Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Модульдік технология әдістемелері элементтерін пайдалана отыра «Зат есім» тақырыбын қорытындылау

15 мам 2013, Сәрсенбі
Тақырыбы: Модульдік технология әдістемелері элементтерін пайдалана отыра « Зат есім» тақырыбын қорытындылау.
Лексикалық тақырыбы: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы.
Ой қазық: Біздің ынтымағымыз достығымыз, жасампаздық күш - қуатымыз, тұрақтылықты; азаматтық және жалпыұлттық татулықты сақтауға; еліміздегі бейбіт өмір мен тыныштықты қамтамасыз етуге деген ұмтылысымыз - Қазақстанның гүлденіп - көркеюі мен игілік жолында арманды алға басуының басты кепілі.

Тақырыбы: Зат есімді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік Зат есім бойынша алған білімдерін еске түсіріп, қайталау барысында жинақтап, жүйелеу. Сөйлемнің ішінен зат есімді таба білу.
Дамытушылық: Оқушылардың мәтінді талдай білу деңгейінің біліктілігін арттыру; ойпікір қабілеттерінің деңгейін жоғары сатыға көтеру.
Тәрбиелік мәні: Егеменді еліміздің Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халқына жолдаған Жолдауының идеясын ұқтыру. Қазақстан мен Ресей елінің достығы, экономикалық қарым - қатынасы туралы ойтолғау.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақта қолданған әдіс - тәсілдер: Модульдік технология әдістемесі элементтері арқылы сұрақ - жауап талдау, толтыру, кластер, Венн - диаграммасы, ұжыммен, топпен жұмыс, және деңгейлік тапсырмалары бар жұмыстар.

Мұғалім - мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып; жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің, қоғамның саяси мәдени дамуына үлес қосатын білімді де мәдениетті, парасатты денсаулықты мықты азамат тәрбиелеп шығару біздің бірінші міндетіміз. Талабы таудай - жеке тұрғаны іздеп тауып, оны баулып шығару, оқушы қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап адам дәрежесіне көтеру өте күрделі шығармашылық жұмысты талап етеді. Ол үшін жұмысқа жаңашыл бетбұрыс керек қазіргі педагогика теориясы елеулі өзгешілігіне еніп білім беру жүйесіне жаңа технологиялар өмірге келуде.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақта пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігін байланысты таңдап алады. Осы жағдайларды ескере отырып мектеп мәселесін байланыстыра, биылғы жылы 3 сынып оқушыларымен модульдік оқыту технология әдістері элементтерін сабақ барысында пайдалануды жөн көрдім.

Модульдік оқыту технология әдістемелері элементтерін ұжыммен жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, тірек - схема, тірек - конспект, кластер, Венн - диаграммалары, деңгейлік тапсырмалар мен оқушы білімін тексеру жұмыстары ретінде тест жұмыстарын қолданып отыра алу. Сабақ кезеңдері мен сабақта берілетін материал көлеміне, мазмұнына, оқушылардың материалды қабылдау мүмкіндігі мен шығармашылық қабілеттеріне байланысты.
Сабақты меңгеру барысында мұғалім мен оқушы міндеті айқын болуы керек.
Сабақта қолданылған көрнекі құрал - жабдықтар: тірек - сызба, ойтүрткі, мәтін шағын тест, класстер, Венн - диаграмма. Қазақстан мен Ресей картасы, буклет.
Сабақтың интеграциялық мүмкіндігі - азаматтық құқық.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, өмірмен байланыс.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
1. Оқушылардың сауатты көркем жазу дағдыларын ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен көркем жазу жұмыстарын жүргіздім.
Отан. Орман. Отау.
2. Берілген осы сөздерді кірістіре өздері білетін мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш жазғызамын.
Мысалы: Отансыз - адам
Ормансыз - бұлбұл
3. Осы мақал әдебиеттің қандай саласына жатады?
Ауызша әдебиет.
4. – Жақсы енді оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатымен сөзжұмбақ шешкізіп, бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын өздеріне ашқызамын.

1. Астың дәмін келтіреді?
2. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
3. Жыл басынан құр қалған жануар
4. Иесі - сәби, өзім әрі төсек, әрі...
5....... – адамның арқауы
6. Сүттен жасалған тағам
7. Күбіге құйып дайындалатын сүт тағамы

Сөзжұмбақ шеше отыра оқушылар сабақ тақырыбы «Зат есім» екендігін айтады.
- Ал өзім қайталау сабағы екендігін естеріне салып «Қайталау - оқу аласы» деген ұранымен «Ой толғанысы» жұмысына яғни алған білімін қорытындылатын кезеңге назарын аударып тірек - сызба бойынша сұрақ - жауап жұмыстарын жүргіземін.
Мысалы: Зат есімге байланысты сұрақтарға жауап алуға тырысамын.
1. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? (Зат есім кім? не? нелер? Сұрақтарына жауап береді)
2. Зат есім нені білдіреді (Заттың атын білдіреді)
3. Зат есімнің мағыналық түрлері? ( жалқы, жалпы)
4. Зат есімнің құрамдық түрлері? (Зат есімнің құрамдық түрлері, негізгі туынды, дара, күрделі)
5. Сөйлемде атқаратын негізгі қызметі? (бастауыш, баяндауыш)

6. Болжау стратегиясы бойынша деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың қиялдау, ойлау, болжам жасау, негізіне бөліп алу жұмыстарын топ бойынша жүргіземін.
І топ –«Тапқырлар»
ІІ топ – «Шығармашылық»
Бұл жұмысқа оқушылардың саяси, экономикалық білім деңгейлерін көтеру мақсатымен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауынан мәліметтері алынып сөйлем ішінен зат есім жолдауға деген көзқарасы, ой - пікірі талқыланды.
І топ – Тапқырлар:
Жолдаудан жаңаша серпін істеріміздің бірі - білім беру жұмысын жақсарту бағыттары. Мұғалімдер мен оқушыларға жағдай жасап, мектептерді жөндеуден өткізу.
Былтыр 68 мектеп салынған еді. 2004 жылы 70 жаңа мектеп салынды. 500 мектеп жөндеуден өтеді. Бескөл селосында 388 орындық қазақ мектеп көтергелі отыр. Осы уақытта Қызылжар ауданында 21 мектеп интернет жүйесіне қосылды.

ІІ топ – Шығармашылық:
Жуырдағы Елбасы жолдауында құрылысты көтерудің әлеуметтік маңызы зор. Тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты белгіленеді. Ауданда 88 үй салу жоспары жасалған. Жыл басынан бері 6 үй ғана берілді. Бұдан бірнеше ай бұрын 25 орындық орталық моншасы жөнделіп, іске қосты.

IV кезең. Білімді бақылау. (тест)
Міндеті: Оқушының зат есім тақырыбы бойынша білім деңгейін тексеру.

Мұғалімнің сөзі: - Балалар осы сабақтан алған білімдеріңді жинақтау үшін шағын тест орындаймыз.
І. Толықтыр
1. Заттың _______________ зат есім дейміз.
ІІ. Сәйкестікті тап:
1) Жалпы зат есім а) Қызылжар
2) Жалқы зат есім ә) Аудан
ІІІ. 1) Дара а) Ақтөбе
2) Күрделі ә) Ойын
IV. 1. Жанды а) Оқушы
2. Жансыз ә) Қарлығаш
V. 1. Негізгі а) Ойыншық
2. Туынды ә) Ойын
VI. Зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықта.
Қазақстан Республика Президентінің жоспары.
- Тест қорытындысын жұппен бір - біріне тексерту.
Музыкалық пауза

IV. Қорытынды кезең: Ой түрткі
- Балалар 2004 жыл қай жылы деп жарияланған?
- 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы деп атанған
-
Мұғалімнің сөзі: (картамен жұмыс)
- Қазақстан мен Ресейдің шекарасы 7 мың шақырым.
Қазақстан мен Ресейдің достығының ежелден тарайды. Ерте заманнан бастап екі ел арасында сауда - саттық қарым - қатынастары қалыптасқан. Біздің Республикамыз көп ұлттық мемлекет. Еліміз тыныштық пен ұлтаралық келісім жағдайында өмір сүруде. Біздің арманымыз екі елде де тыныштық болсын, тату - тәтті өмір сүру. Қазақ халқының мына нақыл сөзі өте орынды айтылған: « Жері жақынның елі де жақын» ( тақтаға іліп қою )

- Ал енді балалар осы екі ел туралы кластер құрастырайық.
- «Қазақстан елі деген» сөзді айтқанда қандай сөздерді елестетуге болады?
Қазақстан

Отан
Респубилка
Мектеп
Президент
Мемлекет
Ел
Туған жер
Халық
- Ал енді көрші ел Ресей туралы не білесіңдер?
Ресей
Отан
Мемлекет
Ел
Халық
Президент

- Осы кластер бойынша екі елдің ұқсастығын тауып Венн - диаграммасын толтырайық.
- Осы ұқсастықты сипаттайтын сөздер қандай сұраққа жауап береді?
- Ұқсастықты сипаттайтын сөздер Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарына жауап береді.
- Ендеше, қандай сөз табына жатады?
- Сонымен, балалар бүгін біз сіздермен «Зат есім» тақырыбын қайталап, елімізде болып жатқан Елбасы Н. Ә. Назарбаев жолдауымен, екі ел достығы – Қазақстан мен Ресей ел арасында жағдайға да тоқтадық.
Енді Тірек - схема бойынша коллективпен қайталайық. ( сұрақтар арқылы)
VII кезең. Үйге тапсырма: Бүгінгі сабақта алған мәліметтер бойынша өз ойларыңызды қағаз бетіне түсіріңдер. (шағын әңгіме, мини шығарма )
І топ - жазады әңгіме
ІІ топ - мини шығарма жазады және зат есімнің астын сызады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 437
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Тест. Қазақ тілі 6 сынып
Тест. Қазақ тілі 6 сынып
Қазақ тілі 6 сынып. ІІ тоқсанда өткен тақырыптар бойынша тест жұмысы.
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Сан есім
Сан есім
Атырау қаласындағы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтпанова Зина Тлегеновна
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×