Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»

10 маусым 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
1. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру. Ақын шығармаларының тақырыбы туралы мәліметтер беру. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі адамның, ер жігіттің сенімді серігі – бәйге атының сыны мен бағасының берілуі.
2. Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
3. Ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету. Ақын шығармалары арқылы балалар бойына адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, мәнерлеп оқу, лингвистикалық түсіндірмелі оқыту, сұхбат жүргізу Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі
Күтілетін нәтиже: Абай шығармаларындағы өмірлік құндылықтарды тану, жүйрікті баптау, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын білу. Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, интерактивті тақта, оқушының дәптері

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» Сатылай кешенді талдау және өлеңнен жаман мен жақсы қасиеттерді жазып келу.
Рашитова Сабинаның сатылай кешенді талдауы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» СКТ

1. Авторы: Сүйінбай Аронұлы 1815 - 1898 жылдар аралығында Жамбыл ауданында өмір сүрген асқан айтыс шебері, әділ сыншы, Жамбылдың ұстазы.
2. Тақырыбы: «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
3. Жанр түрі: Лирика (көңіл - күй лирикасы)
4. Идеясы: адамгершілік асыл қасиеттерді дәріптеу
5. Шумақ саны: 3
6. Тармақ саны: 42
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11 - 12
9. Ұйқас түрі: аралас
10. Әдеби - теориялық ұғымдар

10. 1 Троп - сөзді құбылту
а) метафора - көкірегі - көр, көзі - соқыр
ә) метонимия - жамандар, жақсылар
б) антоним - жақсы - жаман, үлкен - кіші, алыс - жақын,
в) синоним - үлкен, кесек,
г) дисфемизм - өтірікші, өсекші,

10. 3. Сөзді ажарлау
а) Теңеу ел - жұртының қаласындай, әмме жұрттың анасындай, елінің ағасындай, алма, өріктің ағашындай, жанбай қалған шаласындай, сиырдың тентек болған танасындай, жылқының қотыр болған аласындай, басшы серкесіндей, қалың жүнді көрпесіндей, күймей піскен бөлкесіндей, жыл құсындай, балтаның ұңғысындай, ақылы ауысқан адамның жындысындай

11. Түсіндірме сөздік: тана - сиыр жасы
Таңгатаров Жангелді жақсы мен жаман қасиеттерді жазып келіп, өз ойын айтты.
1. Жақсы адам қасиеттері – ешкімді жатсынбайды, сөзіне сақ, елдің ағасы, елдің басшы серкесі, жүзі жылы, сөзі майда, жүзі жақсы, үлкен - кішінің бәрі жақсы, жыл құсындай, алысты жақын етер
2. Жаман адам қасиеттері – көкірегі – көр, көзі – соқыр, жүрер жолдан тал түсте адасушы, өтірікші, өсегі көп, іріткі салушы, ел арасын сөзбен бықсытушы, ұрыншақ, тентек, сүйкімсіз, жылқының қотыр болған аласындай, жаман адам балтаның ұңғысындай, өсек - аяң айтып жүреді, кеудесі үлкен, сөзі кесек, ақылы ауысқан.

ІІ Қызығушылықты ояту. «Ой қозғар» әдісі (интерактивті тақтадағы ой қазығы етіп алған пікірлерді оқу) 1.“Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.” Н. Назарбаев
2. “Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты - Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.” А. Байтұрсынов
3. “Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.” М. Әуезов

ІІІ Жаңа сабақ «Мағынаны тану» кезеңі
а) Абай ХІХ ғасырдағы қазақтың данышпан, суреткер ақыны, өз ұрпағын өнер - білімге үндеген ойлы ағартушы екендігін түсіндіру.
1845 - 1904 жылдарда өмір сүрген, қазақ әдебиетінің атасы, қазақтың Ұлы ақыны Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әжесі Зере, анасы Ұлжан. Табиғат лирикасына байланысты өлеңдер жазған, сазгер, аудармашы (араб, парсы, түрік, орыс ақындарының шығармасын аударған)
Абай тегі: 1. КішІк 2. Әйтек 3. Олжай 4. Қайдос 5. Ырғызбай 6. Өскенбай 7. Құнанбай
Аналары: 1. Күңке - Құдайберді - Шәкәрім.
2. Ұлжан – Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан
3. Айқыз – Халиолла, Ысмағұл

4. Торғай (Нұрғаным) – бала жоқ
Оқулықпен жұмыс. Бала Абай туралы оқу. «Ассоциация» әдісі (дәптерлеріне жазып отыру, түртіп алу.) Шартты белгілермен жұмыс. «v»- білемін, «+» - жаңалық, «-»- білмеймін, «?»- толығырақ білгісі келеді.

ә) Абай туралы не білеміз? тақырыбына сұхбаттасу

б) Өлеңнің тақырыбы, аттың сыны - жаратылыстың жанды бір бейнесі болған бәйге атқа арналған өлең. Ғасырлар бойында мал өсірумен, көшпелі күйде тірлік еткен елдің ақыны аттың бағасын өзгеше түсінеді. Соның ішінде бәйге аттың орны мүлде бөлек. Ол қазақтың бағзы заманнан бергі ауызша әдебиетінде де сан алуан «қиял пырағы» болып жырланып келген. Абай өмір кешкен кезде де ат – ер қанаты жүйрік ат, әсіресе, қазақ білген жануардың ішіндегі адамға ең ыстығы, қадірлісі екендігі. б) «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін барлық оқушылар оқулықтан дауыс ырғағымен мәнерлеп оқу, интерактивті тақтадан жылқының сыртқы мүшелерін көрсету, сондай - ақ, ақын суреттеуінен аттың түр - тұлғасы, жүріс - тұрысы, шабыс - желісі бейнелі сөздермен айшықталғаны жайлы оқушыларға мәліметтер беру.

в) Сөздік жұмыс «Сөзмаржан»
Сағақ – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы.
Жерсоғар – ат тұяғының арт жағындағы қатты жері, өкшелігі.
Ашамайлы – ашамай салынған деген мағынада.
Ашамай – атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы мағынада: арса - арса болған, арбиған.
Шідерлік – аттың сирағының шідер салатын жері.
Шідер – аттың сирағының екі аяғы мен артқы бір аяғын қосып салатын тұсау.
г) Мұғалімнің түсіндірмесі: Жүйрік баптап, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болған. Бұл өлеңде Абай бәйге атының мүсінін берген. Ат сипатын беретін әрбір сөзге тоқталатын болсақ, мысалы, «жауырыны етсіз тақтайдай - ақ» деген өлең жолына үңілейікші. Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін емес. Сол себепті де жауырынды етсіз тақтайға теңеуі ақынның шындығы болып келеді. Немесе «арты талтақ» деген суреттеме бар. Бәйге артының қолтығы, саны ықшам болып, бір - біріне жабысып жатса, шапқан кезде адымы ашыла ма? «қоян жақ», «қой мойынды» деген суреттемелер қаз - қалпында алғанда тым қарапайым - ақ. Ал қоянның жағы – ол қураған етсіз жақ. Жүйріктің жағы майлы болып келмейтінін ақын осы «қоян жақпен» беріп отыр. Осылайша әрбір бейнелі сөзге түсінік беру керек.

ІҮ Бекіту «Ойтолғаныс» кезеңі 3 топқа тапсырма беру.
Дәптермен жұмыс 1 - кесте
Өлеңнің алғашқы шумағынан дене мүшелерін тіркескен сөзімен теріп жаз
Шоқпардай кекіл, қамыс құлақ, қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ, ауыз омыртқа, майда жал, ой желке

Осы сөздерден омоним болатын сөздерді тап, мысал келтір
Қой
1. Қорада қой су ішіп тұр
2. Кітапты орнына қой
Ой
1. Оның ойы ұшқыр
2. Ауыл ойға қарай қоныс тепті
Жақ
1. От жақ
2. Адамның дене мүшесі
3. І, ІІ, ІІІ жақ

Тіркескен сөздердің ішінен тасымалдауға болмайтын сөздерді тап
Қой
Жақ
Ауыз
Жал
Ой


2 - кесте Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп, жаз
Жауабы: кекіл, құлақ, мойын, жақ, қабақ, ауыз омыртқа, жал, желке, мұрын, ерін, тіс, қабырға, жота, омырау, төс, бақай, тұяқ, шынтақ, аяқ, жауырын, сауыр, мықын, құйрық, қыл, ұршық, сан, бауыр, тірсек (шідерлі), көз
Осы сөздерге сұрақ қой Сұрағы: не? Қай сөз табына жатады? Сөз табы: зат есім 3 - кесте «Бес жолды өлең» (жаңа сабаққа байланысты бес жолдан тұратын қорытынды шығару) 1. Кім? Не? Абай 2. Қандай? Ақылды, зерек 3. Не істеді? Оқыды, жазды, қалдырды 4. Сөйлем Абай қазақтың ұлы ақыны

5. Синоним Абай – ақын Толықтыру тесті 4 - кесте

Батырлар жырындағы, ертегілердегі батырлар Астына мінген аты
Алпамыс - Байшұбар
Қобыланды - Тайбурыл
Ертөстік - Шалқұйрық
Күлтегін - Қарагер
Кендебай - Керқұла
Жаңа сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Абай атамыздың суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?
2. Өнердің басқа қандай түрін білесіңдер?
3. «Ат - ер қанаты» деген қанатты сөздің шығуы неліктен деп ойлайсыңдар?
4. Жылқы малы туралы қандай ән, би, күй аттарын білесіңдер?
5. Ат жайлы қандай мақал - мәтелдер білеміз?

1. Ат биеден, Аруана түйеден.
2. Тұлпар шаба жетіледі, Сұңқар ұша жетіледі.
3. Ат құлыннан, Батыр баладан.
4. Ат тұяғын тай басар.
5. Аттың аты үлкен, түйенің табаны үлкен.
6. Ерге лайық ат бітеді, Қызға лайық сән бітеді.
Сонымен оқушылар, жақсы атты танып білдік пе? Өлеңнің идеясы:
ер қанаты жақсы атты суреттеу, тану.
Өлеңнің түйіні: «Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас. Разы емен осындай ат мінбесем»

Ү Үйге тапсырма беру кезеңі 1 - топқа. Өлеңнен өздеріңе ұнаған 3 шумағын мәнерлеп жатқа оқу, эпитет сөздерді жазу. 2 - топқа мазмұнын қара сөзбен жазу. 3 - топқа теңеу сөздерді жазу, аттың суретін салу. Үш топқа да сатылай кешенді талдау. ҮІ Оқушылар білімін бағалау кезеңі.
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» СКТ

1. Авторы: Абай Құнанбайұлы 1845 - 1904 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында өмір сүрген, ақын, аудармашы, жазба әдебиеттің негізін салушы.
2. Тақырыбы: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
3. Жанр түрі: Лирика
4. Идеясы: ер қанаты жақсы атты суреттеу
5. Шумақ саны: 7
6. Тармақ саны: 28
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9. Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби - теориялық ұғымдар
10. 1 Троп - сөзді құбылту
а) омоним - көсем, ер, ат
ә) эпитет – қой мойынды, салқы төсті, шақпақ етті, қамыс құлақ, бөкен қабақ, қоян жақ, теке мұрын, бота тірсек,
б) теңеу - шоқпардай, тояттаған бүркіттей, жалпақ тақтайдай,
11. Түсіндірме сөздік:
а) сағақ -
ә) ұма -
б) аяң -
в) алшы -
г) аламайлы -
12. Өлеңнің түйіні: «... Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас Разы емен осындай ат мінбесем»
32 048
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай Құнанбаев « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
Абай Құнанбаев « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі адамның, ер жігіттің сенімді серігі – бәйге атының сынына баға беру. Оқыту нәтижесі: Ақын шығармаларының өмірлік құндылықтарын тану, жүйрік баптау, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын
Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар
Өлеңді мәнерлеп оқып, тақырыбы мен мазмұнына талдау жасау. Абай ақынымызды тағы бір қырынан /сазгер/ таныту.
Үздік Абайтанушы
Үздік Абайтанушы
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темкенева Толқын Алпыспаевна
Абай Құнанбаев. Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ
Абай Құнанбаев. Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 мектептің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×