Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл - айтыс шебері

07 қараша 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл - айтыс шебері (презентациясымен)

Жалпы мақсаттар: Айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы, айтыс ақыны ретінде танылуы, айтыстарындағы сол кездегі әлеуметтік мәселенің көтерілуі, Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігі туралы мағлұмат беру;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру, топпен ұмыс істеу арқылы өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижелері: Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылығы, ақындығы туралы жан - жақты біледі; өлеңді құрылысына қарай талдауға машықтанады; өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыланады; Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігін таниды.
Топпен жұмыс істеуде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады.
Негізгі идеялар: Заман талабына сай өз білімін өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру /сәлемдесу, түгендеу, сыныптағы психологиялық ахуалды бақылау/«Жүректен жүрекке»
Осы ізгі тілектердің ішінде ең бастысы не деп ойлайсыңдар?
«Мозайка» әдісі боыншатопқа бөлу. Мозайканың әр бөлігін тарату. Бәрін қосқанда «Бақыт» сөзі шығады.
1. Отан
2. Бейбітшілік
3. Тәуелсіздік
4. Білім
Сабақтың ережесімен таныстыру:
• Белсенді қатысу
• Тыныштық сақтау
• Бірін - бірі тыңдау
• Ойын ашық айту
Ынтымақтастық
Бағалау парағы таратылады (Критерийлермен таныстыру)
Постер құрастырады «Домбыра»Әр топ өз постерлерін қорғайды.

1. Білім:
Миға шабуыл» Бір - біріне сұрақтар қояды
• Ж. Жабаев кім? Қай қырынан таныдыңдар?
• Қашан, қай жерде дүниеге келген?
• Қандай шығармаларын білесіңдер?

2. Түсіну
«Кубизм» стратегиясы бойынша суреттеу, салыстыру, саралау, қолдану(Постер құру)
І топ: Суреттеңіз: Ақын мұрасының өрнек кестесін құрастырыңыз. Ақын мұрасының өміршеңдігі неде деп ойлайсыз? Жыршы деп қандай өнерпазды айтады?
ІІ топ: Саралаңыз: Жамбылдың сатиралық өлеңдерінің ерекшелігін, «Кәдірбайдың төбеті»өлеңінің сатиралық сипатын айтыңдар. «Күлкі қазақ халқы ұғымындағы ең үлкен жаза» деген пікірдің мәнін қалай түсінесіңдер?
ІІІ топ: Салыстырыңыз: 1913 жылы Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнап айтқан «Өстепкеде» өлеңінен үзінді оқып, мағынасын ашу, Абайдың «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінің мазмұнымен салыстыру. Екі өлеңнің мазмұны несімен үйлесімді?
Үйсін, Найман саңлағы, ------------- Желді күнгі қамыстай
Өстепкеде жиылдың. ----------- Жапырылып иілдің.
Елде жүрген егейлер, ----------- Келтіріңдер намысты,
Ұлық көрсең ұйлығып. --------------- Бек қорланып күйіндім.
Бай болыстардың, жағымпаздың мінезін сынау мақсатында айтылған.
ІV топ: Қолданыңыз: Сүйінбай мен Жамбылдың қарым – қатынасын қалай бағалауға болады? Ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық неден байқалады?
Сергіту сәті: Таңғы гимнастика
3. Қолдану:
Оқулықты қолданып, Жамбылдың айтыскерлігіне зерттеу жүргізу.
І топ: Жамбыл – айтыс шебері
ІІ топ: Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысы
ІІІ топ: Айтыстағы Жамбылдың артықшылығы
ІV топ: Жамбыл шығармаларындағы фольклорлық сарын
1. Материалментанысады. Талқылайды, мазмұнына анализ жасайды. Материалдыңұсынуформасынанықтайды. Схема, таблица түріндебереді.
2. Ақпаратпеналмасуүшін топ басқарушыбасқатоптарғаауысады, ойларынортағасалады. Өзматериалынбаяндапөзгежұмыстарданхабардарболады.
3. Басқарушы өз тобына келіп жаңа материалмен таныстырады.
Дайындаған постерлері бойынша баяндайды. Бірін - бірі толықтырады
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі
4. ТалдауІ топ: Құлмамбетпен айтысынан үзіндіні оқып, ондағы ақынның көңіл - күйін, арман - тілдегін анықтап, өз ойын кестеге түсіру.
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай жөніңе қайт.
ІІ топ: «Кәдірбайдың төбеті»
ІІІ топ: «Балаларға»
ІV топ: Жамбылдың айтыстарын қазіргі кездегі айтыстармен салыстыра сипаттау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 166
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Жыр дүлдүлі Жамбыл /Ж. Жабаев өмірі, шығармашылығы/
Жыр дүлдүлі Жамбыл /Ж. Жабаев өмірі, шығармашылығы/
Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, ақындық қызметі, шығармашылығынан мәлімет беру. Ақынның суырыпсалмалық қыры, айтыс өнеріндегі өзіндік өрнегін таныту, толғауларын үлгі ету;
Жүз жыл жырлаған жүрек
Жүз жыл жырлаған жүрек
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сейтқасымова Т.
Айтыс шебері – Жамбыл
Айтыс шебері – Жамбыл
"Сам орта мектебі" ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Чопанова Гулжайнар Аскарбаевна
Жүз жасаған Бәйтерек. Жамбыл - айтыс шебері
Жүз жасаған Бәйтерек. Жамбыл - айтыс шебері
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрмұханбетова Гүлбадан Тачстыбайқызы
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×