Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пікірталас мәдениеті. Қазіргі қоғамдағы пікірталастың мәні

10 наурыз 2020, Сейсенбі
Сабақтың типі: кіріспе сабақ
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың пікірталас туралы дүниетанымын кеңейту, пікірталасқа қатысты тірек сөздерді меңгерту.
Тәрбиелік: оқушыларды пікірталас мәдениетіне баулу, жаңа білім алуға мотивация туғызу.
Дамытушылық: оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, олардың өз көзқарастарын дәйектеп, тұжырымдап айта алу біліктілерін жетілдіру.
Сабақтың формасы: топтық
Сабақта қолданылатын әдістер: интерактивті әдістер, талдау, түсіндіру, ой қорыту
Сабақтың жабдығы: таратпа материалдар, АТ құралдары.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңінде: 1) оқушылардың топқа бөлінуі (Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін тармақтарға бөліп, сол бойынша топтастырылды). 2) Сарапшыларды тағайындау (2мин).
Кіріспе. (Сабақтың мақсаты, жоспары және тақырыптың маңызы туралы мұғалімнің сөзі) (1мин.)

2. Сабақтың барысы. Топтық жұмыс:
1 - тапсырма. «Пікірталас мәдениеті» дегенді қалай түсінесіздер? Осы ұғымды ашатындай ереже - анықтама құрап жазыңдар (2мин.)
Мақсаты: тақырыпты меңгеруге мотивация туғызу.
Бағалау критерийлері:
- Оқушылардың термин сөз бен оның білдіретін мағынасын байланыстырып айта алуы;
- Өз ойларын дәйектеп жеткізе алуы.

2 - тапсырма. Сабақ тақырыбымен ұштастыра отырып, топтарыңызға ат қойыңыздар. Осы атты таңдау себептеріңізді дәйектеңіздер. Топ мүшелерін таныстырыңыздар (2мин.)
Мақсаты: оқушылардың ассосациялық қабілеттерін шыңдау.
Бағалау критерийлері:
- Оқушылардың ой жинақтап, пікірін дәйектей алуы;
- Таныттыруға қажетті сөз этикетін дұрыс, жүйелі қолдана алуы.

3 - тапсырма. Өздеріңіз күнделікті өмірден, БАҚ құралдарынан немесе мерзімді баспасөз беттерінен кездестіріп жүрген пікірталас түрлерін жазыңыздар (2мин.)
Мақсаты: тақырыптың өмірмен байланысын таныту.
Бағалау критерийлері:
- Оқушылардың ой жинақтап, пікірін дәйектей алуы;
- Таныстыруға қажетті сөз этикетін дұрыс, жүйелі қолдана алуы.
3 - тапсырма: Өздеріңіз күнделікті өмірден, БАҚ құралдарынан немесе мерзімді баспасөз беттерінен кездестіріп жүрген пікірталас түрлерін жазыңыздар (2мин.)
Мақсаты: тақырыптың өмірмен байланысын таныту.
Бағалау критерийлері:
- Мәселені өзара талқылау нәтижесінде ортақ түйін жасай алуы;
- Өзіне таныс құбылыстарды саралап айта алуы.

4 - тапсырма: Қазақ және орыс тілінде берілген пікірталас атауларын аудармасымен жұптап жазыңыздар (3 мин.) Экраннан «Сөзталас, круглый стол, ойталқы, полемика, атыс, дебат, ойкөкпар, спор, пікірсайыс, дискуссия, дөңгелек үстел, диспут, айтыс» сөздері көрсетіледі.
Мақсаты: пікірталас түрлері атауларын меңгерту.
Бағалау критерийлері:
- Термин сөздің мағынасын түсіне алуы.
(Оқушылар жауап берген соң, дұрыс жауап нұсқасы экраннан көрсетіледі).

5 - тапсырма. Пікірталасқа қатысушыға қойылатын талаптарды оқып, олардың ішіндегі өздеріңіз ең басты талап деп санайтын біреуіне түсінік беріңіздер (3мин.).
Мақсаты: пікірталс мәдениеті талаптарымен таныстыру.
Бағалау критерийлері:
- Талаптардың мәнін түсінуі;
- Өз ойларын дәлелдей алуы.
Айтыскерге қойылатын талаптар:
• Тақырыптан ауытқымау;
• Өзіндік айқын көзқарастың, позицияның болуы;
• Өзін - өзі дұрыс ұстай білуі;
• Сөйлеу шеберлігі;
• Жоғары мәдениеттілік (сөзге тоқтау, дауыс көтермеу, ашуланбау);
• Қарсыласын да, аудиторияны да сыйлау, т. б.;
• Қара басының намысымен қатар ортақ пікірге деген мүдделілік;
• Қарсыласына кезек беріп отыру;
• Регламент сақтау.

6 - тапсырма. Берілген сөз орамдарының қайсыларын пікірталас үстінде мүлде қолдануға болмайды деп санайсыздар? Себебін шешендікпен, сөз мәдениетімен байланыстырып түсіндіріңіздер (2мин.).
Мақсаты: алған білімдеріне сүйеніп, пікірталаста қолданылатын сөз орамдарын талғай алуға үйрету.
Бағалау критерийлері:
- Этикеттік сөз орамдарының мағынасын түсіне білуі;
- Өз пікірлерін өткен материалдарды пайдалана отырып бекіте алуы.
1 - топқа ұсынылатын сөз орамдары:
«Менің ойымша, Сіз бір нәрсеге мән бермей тұрған сияқтысыз», «Сөзіңізді нақтылай түспес пе екенсіз...». «Бұлай деуге мүлде болмайды», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні неде?»
2 - топқа ұсынылатын сөз орамдары:
«Сіздіңше, барлық шиеленіс біздің әрекетімізден басталады екен ғой...». «Басқа пәле тілден» деген, байқап сөйлеңіз, әйтпесе...», «Сөзіміз сұлу сарайдай, бірақ жылуы қандай?», «Ойланайықшы...»

7 - тапсырма. Серік Негимов пен Бернард Шоудың пікірлерін тірек етіп ұстанып және жоғарыда айтылған өз ойларыңызға сүйеніп, Демократиялық қоғамдағы пікірталастың маңызы туралы сабақ қорытындысын тұжырымдап жазыңыздар (3мин.).
Мақсаты: сабақта алған білімдерін қорыту.
Бағалау критерийлері:
- Дәйексөзді орынды қолданып, өз сөзімен сабақтастықта жеткізе алуы.
- Айтылған ойлардан түйін жасай алуы.
1. Серік Негимов: «шешендіктің анасы - демократия».
2. Бернард Шоу: «егер қолында бір - бір алмасы бар екі адам сол алмаларын алмаса, онда бәрібір екеуін де бір - бірден алма қалар еді. Ал бір - бірден жаңа ойы бар екі адам бір - бірімен пікір алмасса, онда олардың әрқайсысында екі - екіден ой қалыптасады».

Сабақты қорытындылау. Оқушылар білімін бағалау
Үйге тапсырма: Пікірталас туралы не білгім келеді? Деген сұраққа 4 - 5 пункттен тұратын жауап жазыңыздар.
40 891
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Антонимдер
Антонимдер
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Сақтар
Сақтар
Ежелгі Қазақстан территориясында өмір сүрген сақ тайпаларының тарихын, мәдениеті мен шаруашылығын қайталау Өз білгендерін айта отырып талдау жасау, өз көзқарасын білдіру, пікірталас туғызу. Оқушыларда табандылық, сынға төзімділік қасиеттерін баулу.
Иррационал теңдеу
Иррационал теңдеу
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің математика пәні мұғалімі Сатбергенова Сара Батырбекқызы
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Ұлыттық тағамдар
Ұлыттық тағамдар
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ергебекова Гүлшария Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×