Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өжет жырлы қайсар ақын

22 қараша 2013, Жұма
«Өжет жырлы қайсар ақын»

«Әрбір творчество адамы үлкен ұғымдағы нақты – конкретті, жалпылама - абстрактылы тұрғыдан ұждан, тұнып тұрған иман иесі болмақ керек», - деп сыншы Ә. Бөпежанова айтқандай, өне бойы ар мен иманға толы, поэзия көгінен жұлдыздарын жаққан, қазірдің өзінде жырлары әдебиетіміздің классикасына айналған үркердей топ ішінде өзіндік дара сипаты айқын тұлға - Қасым Аманжолов.

Аманжол, Рахымжанның Қасымымын
Мен Қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын,- деп жырлаған ақынды, халық, ел, жер, отан туралы сындарлы өлең жазған азаматтық қалғыған ойды оятатын, адам жанын түлетіп, жан сұлулығына бастайтын құдіретті туғызған тұлғаны танымау мүмкін емес. Жаның жасығанда, пасықтықтан жерініп сарсылғанда Қасымның от ойлы, сардар сезімді жырларын оқысаңыз оқырманына рух берер, өмірдің жасампаздығын ұғынуға ұмтылдырар өлеңдері санаға сәуле құяды.
Қасым – сыршыл лирик. Жалпы, біз әдебиетте, оның ішінде поэзияда, ақын шығармаларын махаббат, табиғат лирикасы, философиялық лирика деп бөліп аламыз. Бұл - шартты тұрғыда мағналық, тақырыптық жағынан болу. Ал ақын мына өлең табиғатқа арналған не махаббат жырлары - деп екшемейді. Өзінің көңіл күйінің сезімінің барлық критерийлерін түйсініп өлең жазады.
Мысалы Қасымның «Туған жер» атты өлеңіндегі:
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған,
Жақын жүрсем, мен – төрінде жаннаттың
Алтын діңгек - өзім тұрған босағам!- деген жолдары, тақырыбына қарасақ, табиғат, ата-мекенді жырлайды. Ал осында туған жерге деген зор махаббат, философия жоқ деп кім айта алар?! Қасымның көп өлеңдерінде осындай сезім күйі, саналы, парасатты ойлар астасып келеді. Ақынның жырларынан ең алдымен, өзінің бар бітімі, болмысы, таным - парасаты айқындалады.
Сүйдім дедің, білегіңнен ұстадым,
Бірақ сені сүй деп зорлап қыспадым
Адамшылық жүрегіңмен, еркіңмен
«Сүйдім» сені деп, білемісің құшқаның?
Ақынның мінез ірілігі, өршіл рухы тәнті етеді. Айталық, «Айтшы, жаным», «Білесің бе, жан сәулем?» секілді ғашықтық жырлары кез - келген адамның жүрегін жаулап алады. Ал жастар «Ғашық едім, қайтейін» жырын өз жүрек сырларындай жатқа айтады.
Қайда жүрсең аман бол,
Өміріңді тілеймін
Сенен басқа сертім сол -
Ешбір жанды сүймеймін.
Себебі ақын жырларында жекелік жайттар көркемдік тұрғыдан жалпылық мәнге ие болады. Қай ақын болмасын өзі ғұмыр кешіп отырған кезең тынысымен егіз, халқының, ел - жерінің тағдыр талайымен, тарихымен тел қозы. Кеше – бүгін болашақ бек астасып кететін Қасым творчествосын да адам тағдыры сол тағдырлардан өсіп - өнетін халық тарихы зердеңізде жанданады. Осындай, халық басына түскен қиыншылықты бірге бөліскен, қаламды да, қаруды да бірге ұстаған халқының қайсар ұлы:
Мен дауылдың ұлымын
Тұра алмаймын дауылсыз.
Қарсы алуға дайынмын,
Соқса да дауыл дамылсыз,- дейді.
Әдебиетші ғалым Т. Абдрахманова өзінің «Қасым Аманжоловтың поэтикасы» еңбегінде Қасымды үлкен азаматтық пафостың, алаулаған өрен оптимизмнің, жасындай жарқылдаған өткір тілді, отты сезімнің ақыны деген пікір түйеді.
Ей, тәкәппар дүние
Маған да бір қарашы,
Танисың ба сен мені
Мен қазақтың баласы! - деп «дүниеге жар салған» сыршыл ақын Қасым лирикасы туралы аз ғана ойымды қорытындылай келе, ақын Мұхтар Шахановша айтқанда,
Ең айбарлы ақынды жаны көктем
Албырт, алау таңдарға әні кеткен,
Ең айдарлы ақынды,
Халық сүйген ақынды
Туған халқың жанып сүйген ақынды,
Туған елдің гүлі болған,
Заманының үні болған ақынды,- қайыспай төзім, өршіл рух беретін санаулы ақындардың бірегейі дейміз.
6 988
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қ. Аманжоловтың 105 жылдығына арналған «Қазақстан дейтін менің бар елім» атты әдеби - сазды кеш
Қ. Аманжоловтың 105 жылдығына арналған «Қазақстан дейтін менің бар елім» атты әдеби - сазды кеш
Қасым Аманжоловтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру. Оқушылардың Отансүйгіштік қасиеттерін арттыруға Қасым Аманжоловтың ерлік пен өрлік жырлары арқылы ықпал ету.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Аманкул Абубакировна
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альмусина Жанар Сайлауовна
Дауылпаз ақын Қ. Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына әдеби - музыкалық кеш
Дауылпаз ақын Қ. Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына әдеби - музыкалық кеш
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, «Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Шарбекова Саулет Қабиболлақызы
Өлеңі өртке тиген дауылдай
Өлеңі өртке тиген дауылдай
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 мектебінің кітапханашысы Тәжиева Алтынай Шәймерденқызы
От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын
От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Басықара аулы, № 182 мектеп кітапханашысы Қоңырбаева Закира Абенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×