Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Оспановтың «Сегізінші наурыз күні» өлеңі

20 қараша 2013, Сәрсенбі
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сегізінші наурыз күні
Мақсаты:
І Сегізінші наурыз - аналар мерекесі қарсаңында өлеңдер жаттату, аналарға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
ІІ Ой - өрістерін дамыту, тілдік, сөздік қорларын байыту, мәнерлеп оқуға үйрету.
ІІІ Адамгершілікке, әдептілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, қайталау, түсіндіру.
Көрнекілігі: өлең, мақал - мәтелдер, ана туралы әндер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр екен, олай болса, әдептілігімізді танытып, амандасып алайық.
Иіліп, сәлем бердік атқан күнге,
Иіліп сәлем бердің қонақтарға,
Иіліп сәлем бердік ұстаз сізге,
Иіліп сәлем бердік достар бірге.
Сабағымызды бастамас бұрын сыныптағы орындалатын ережені еске түсірейік.
1. Тыныштық сақтау.
2. Бір - бірімізді тыңдау.
3. Ойымызды толық айту.
Шаттық шеңбері
Күлімдеген күн мейірімді
Кіршіксіз ақ қар мейірімді.
Таза мөлдір су мейірімді.
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді.
Аяулы анам мейірімді.
Қадірлі әкем мейірімді.
Жылы жүзді ұстазым мейірімді.
Тату - тәтті достарым мейірімді.
Сабағымыздың дәйек сөзі:
Еңбек қуаныш,
Жалқаулық - айырылмас азап.
- Ендеше, бүгінгі сабағымызда сендерге сәттілік тілеймін.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Көртышқан» мәтіннің мазмұнын айтқызу.
Көртышқан өз інін сала жүріп, тоқтап, жемтігінің жоғарыда шығарған дыбысын тыңдайды. Егер қандай да бір жәндік жақын маңда болса, інінен атып шығып, жемтігін өткір тісімен ұстап алады.
Мәтін не туралы? Көртышқан не деді? Кеміргіштер не істеді?
Мәтін соңы немен аяқталды? Өмірде көртышқан сияқты адамдар кездесе ме?
Оларға мінездеме берейік. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
Венн диаграммасы арқылы білімдерін қорытындылау.
Көртышқан өз інін сала жүріп, тоқтап, жемтігінің жоғарыда шығарған дыбысын тыңдайды. Егер қандай да бір жәндік жақын маңда болса, інінен атып шығып, жемтігін өткір тісімен ұстап алады.
Көртышқан іннің ішінде қалды. Тұншығып өлді, өзін ғана ойлады.
Кеміргіштер іннен шықты. Аман қалды. Бірігіп еңбектенді.
- Балалар, олай болса мақал - мәтел айту арқылы үй тапсырмасын қорытындылайық.
- Осы тақырыпқа сай қандай мақал - мәтел білеміз?
1. Бірлесіп пішілген тон келте болмас.
2. Бірлік түбі береке,
Көптің түбі - мереке.
3. Бірлік еткен озар,
Бірлеспеген тозар
- Балалар, келешекте сендердің ақылды, парасатты адам болуларыңды тілеймін.
Жаңа сабақ. Қызығушылықтарын ояту.
- Үнтаспадан Ана туралы ән тыңдау.
«Анашым» сөзін пайдалана отырып, сөйлем құрату.
Мен анашымды құрметтеймін. Мен үшін дүниедегі ең қымбат жан анашым. Мен алған әрбір бестік баға - анашым үшін үлкен қуаныш.
Жаңа ақпарат.
«Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді.» - Б. Г. Белинский.
Тақырыбы: С. Оспанов «Сегізінші наурыз күні»
С. Оспанов
С. Оспановтың «Сегізінші наурыз күні» өлеңді мәнерлеп оқу.
Тыныштық сәті.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
8 - Наурыз қандай мейрам?
Өз аналарыңа қандай сый – құрмет көрсетесіңдер?
Өлеңді іштей оқыту.
Ана - біздің күніміз. « Ана жүрегінің жылуы, күліп тұрған күн қызуынан кем емес.»- Ә. Нұршайықов.
жұлдызым жаным
күнім ботам
айым құлыншағым
- Ана күн секілді мейірімді, ол айналасына шуағын шашады. Сендердің әрқайсыларыңды аналарың еркелетеді. Сол кезде аналарың сендерді қалай атайды?
Сергіту сәті
Отырып - ақ орнымда
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең, егерде
Былай ескек есемін.
Шығармашылық жұмыс. Ана туралы мақал - мәтел айту.
Анасыз ақын болмайды.
Батыр да болмайды.
Жүректен жүрекке. Анаға арналған тілектер.
Сабақты қорытындылау.
Ана - бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Рефлекция.
Бағалау. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау.
5 140
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шуақты қала
Шуақты қала
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Қазақстан
Қазақстан
Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін тексеру
Сәлем сөздің анасы
Сәлем сөздің анасы
Райымбек ауданы, Кеген селосы, «Балауса» балалар бақшасының тәрбиешісі: Бекбосынова Жанат
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Ғ Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Шұғайыпова Зейнет Кәкімқызы
Балалар арасындағы асфальтта сурет салу байқауы
Балалар арасындағы асфальтта сурет салу байқауы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақша тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×