Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз жасам

27 сәуір 2012, Жұма
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское селосы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Рияпова Толқын Алпысбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, жеке жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру;
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын айта білуге, сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бірін-бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс бекіту сабағы,
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: жетондар, үлестермелі қағаздар, топқа бөлінетін белгілер, плакат, кестелер, түрлі-түсті қарындаштар, түрлі суреттер
Пәнаралық байланыс: психология, бейнелеу өнері, философия
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме? Балалар және бүгінгі ашық сабағымыздың қонақтары, қазір қазақ тілі сабағы. Сабағымызды бастамас бұрын сендердің патриоттық көзқарастарыңды білгім келеді.
- 1. Патриоттық көзқарас.
- 1. Мен қазақстан азаматымын.
- 2. Мен өз ана тілімді құрметтеймін.
- 3. Мен Отаным үшін еңбек етемін.
- 4. Мен озат оқушы боламын.
- 5. Мен табиғатты аялаймын.

- Жақсы балалар , онда сендердің күнделіктерің 4 пен 5-ке толсын! Олай болса, күн жады мен көркем жазуды әдемі етіп жазайық.

2. Қызығушылықты ояту сатысы.
Ой шақыру стратегиясы.
«Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар , түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.» Баубек Бұлқышев
М: - Ал, балалар, Баубек Бұлқышевтың бұл сөзін қалай түсінесіңдер? (оқушыларды сөйлету)
Балалар жауап береді.......
М: - Ал, еңбек ету үшін, адамның ажарлы өмір сүруі үшін не керек деп ойлайсыңдар? (ой қозғау)
М: - Ендеше, бүгінгі сабағымызда ойлау сатыларына «Адам керуен, өмір жол» дегендей жолға шығамыз.

3. Мағынаны ашу сатысы.
М: -Сонымен, жолға шықтық. Жолдағы ережелерді сақтап, бағыт сілтеуші не? (бағдаршам). Олай болса , бағыт сілтеушілерің мен, ал сиқырлы бағдаршам түстерді сендерді ойлау сатыларына шақырады. Тақтаға түрлі-түсті қағаздан дөңгелек ойып, тақтаға іліп отырамын. Жанында әр тапсырманың атауы жазылып тұрады.
Ақ түс: - Балалар, қандай өзгерісті байқадыңдар? Ақ түсті көрген кезде қандай ой келеді? Жалпы, ақ түс шексіздік ұғымына сай келетін сияқты. Адам баласының алар ұғымы өте шексіз. Соның бірі өздерің танысып шыққан – «Сөзжасам» тарауы.
- Енді, ойлаудың алғашқы сатысы – дерек мағлұматқа тоқтаймыз.
Топтау стратегиясы (сұрақ беріледі, соған қарап білгендерін дәптерлеріне жазып шығады,ең жақсы шыққан стратегияны , тақтаға жазып шығу.)
М: - Жасыл түс . Ал балалар, келесі түс «Жасылда» қандай ой келеді? Олай болса, бағдаршамның жасыл түсінде не істетін едік? «Жол ашық» Ендеше келесі ойлау сатысында алған мағлұматтарымызды салыстыра отырып зерттейміз.
5. Венн диаграммасы (зерттеу)
Сөздік қор
Ортақ белгісі
Сөзжасам

М: -сары түс – ал, балалар, келесі түс «Сары». Сары түсті көргенде қандай ой келеді? Олай болса, бағдаршамның сары түсінде не істейміз? «Дайындал» ендеше, келесі ойлау сатысы алған мағлұматтарды іс-әрекетте тиімді пайдалана білу.
6. Өз бетімен жұмыс. (терме диктанты) Сөзжасамның төрт тәсіліне байланысты сөздерді теріп жазу.
Сергіту сәті. (халықтық педогогикамен байланыстыру). Балаларға мақалдың бастапқы бөлігін айтып , ары қарай жалғастыру ойынын өткіземін.
М: -қара түс – Ал, балалар, келесі түс-қара. «қарада» қандай ой келеді? Олай болса, қара түстен «Сақ болуымыз»керек. Ендеше, келесі ойлау сатысы – алған мағлұмат бойынша өзіміздің әлсіз жағымызды танып білейік.
7.Үлестірмелі қағазбен жұмыс. Әр топқа сөздер , одан туынды сөздер жасау.(сөз, сөз тіркесі, сөйлем, шағын мәтін)

4. Ой-толғаныс сатысы
391-жаттығу.
Тақтада: Мәтіннен жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздерді табу.
Дәптерге: Қарамен жазылған сөздердің қандай жолдармен жасалғанын түсіндіріңдер.

6. Қорытындылау
Қызыл түс: - Ал, балалар , соңғы түс - ....
- Ия , жарайсыңдар қызыл түс. Қызыл түсте не істейміз? «Тоқтаймыз.»
- Ендеше, келесі ойлау сатысы-
- Сабақ бойынша алған білімдеріңді жүйелеп, жоба рақылы дәлелдеу.
Коллаж әдісін пайдалану. (әр-түрлі суреттер: ата, әже, ана, әке, достардың, жеміс-жидектің, қаланың, жануарлардың т.б.)
7. Бағалау.
8. Үйге тапсырма.
1) сөзжасамды қайталауға арналған тапсырмаларды орындау.
2) Туған табиғаттың тамашасы жайында білетін мәліметтеріңді кірістіріп, ертегі жазау.
7 232
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
Corel Draw бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту және практика жүзінде қолдана білуге үйрету;
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас (күнделікті сабақ жоспары)
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас (күнделікті сабақ жоспары)
Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.
Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Кейбір жай сөйлемдер іс - оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді.
Күрделі сөздерді қайталау
Күрделі сөздерді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×