Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті

23 тамыз 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №70 мектеп
тарих және құқық пәнінің мұғалімі
Ахметова Багила Серикбаевна

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: орта ғасырлардағы қытай мемлекеті, саяси құрылысы, діннің таралуы жайлы , оқушыларға тарихи мағлұмат беру
тәрбиелік: еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
дамытушылық: ой пікір, көзқарас қалыптастыру, өз ойын еркін айтуға тарихи оқиғаны талдай білуге үйрету
Көрнекілігі: интерактивті тақта, XI-XVIғасырлардағы Қытай,
Жапония елдерінің саяси картасы.тірек схемалар т.б
Әдісі: кім жылдам, математикалық қобдиша, тарихи сынақ хат,
суреттер сөйлейді.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп , олардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау. Жапониядағы феодалдық құрылыс.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Самурай деген сөз нені білдіреді?
2.Жапонияның саяси құрылымы қандай болды?
Сегун дегеніміз кім?
3.Шаруалар көтерілісінің негізгі талаптары қандай болды?
Халық жиналысы қандай мәселелерді шешті?
4.Жапон халқының ежелгі қолөнері несімен әйгілі болды?
5.Жапонияда бір орталыққа бағынған мемлекет құру үшін күрескен адамдарды атаңдар?
6.Жапонияның оқшаулану саясатын қалай түсінуге болады?
Математикалық қобдиша(ойыны).
Тапсырма: Математикалық есепті шығарда шыққан санда қандай оқиға болғанын айт.
1.1240+(60*4+3)=
2.15, 2 *100+12=
3.(100*3+72/6)+1280=
4.4400*0, 5-7, 72*100=
Жауаптар
1.1483 жылы 67 мың Жапон семсерлері шетелге сатылды
2.1532 жылы Жапонияның Киото, Харимо,
Исэ, Тайба, қалаларында көтеріліс болды
3.1592 жылы Жапония Корея еліне екі рет жорық жасады.
4.1428 жылы Жапониядағы шаруалардың ең ірі көтерілістері Киото қаласы маңында болды.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Микадо.Ең жоғарғы билік және жер иелігі.Ел билігін мұрагерлікпен қалдырып отырды
Сегун. Микадоның бірінші министрі, уәзірі.Әскери топ, қолбасшы.
Самурайларға басшылық етті .Өкімет басшысы, билікті мұрагерлікпен қалдырып отырды.1199жылы үкімет билігі Сегун Ходзе Токисамаға өтті.Жапонияда әскери –феодалдық мемлекет құрылды.

Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар: 1.Қытай мемлекеті
2. Қытайдың саяси құрылысы
3. Діннің таралуы
Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар-Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань;Шаньдан аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатыр.
Қытай елі күні бүгінге дейін Жібек елі деп аталады.Себебі Қытайда Жібек құрты өсіріліп келеді.Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталады.Жер иелігінің екі түрі болды.Мемлекеттік меншік және үлестік меншік.589 жылы Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет құрылды.Янь Цзянь елдің императоры болады.
589-616ж.ж Суй әулеті
616-907ж.ж Тан әулеті
960-1279 ж.ж Сун әулеті
IV-V ғасырларда Қытай мемлекетінде будда діні кең тарады.
Буддизм Қытайға Үндістаннан келген Дінді уағыздаушы және дінді таратушы Будда храмы болды.
Жаңа заманның I ғасырында Қытайда даосизм діні тарайды.Оның негізін қалаушы Чжан Лин
Қытай Халық Республикасы байрағы, елтаңбасы, әнұраны(Еріктілер маршы)
Ел ордасы Бейжің Ең ірі қаласы Шанхай Ресми тілі Қытай
Үкімет түрі Социалистік Республика төрағасы Ху Жинтау,
Премьері Уын Жиябау
Ұлттық ақшасы Қытай юәні Халық саны 1 миллиард 300 миллионнан астам
Тілі –Тибет тілдері тобына жатады.Тайвань, Сингапур, Малаизия, т.б елдерде қолданылады.
Мысалы: Чункуа кочэ-Қытай мемлекеті--------Уо-бес
Нихау-сәлем---------------------------------------------сыйчитхиа ай-төрт
Чуси-рахмет---------------------------------------------сэн-үш

Жаңа сабақты бекіту:
Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар беру
Кім жылдам, Тарихи сынақхат, Суретпен жұмыс,
Қорытынды: Сонымен балалар біз бүгін Қытай мемлекеті туралы көптеген мәліметтер алдық.Егер сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады.
Бағалау: Сабақтың қорытындысы бойынша оқушыларды бағалау. Алған бағаларын күнделік дәптерлеріне қойып беремін
Үй тапсырмасын беру:
1.Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті(оқуға)
2.Қытай мемлекеті(эссе жазу)
11 114
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Жапония мемлекетінің құрылымы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы
Жапония мемлекетінің құрылымы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №170 орта мектептің география пәні мұғалімі Әбдіжаппарова Жадыра Орынбайқызы
Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ қағанаты
Қызылорда қаласы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназиясы тарих пәні мұғалімі Ибраева Нағима Нұрмұратқызы
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Шукурбекова Сауле Боранбековна №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Шымкент қаласы.
Орта ғасырлардағы Қытайдың мәдениеті мен өнері
Орта ғасырлардағы Қытайдың мәдениеті мен өнері
Шукурбекова Сауле Боранбековна №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Шымкент қаласы.
Абылай хандығы. Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы
Абылай хандығы. Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп-гимназиясы Тарих пәнінің мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы Сабақ тақырыбы: Абылай хандығы. Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×