Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев. Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ

07 ақпан 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ
Сабақтың мақсаты:
1. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру. Ақын шығармаларының тақырыбы туралы мәліметтер беру. Өлеңдегі адамның, ер жігіттің сенімді серігі – бәйге атының сыны мен бағасының берілуі туралы түсіндіру.
2. Оқушылардың тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
3. Ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету.
Ақын шығармалары арқылы балалар бойына адамгершілік, ізеттілік қасиеттерді тәрбиелеуге үлес қосу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, мәнерлеп оқу, сұхбат жүргізу
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, интерактивті тақта, оқулық
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Сатылай кешенді талдау және өлеңнен жаман мен жақсы қасиеттерді жазып келу.
Жақсы адам қасиеттері – ешкімді жатсынбайды, сөзіне сақ, елдің ағасы, елдің басшы серкесі, жүзі жылы, сөзі майда, жүзі жақсы, үлкен - кішінің бәрі жақсы, жыл құсындай, алысты жақын етер
Жаман адам қасиеттері – көкірегі – көр, көзі – соқыр, жүрер жолдан тал түсте адасушы, өтірікші, өсегі көп, іріткі салушы, ел арасын сөзбен бықсытушы, ұрыншақ, тентек, сүйкімсіз, жылқының қотыр болған аласындай, жаман адам балтаның ұңғысындай, өсек - аяң айтып жүреді, кеудесі үлкен, сөзі кесек, ақылы ауысқан. Өз ойларын жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ «Мағынаны тану» кезеңі
а) Абай ХІХ ғасырдағы қазақтың данышпан, суреткер ақыны, өз ұрпағын өнер - білімге үндеген ойлы ағартушы екендігін түсіндіру. 1845 - 1904 жылдарда өмір сүрген, қазақ әдебиетінің атасы, қазақтың Ұлы ақыны Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әжесі - Зере, анасы - Ұлжан. Табиғат лирикасына байланысты өлеңдер жазған, сазгер, аудармашы (араб, парсы, түрік, орыс ақындарының шығармасын аударған)
Абай тегі: 1. Кішік.
2. Әйтек.
3. Олжай.
4. Қайдос.
5. Ырғызбай.
6. Өскенбай.
7. Құнанбай.
Аналары: 1. Күңке - Құдайберді - Шәкәрім.
2. Ұлжан – Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан
3. Айқыз – Халиолла, Ысмағұл
4. Торғай (Нұрғаным) – бала жоқ

Оқулықпен жұмыс.
Бала Абай туралы оқу. «Ассоциация» әдісі (дәптерлеріне жазып отыру, түртіп алу.)
Шартты белгілермен жұмыс. «v»- білемін, «+» – жаңалық, «-»- білмеймін, «?»- толығырақ білгісі келеді.
ә) Абай туралы не білеміз? тақырыбына сұхбаттасу
б) Өлеңнің тақырыбы, аттың сыны - жаратылыстың жанды бір бейнесі болған бәйге атқа арналған өлең. Ғасырлар бойында мал өсірумен, көшпелі күйде тірлік еткен елдің ақыны аттың бағасын өзгеше түсінеді. Соның ішінде бәйге аттың орны мүлде бөлек. Ол қазақтың бағзы заманнан бергі ауызша әдебиетінде де сан алуан «қиял пырағы» болып жырланып келген. Абай өмір кешкен кезде де ат – ер қанаты жүйрік ат, әсіресе, қазақ білген жануардың ішіндегі адамға ең ыстығы, қадірлісі екендігі.

б) «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін барлық оқушылар оқулықтан дауыс ырғағымен мәнерлеп оқу, интерактивті тақтадан жылқының сыртқы мүшелерін көрсету, сондай - ақ, ақын суреттеуінен аттың түр - тұлғасы, жүріс - тұрысы, шабыс - желісі бейнелі сөздермен айшықталғаны жайлы оқушыларға мәліметтер беру.

в) Сөздікпен жұмыс: Сөзмаржан
Сағақ – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы.
Жерсоғар – ат тұяғының арт жағындағы қатты жері, өкшелігі.
Ашамайлы – ашамай салынған деген мағынада.
Ашамай – атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы мағынада: арса - арса болған, арбиған.
Шідерлік – аттың сирағының шідер салатын жері.
Шідер – аттың сирағының екі аяғы мен артқы бір аяғын қосып салатын тұсау.

г) Мұғалімнің түсіндірмесі: Жүйрік баптап, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болған. Бұл өлеңде Абай бәйге атының мүсінін берген. Ат сипатын беретін әрбір сөзге тоқталатын болсақ, мысалы, «жауырыны етсіз тақтайдай - ақ» деген өлең жолына үңілейікші. Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін емес. Сол себепті де жауырынды етсіз тақтайға теңеуі ақынның шындығы болып келеді. Немесе «арты талтақ» деген суреттеме бар. Бәйге артының қолтығы, саны ықшам болып, бір - біріне жабысып жатса, шапқан кезде адымы ашыла ма? «қоян жақ», «қой мойынды» деген суреттемелер қаз - қалпында алғанда тым қарапайым - ақ. Ал қоянның жағы – ол қураған етсіз жақ. Жүйріктің жағы майлы болып келмейтінін ақын осы «қоян жақпен» беріп отыр. Осылайша әрбір бейнелі сөзге түсінік беру керек.
- Енді балалар, айтыңдаршы, өзіміз қандай атақты бәйге аттарын білеміз?
- Иә, Ақанның Құлагері.
- Ол туралы қандай шығармалар бар?
- С. Жүнісовтің «Ақан сері» романы, І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы.
- Ендеше, осы шығармаларда Күреңбай сыншы Құлагер сипатын қалай берген екен, тыңдап көрейік.

д) Оқушыларға мысал ретінде романнан үзінді оқып беруге болады.
Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романынан: Асқа келген жұрт аузына Ақан мен оның Құлагері түсті. Күреңбай сыншының Құлагерге берген бағасы: кез келген жылқыда 12 қабырға болады. Ал Құлагерде 1 қабырға артық, міне, қанат деген сол қабырға, көріктей өкпені қыспай, кең тыныстануына бірден - бір себеп сол. Терінде сықпа құрттың дәміндей дәм жоқ. Жеті тері алынған. Құмалағында қоянның көз жасауындай бір тамшы су жоқ. «Ат шаппайды, бап шабады» деген бар емес пе? Шіркін ат та ат екен, баптаушысы да сабаз екен.

е) Сұрақтар:
- Ақын қазақтың күнделікті пайдаланып жүрген ауызекі тілінен қандай бейнелі, айшықты оралымдар жасаған? Шоқпар деген не? Ол өлеңде қандай бейнелі сөзге айналған?
- Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін бе?
- Жүйрік аттың аса биік болмайтынын қалай береді?

ІҮ Бекіту «Ойтолғаныс» кезеңі 3 - топқа тапсырма беру.
Дәптермен жұмыс 1 - кесте
● Өлеңнің алғашқы шумағынан дене мүшелерін тіркескен сөзімен теріп жаз
шоқпардай кекіл, қамыс құлақ, қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ, ауыз омыртқа, майда жал, ой желке

● Осы сөздерден омоним болатын сөздерді тап, мысал келтір
Қой
1. Қорада қой су ішіп тұр
2. Кітапты орнына қой
Ой
1. Оның ойы ұшқыр
2. Ауыл ойға қарай қоныс тепті
Жақ
1. От жақ
2. Адамның дене мүшесі
3. І, ІІ, ІІІ жақ

● Тіркескен сөздердің ішінен тасымалдауға болмайтын сөздерді тап
Қой, Жақ, Ауыз, Жал

2 - кесте
Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп, жаз
Жауабы: кекіл, құлақ, мойын, жақ, қабақ, ауыз омыртқа, жал, желке, мұрын, ерін, тіс, қабырға, жота, омырау, төс, бақай, тұяқ, шынтақ, аяқ, жауырын, сауыр, мықын, құйрық, қыл, ұршық, сан, бауыр, тірсек (шідерлі), көз
Осы сөздерге сұрақ қой
Сұрағы: не?
Қай сөз табына жатады? Зат есім
3 - кесте
«Бес жолды өлең» (жаңа сабаққа байланысты бес жолдан тұратын қорытынды шығару)
1. Кім? Не? Абай
2. Қандай? Ақылды, зерек
3. Не істеді? Оқыды, жазды, қалдырды
4. Сөйлем Абай қазақтың ұлы ақыны
5. Синоним Абай - ақын
Үйге тапсырма беру. Өлеңнен өздеріңе ұнаған 3 шумағын мәнерлеп жатқа оқу, аттың суретін салу.
Оқушылар білімін бағалау кезеңі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 112
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай Құнанбаев « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
Абай Құнанбаев « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі адамның, ер жігіттің сенімді серігі – бәйге атының сынына баға беру. Оқыту нәтижесі: Ақын шығармаларының өмірлік құндылықтарын тану, жүйрік баптау, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын
Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар
Өлеңді мәнерлеп оқып, тақырыбы мен мазмұнына талдау жасау. Абай ақынымызды тағы бір қырынан /сазгер/ таныту.
Үздік Абайтанушы
Үздік Абайтанушы
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темкенева Толқын Алпыспаевна
Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Батырова Бибигуль Рахимовна
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 мектептің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×