Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алаш жұртының алдаспаны – «Қазақ»

28 мам 2013, Сейсенбі
Алаш жұртының алдаспаны – «Қазақ»
(«Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған танымдық шара)
Қатысқандар: № 35 мектеп - гимназиясы 9 сынып оқушылары
Мақсаты: Қазақ журналистикасының бастау көзі «Қазақ» газетінің алаш зиялыларының арман - мақсатын жариялаған үнжариясы ретінде дәріптеу, газет редакторларының бірі А. Байтұрсыновтың журналистика саласына қосқан үлесі туралы мәлімет беру, ұғындыру, қазіргі қазақ баспасөзі туралы оқушылармен пікір таластыру арқылы көзқарастарын қалыптастыру.

І жүргізуші Осыдан тура 100 жыл бұрын Алаш арыстарының сөз мінбері, қазақ журналистикасының бастау көздерінің бірі «Қазақ» газеті жарық көрді.

ІІ жүргізуші Хандық билігімізден айырылып, қарашамыз ақ патшаға қараған, қараңғылық жұртымызды жайлаған «түнерген бұлттар» заманында барша қазақтың көгіне жарық шашқан «Қазақ» елдік сананың еңсесін түзеп, Алаш рухын оятуға талпынды. Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын жариялап тұрған басылым жаңа қазақ тілінде шынайы кәсіби газет стилін қалыптастырды, зор ағартушылық рөл атқарды.

ІІІ жүргізуші «Қазақ» газетінің 100 жылдығының қазақ қоғамы үшін маңызы өте зор. Өйткені «100 жыл бұрынғы қазақтың мұңы, қазақтың уайымы қандай еді, бүгін қандай және қалай шешілуде» деген сауалдар қазіргі қазақ баспасөзіне де қойылады.

ІV жүргізуші «Қазақ» газетінің 100 жылдығы бізге мына тақырыпқа назар аударуға мүмкіндік береді: ұлттық күрес ең алдымен интеллектуалдық алаңда, яғни ұлттық сана үшін күрестен басталғанын білдіреді. Бұл күрестің ауыртпалығын осының өзінен - ақ байқаймыз, өйткені ол әрбір қазақтың санасы үшін жүрді. Сол кездегі қазақ басылымдарының қазақ мәселесін табандылықпен көтеруі саяси қозғалыстың да дамуына белгілі бір деңгейде ықпалын тигізді.

1 - оқушы «Қазақ» газетінің алғашқы саны 1913 жылғы ақпанның 2-сінде жарық көрді. Оның атауы Қазақ деген төте жазумен жазылды. Кейіннен газетте киіз үйдің суреті бейнеленді. Түндігі батысқа қараған себебі – батыстан қазақ еліне өркениет келсін, батыс өркениетінен үйренейік деген мағынада болса керек.

2 - оқушы Ал газеттің «Қазақ» деп аталу себебін газет басқармасы былай деп түсіндірген екен: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету - қазақ баласына міндет. Құдай сәтін салсын, «әумин»деп қол жайып,«әуп» деп күш қосып, «Алла» деп іске кіріселік.

І жүргізуші Тарихи деректерге қарағанда, «Қазақ» деген атаумен қазақ газетін шығаруға ресми рұқсат Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылғы желтоқсанның 9 - ы берілген. Алғашында 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынборда аптасына бір саны шыққан газет, 1915 жылдан аптасына екі рет шығатын болды.

ІІ жүргізуші Газет авторларының бірі, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы газеттің алғашқы санында жарық көрген «Газетсіз ел жаны жоқ, өлгенге есеп!» өлеңінде қазақ даласының өз үнжариясына деген қуанышын жасыра алмады
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Газетсіз ел жаны жоқ, өлгенге есеп!» өлеңі
Дүниеге келді бізден талапты ұл,
Ержетсе, бар қазақтың басшысы бұл.
Бөгеттен ауру - сырқау аман сақтап,
А, Құдай! Құтты, өмірлі, бақытты қыл!
Үмітті Орынбордан бала туды,
Қолына жарық сәуле ала туды.
Мақсаты - қараңғыда жүрген халқын,
Ойлайды тура жолға қаратуды.
Күтіп ем тау ма деп көзім сүзіп,
Бұл кезде кетіп едім күдер үзіп,
Хабарын «Уақыттан» білгеннен соң,
Тірілді өлген үміт қаным қызып.
Көп қайғы болдың ұмтылғандай,
Бейнеттен бір зор ауыр құтылғандай.
Жақындап жан шағарға шөлдегенде,
Құмартқан сусын бейне жұтылғандай.
Қайғысыз жас жігіттей бола қалдым,
Бір тамшы қарлығаштың суындай ғып,
Алуға жылдық «Қазақ» ақша салдым
Табармын шамам келсе тағы жолдас,
Қам қылмай, қартайдым деп жатып болмас.
Үмітті жаңа туған жас баланы,
Ағайын, қырғыз - қазақ, түгел қолдас!
Ойлама «газет бізге не керек»деп,
Газетсіз ел жаны жоқ, өлгенге есеп!
«Көл болар көп түкірсе»деген кәні,
Кетпей ме бір тоқтыны қасқыр да жеп?

І жүргізуші Газет қолдан қолға, ауылдан ауылға өтіп, тозып жетіп жыртылғанша оқылды. Оны сол заманда Дала және Түркістан уәлаяттарына немесе 9 облыс және 1 губернияға бөлінген Қазақстанның түкпір - түкпіріндегі жұрт жаздырып алды. Жалпы тиражы - 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен. Барлығы 265 нөмірі жарық көрген. Қазіргі өлшеммен қарағанда тым аздау. Алайда байтақ даланың маужыраған иесін ұйқыдан оятып, санасын дүр сілкіндіру үшін осы аз ғана газет - ғұмыр қыруар жүкті арқалады.
ІІ жүргізуші «Қазақ» газетін метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт-Петербургтен Томскіге дейінгі университеттерінде білім қуып жүрген қазақ студенттері жаздырып оқығаны туралы деректер кездеседі.
ІІІ жүргізуші Аз уақыт ішінде «Қазақ» 5 миллионға жуық көшпенді халықтың көпшілігі білетін басылымға айналды. Оған қоса өзінен бұрынғы басылымдардың бірі де жаңа газетпен не сапасы, не көтерген тақырыптарының сан - салалығы, не таралымы жағынан тең келе алмады.

ІV жүргізуші Жазушы Мұхтар Әуезов: «Қазақ» газеті ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жинап, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп талап қыла бастаған уақытқа келді. Бұл тұтынған жолда «Қазақ» газеті өз міндетін дөп атқарды»- деген екен.

3 - оқушы
«Қазақ» газетінің, шынымен де, ұлтқа қажет, ел іздеп оқитын басылым болғандығын оны жаздырып алушылардың санынан - ақ байқаймыз. Сонау 1913 жылы «Қазақты» жаздырып алушылардың саны 3 мыңнан асып жығылыпты. Бұл турасындағы деректі «Қазақ» газетінің 1914 жылғы алғашқы санында жазылған екен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт - дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып,
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық - саяси қызметі туралы ақпараттандыру
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан
Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысы
Сабақтың мақсаты: • Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.
Алаштану курсы
Алаштану курсы
Пән мұғалімі: Н. Б. Кульджина «Алаштану» таңдау курсы бойынша оқу бағдарламасы. 10 - 11 сынып (қоғамдық – гуманитарлық бағыт)
«Қазақ» газеті – елдіктің жаршысы
«Қазақ» газеті – елдіктің жаршысы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×