.
3. Бұл жерге Ербол мен Ерасыл бірге келген болатын.
Шылау сөз
Толық лексикалық мағынасы болмайды, Түрленбейді, Сөйлем мүшесі бола алмайды, Сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және қосымша мән үстейді
Шылау сөз Септеулік шылау Демеулік шылау Жалғаулық шылау

ІV Мағынаны ажырату Инсерт кестесі
Білемін+, білдім+, білгім келеді?

V Талқылау кезеңі
Білгенге маржан
Шылау сөзді табыңыз
1. Сатай көзін ашпастан самарқау ғана қимылдай бастады. Іңірде жағылған оттан кейін түні бойы суық тартып кеткен үйдің іші қоңыр салқын.
Қай шығармадан алынған үзінді? Авторы кім?
Шылау сөзді табыңыз
2. Бесінші. Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме - өзім есеп беріп, жақсы - жаман қылықтарымды осы дәптерге жазып отырамын.
Осы айтылғандарды жүзеге асыру – мен үшін ұлы сын. Егер осы сыннан өте алмайтын болсам, онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ.
Қай шығармадан алынған үзінді? Бұл кімнің сөзі? Авторы кім?
2. Бесінші. Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме - өзім есеп беріп, жақсы - жаман қылықтарымды осы дәптерге жазып отырамын.
Осы айтылғандарды жүзеге асыру – мен үшін ұлы сын. Егер осы сыннан өте алмайтын болсам, онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ.
Қай шығармадан алынған үзінді? Бұл кімнің сөзі? Авторы кім?

VI Оқулықпен жұмыс
323 - жаттығу
Мәтіннен шылау сөзді табыңдар.
Сергіту сәті
«Артық білім - кітапта»
Сызбаны толықтырып жазу
Уақыт
ғасыр ___... жыл
жыл ____... ай
мезгіл ____... жыл мезгілі
ай _______... күн
апта ______... күн
күн ______... сағат
сағат _____... минут
минут ____... Секунд
Айырмашылығына қарай топтастырыңдар
Ғасыр Жыл Мезгіл
Ай Апта Күн
Сағат Минут Секунд
Секунд - минут - сағат - күн - апта - ай - мезгіл - жыл - ғасыр - өмір

VII Ой толғаныс
5 минуттық эссе
Менің бір күндік өмірім

VIII (Ауызша) Семантикалық карта
Қ/с --------- Сөз таптары ------- Еліктеуіш -------- Бейнелеуіш ------ Одағай ------- Шылау
1 Пай - пай
2 Туралы, үшін
3 Тарс - тұрс
4 Жә
5 Кә - кә
6 Не, бірақ, да, өйткені
7 Селк
8 - Ақ, ғана
9 Ырс - ырс
10 Саңқ

Қорытынды кезеңі
Бес жолды өлең
Сөз таптарының бірі: шылау
Өзіндік ерекшелігі: ол түрленбейді
Басқа сөз таптарынан айырмашылығы: лексикалық мағынасы жоқ
Басқа сөз таптарынан айырмашылығы: Сөйлем мүшесі бола алмайды
Басқа сөз таптарынан айырмашылығы: Сөздерге, сөйлемдерге қосымша мән үстейді
Бағалау кезеңі: тест
Біліміңді сынап көр

1. Шылау дегеніміз не?
А) лексикалық мағынасы бар сөз.
В) түрленетін, сөйлем мүшесі болатын сөз.
С) лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады

2. Шылау сөздер білдіретін мәні мен атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
А) екіге В) үшке С) төртке

3. Шылау сөздің басқа сөз таптарынан айырмашылығына жатады:
а) тәуелденеді, септеледі
в) жіктеледі, көптеледі
с) түрленбейді

4. Қай сөзде шылау бар.
А. Қараған(ды) қаласы
В. Ол көргенін айтқан(ды)
С. Бала қаз(ды) қуды

5. Шылау қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Оның кітабы соғыс туралы екен.
В) Мен ержеткенде мұғалім болғым келеді.
С) Менің болашақ арманым әнші болу.

6. Шылау сөздің басқа сөз таптарынан айырмашылығына жатпайды:
А) Бүгін ерте келдік, бірақ жарыстан қалып қойдық.
В) Шылау сөз тұрлаулы, тұрлаусыз мүше бола алдады.
С) Шылау сөз түрленбейді.

Бағалау парақшасы
1. с 2. в 3. с 4. В 5. а 6. в
6 дұрыс болса 5
4 - 5 дұрыс болса 4
3 дұрыс болса 3
1 - 2 дұрыс болса 2
Рефлексия
Білемін + білдім + білгім келеді?
17 963
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Оқушыларды математика факультативтерінде олимпиадаға дайындау
Оқушыларды математика факультативтерінде олимпиадаға дайындау
Әріптестердің заман талабына сай жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру, әдіс - тәсілдерді насихаттау арқылы күрделі есептерді шешуде негізгі ұғымды меңгерту және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау, қызығушылықтарын арттыра отырып, өз тәжірибелеріне
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (7 сынып)
Кешкі ас. Көмектес септік
Кешкі ас. Көмектес септік
Рамазанова Ә. М. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі №4 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×