Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыр дүлдүлі Жамбыл /Ж. Жабаев өмірі, шығармашылығы/

01 наурыз 2019, Жұма
Тақырыбы: Жыр дүлдүлі Жамбыл /Ж. Жабаев өмірі, шығармашылығы/
Мақсаты: білімділік – Ж. Жабаевтың өмір жолы, ақындық қызметі, шығармашылығынан мәлімет беру. Ақынның суырыпсалмалық қыры, айтыс өнеріндегі өзіндік өрнегін таныту, толғауларын үлгі ету;
дамытушылық – оқушыларды өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой - өрісін, рухани жан дүниесін байыту, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру,
тәрбиелік – жыр дүлдүлі атанған Ж. Жабаевтың ұлы тұлғасын дәріптеу, «ХХ ғасырдың Гомері»атанған, өмірі мен шығармашылығымен екі ғасырды тұтастырған ұлы жырауды құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Түрі: ғылыми - практикалық конференция. сабақ.
Әдісі: зерттеу, ізденіс.
Пәнаралық байланыс: тарих, театр.
Көрнекілігі: Ж. Жабаев портреті, түрлі фотосуреттер, кітаптар көрмесі, «Аңыз адам»журналы№08 - 2011жыл, Ж. Жабаев жыр жинағы I, II том «Жазушы»баспасы т. б.

Барысы:
Жоспар:
1. «Жасымнан атым аян Жамбыл едім»
Жамбылдың шыққан ортасы.
II. «Шежіре»Жамбыл өмірінің хронологиясы.
III. «Жамбылдың маржан жырлары»/ Шығармашылығының кезеңдері/
IY. «Өлшеусіз ақындық күш»

а/Сатиралық өлеңдері.
ә/Патриот ақын.
б/Айтыстары.
в/Шығармашылық өрлеу жылдары.
г/Лиро - эпостық жырларды өзіндік мазмұнмен жырлауы.
Y. «Жүз жасаған емен»Естеліктер.
YI. Қорытынды.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақтың халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабайұлының есімі бүгінде дүние жүзіне мәлім. Ғасыр жасап екі заманның бірдей куәсі болған ақын өз тағдырын туған халқымен тұтастырып, оның бар өмірін биік мұратын, мұң - мүддесін жырына арқау етті, дәстүрлі қазақ жырын жаңа дәуірдің талап - тілектеріне орайластыра, жаңарта, жасарта білді. Асқақ үнді алып ақын, жырау, суырып салма айтыскер Ж. Жабаев 170 жасқа толып отыр. Ол халық поэзиясы мен жазба әдебиетінің арасындағы көпір сияқты болды. Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығы тойланып жатқан күндерде Данияның аса көрнекті жазушысы Мартин Андерсен - Нексенің ақынға жолдаған сәлемінде: «Сіз көшпенділердің өмірінен осы заманғы адамның, еркін азаматтың өміріне мыңдаған жылғы мәдениеттің көпірін салдыңыз», - деп жазуы жай айтыла салған сөз емес. Ол қазақтың суырып салып айтушылығы мен тапқырлығын бүгінгі заманға жеткізіп, шыңдаған, жетілдірген Жамбылдың ақындық өнері халық поэзиясының осы заманғы биік үлгісі екенін көріп, мойындағандықтан айтқан. Ал орыс жазушысы Л. Соболев осы пікірді «Жамбылдың халықтың ақындық дәстүрлерін сақтаушы ретіндегі зор таланты, оның айқын дүниетанымы қазақ әдебиетінің екі бағытын: бұрынғы ауызша поэзия мен қазіргі кәсіби поэзияны біртұтас етіп біріктіреді» деген оймен қорытты. Атақты адамдардың барлығы оған осындай бағаны текке бермеген. Олар Жамбылдың халық поэзиясының шын мағынасындағы алыбы екендігіне көзі жетіп барып айтқан. Жамбыл – шешендігімен, алғырлығымен, бүкілхалықтық эпосты, қазақ поэзиясының образдық құрылымын терең білетіндігімен ерекшеленген адам.
/Жоспармен таныстыру, 10 - сынып оқушыларына ізденіс тапсырмалар берілген/
I.«Жасымнан атым аян Жамбыл едім» Жамбылдың шыққан ортасы.
Ұстазы Сүйінбай.
Жетісу өңіріне ғана емес, бүкіл қазаққа аты мәшһүр жыр жампозы Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауының баурайында, Ұлы жүздің ішіндегі шапыраштының екей руынан шыққан Жапа Ыстыбайұлының отбасында дүниеге келген.
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан. – деп өзі айтқандай, ақын жаугершілік заманында туған. Деректерге сүйенсек, ол кезде Қазақстанның оңтүстігі, оның ішінде ақынның туған өлкесі – Жетісу өңірі Қоқан ханына бағынған. Қоқан ханы Құдияр мен оның атарман - шабармандары қазақ ауылына көп салық салып, адам төзгісіз зорлықтар жасалған. Қалың бұқараны қайыршылыққа ұшыратып, тентіретуге дейін барған. Ел қоқандықтарға қарсы майдан ашқанда Жамбылдың атасы Ыстыбай да Қазыбай, Жапа, Жадыра, Мәйке деген төрт ұлын бастап, көтерлісшілер сапына қосылған. Жауды өкшелей қуып соғысып, аттың жалы, түйенің қомында күн кешіп жүрген сәттердің бірінде Жапаның әйелі – Ұлдан ана Жамбылды дүниеге әкелген. Әкесінің аты Жапа болғанымен, ел Жабай деп атап кеткен. Бұның себебін жамбылтанушылар «Ертеректе Жабай деген ержүрек батыр өткен. Жапаның қоқандықтармен соғыстағы ерлігіне тәнті болған ел - жұрт «Тура Жабай сияқтысоғысады екен» деп, содан Жабай атанып кеткен деп түсіндеріреді.

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Ақтай - сай ауылы, Қаракөл жалпы орта білім беретін
мектеп - балабақшасының мұғалімі
Самал Жумина Орынбасарқызы
Жыр дүлдүлі Жамбыл жүктеу
2 436
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев «Балама хат»
Жамбыл Жабаев «Балама хат»
Қазақ халқының бір тума ұлы Жамбыл Жабаевтың өмірбаянының мәліметтерімен таныстыру; Ұлы Отан соғысы жылдарын еске түсіру;
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, Ақынның Өтеген батырдың Жоңғар шапқыншылығында көрсеткен ерлігін эпикалық сарында көркем бейнелеуі туралы түсінік беру.
Жүз жыл жырлаған жүрек
Жүз жыл жырлаған жүрек
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сейтқасымова Т.
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×