Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімдіктерден өткенді қайталау

26 тамыз 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану;
ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелілік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу; топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Оқытудың әдісі: жинақтау, талдау, сын тұрғысын ойлау, сатылай кешенді талдау, тест, т. б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын, неміс тілі, биология.
Сабақтың көрнекілігі: есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер, ашық
формалы тест, сөзжұмбақ, бейнефильм, компьютер, бағалау парақшалары, т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу, ә) түгелдеу; б) сыныпты сабаққа даярлау.
(Топ жетекшілеріне бағалау парақтарын таратамын)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Қызығушылығын ояту
Математикалық ойын «Ғажайып алаң»
Таңбалары әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есептерді шығарып, төмендегі ұяшықтардағы жасырын сөзді табайық.
І топ --------------------------------------- ІІ топ ------------------------------- ІІІ топ
11, 5+(- 2, 5)=9 ---------------------- - 12, 5х(- 2)=25 ------------------- - 10, 2+12, 2=2
20, 2х2+(- 3, 4)=37 ------------------ - 153:(- 3)=51 --------------------- - 44х(- 2): 8=11

Жеңімпазға:
99: (- 9) х(- 3)=33
ә) Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?»
1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)
2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктері)
3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен, сен)
4. Көпшіл және көңілшек
Ештемені бөліп жармайды
Көптік ұғым беріп
Көпшілікті қармайды (Жалпылау есімдіктері)
1. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты. (Болымсыздық есімдіктері)

Жаңа сабақ.
а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық».
Тапсырма. Есімдік деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса, есімдіктердің түрлері де сонша. Енді сіздер тапсырманы орындадыңыздар. Шақпаққа мыналарды жазсаңыздар, ерекше тордағы сөзді оқисыздар.

1. Сілтеу есімдігі.
2. Сұрау есімдігі.
3. Өздік есімдігі(I жақ көпше түрі, тәуелденіп тұр)
4. Белгісіздік есімдігі.
5. жалпылау есімдігі
(Ережесін бірден сұрап отырамын)
ә) Сатылай кешенді талдау.
Бұл жерде ешкім сырымды білмейді.

Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды
Бұл ----------------- Ешкім ----------------------- Бүкіл
негізгі ----------------- негізгі ----------------------- негізгі
дара --------------------- күрделі ---------------------- дара
есімдік -------------------- есімдік --------------------- есімдік
сілтеу ------------------------- болымсыздық ----------- жалпылау
сұрағы: қай ------------------- сұрағы: кім ---------------- сұрағы: қай
анықтауыш ---------------------- бастауыш ------------------- анықтауыш

б) Мәтінмен жұмыс (Акула жайлы бейне фильм қойылады)
116 - жаттығу. Акула.
Мәтіндегі есімдіктерді мағынасына, сұрағына, тұлғасына қарай жазбаша талдатамын.
В) Полиглот (асты сызылған сөздерді орыс, ағылшын, неміс тілдеріне аудару керек)

І топ
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!
(Жарасқан Әбдірашев)

ІІ топ
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
(Абай)

ІІІ топ
Әркімді адам сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Заманы оны илемек.

Бекіту
А) Көру диктанты. (Жатқа жазып, есімдіктерді талдау)
Басқа жұрт балалары оқу қуған,
Біліммен өз жұртының бетін жуған.
Ішіп - жеп жүрсе егер жайған малдай,
Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!

ә) Тест (компьютер арқылы көрсетіледі)
Ашық формалы тест
Нұсқау: толықтырыңдар
1. Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші...(сені) сыйлайды.
2. Жаманның...(өзі) бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.
3. Балапан ұяда...(не) көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
4. Не ексең,...(соны) орарсың.
5. Біреу тойып секіреді,
...(Біреу) тоңып секіреді.

Қорытынды
А) Бекіту (Дәстүрлі сұрағымыз)
- Екі көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін керек.
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың ше?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
- Ал есімдік не үшін қажет?
- Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына есімдік сынды сөз табының қосар үлесі зор. Жүйелі ойлау мен ой - өріс кеңістігінің кеңеюіне есімдік те үлкен ықпал етеді.

ә) Кластер мен немесе топтастыру әдісі
Сонымен, есімдік жайлы білдік?
ЕСІМДІК

.......

Б) Бағалау (Бағалау парақшаларын жинап аламын)

Үйге тапсырма
І топ - Ой толғау. «Достық - татулық белгісі»
ІІ топ - Сыр толғау. «Ауылым - алтын бесігім»
ІІІ топ - Жыр толғау. «Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына»

(Жеңіске - 65 жыл)
(Шағын шығарма, өлең, ой толғау жазу. Есімдіктерді тауып, талдап келіңіздер).
В) Менің алған әсерім.
(Сабақтан алған әсерлерін оқушылар алдарындағы парақшаларға түсіреді. Соңынан жинап аламын)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 805
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Кейбір жай сөйлемдер іс - оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді.
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Олар: мен, сен, ол, біз, біздер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады.
Күрделі сөздерді қайталау
Күрделі сөздерді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Сөз жасам
Сөз жасам
Бұл сабақ 5 сыныпқа арналған. Сөз жасам арқылы балалардың сөздің түбірін оңай ажарата алуға үйретеді. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское селосы Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Рияпова Толқын Алпысбайқызы Сабақтың тақырыбы:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×