Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қозыкүрең

02 маусым 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: «Қозыкүрең»
Сабақтың мақсаты. Білімділік: өтілген тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап бекіту;
Дамытушылық: оқушыларды адал достыққа, сыйластыққа, мәрттікке тәрбиелеу, баулу;
Тәрбиелік: ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, ұтқырлыққа баулу.
Әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Көрнекілігі: кеспе қағаздары, сызба

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығын, сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қабдеш Жұмаділовтың өмірін сұрау (хронологиялық кестені толтыру)
Жыл Болған оқиға
1936 Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.
1956 Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, ҚазМҰУ - дың филология факультетіне оқуға келеді. Алайда 2 - курстан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылады.
1958 - 1962 Қытайда қуғын - сүргінге ұшырайды
1962 Қытай шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге ата мекенге қайтып оралып, оқуын қайта жалғастырып, 1965 жылы бітіріп шықты.
1965 - 1967 «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет етті
1967 - 1976 «Жазушы» баспасында қызмет етті
1981 Мемлекеттік баспалар комитетінде қызмет етті
1998 «Қазақстанның Халық жазушысы» деген атақ берілді.

2. Шығармалық жолдарын сұрау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту
1.«Кластер» әдісі
«Жылқы – малдың патшасы» мақалына кластер жасау;
Оқушыларға жылқыға қатысты мақалдар жаздыру.
Жылқы – малдың патшасы

Ер қанаты – ат
Жаман жолдастан таяғым артық, жаман аттан аяғым артық.
Ер басына күн туса, етігімен су кешер, ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер.

Жақсы ат – жанға серік
Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас.

Байтал шауып, бәйге алмас, құнан шауып, құр қалмас
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
Түйе – байлық,
Қой – мырзалық,
Жылқы - сәндік

2.«Түртіп алу» әдісі. Өз бетінше оқыған мәтінді талқылау

3. Мәтінмен жұмыс.
Шығармадан мақал - мәтелді теріп жазу.
4. Бекіту.
1. Әңгімеде қырғыз - қазақ достығының үлгісін көрсететін кімдер? (Ералы, Жұмақан, Абығай, Төреғұл)
2. Ералы мен Жұмақанды жақындастырып жіберген қандай оқиға?(ашаршылық)
3. Әңгімеде айтылатын ашаршылық қазақ елінің басынан қай жылдары өткен?
4. Әңгімедегі кейіпкерлерді атаңыз
5. «Қозыкүрең» оқиғасын Әңгімелеп отырған кімдер?
6. Саяқбай Қозыкүреңнің қашуға дайындалып жүргенін қандай әрекетінен байқады?
7. Қанша уақыттан кейін Қозыкүрең туған жеріне оралды?
8. Жатып қалған Қозыкүреңді тұрғызу үшін Саяқбай қандай ем жасады?
9. Саяқбайдың жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?

Сабақты қорытындылау:
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
(Мақал)
Үйге тапсырма:
«Мен де бір перзентімін туған жердің» тақырыбына ой толғау жазу.
7 064
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оразақын Асқар өлеңдері
Оразақын Асқар өлеңдері
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген.
Елім деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Атамекен, Отан, туған жер ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ әдебиеті 7 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ әдебиеті 7 сынып
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тонтакаева Қаламқас Қайыркенқызы
Қозыкүрең
Қозыкүрең
БҚО, Орал қаласы, №20 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шалқарова Айнұр Жангелдіқызы
Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» әңгімесі
Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» әңгімесі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қанатова Ақмарал
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Орта ғасырлардағы қытай мемлекеті, саяси құрылысы, діннің таралуы жайлы, оқушыларға тарихи мағлұмат беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×