Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нар идірген осылай туған

28 қараша 2013, Бейсенбі
Сабақ тақырыбы: «Нар идірген осылай туған» (презентациясымен)
Сабақ мақсаты: а) білімділік оқушыларға шығарманың композициясына, мәтініне, кейіпкерлеріне талдау жасата отырып, автор идеясын ұғындыру, жазушы шеберлігін аңғарту;
ә) Дамытушылық: оқушылардың өзіндік таным - түсінігін кеңейте отырып, ғылыми тілде ұтымды сөйлей алатын, мәнді сұрақ қойып, мағыналы жауап алуға бейімдеу үшін ой - өрісін шыңдау.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды өнердің, күйдің құдіреттілігін түйсіне отырып, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі. Баспасөз - конференция
Оқыту формасы: топтық.
Типі: іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Ән - музыка, психология
Техникалық құралдар: компьютер, үнтаспа.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Т: Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасының мазмұны композициясының талдауы арқылы сұралады.
І. Оқиға басталуы. Қос салт атты
ІІ. Байланысуы. Жырада кездескен жалғыз нар.
ІІІ. Дамуы. Өрге шыға алмай тайғанақтаған күй.
ІV. Шиеленісуі. Әлденеге талпынған көңілі құрғыр...
Шырақтау шегі. «Екі күйші өнерлеріңді бірге салыңдар...»
Шешімі. «Заманым өткен екен ғой..»

«Т. Ахтанов – қазақ прозасының алыстан көрінер айтулы биік асуларының бірі екеніне дау жоқ»
(Қ. Мұханбетқалиұлы)

Мұғалім сөзі.
Баспасөз - конференцияның басталуы
І. топ «Әдебиетші - ғалымдар» тобы
ІІ. топ - «Өнертанушы - ғалымдар» тобы
ІІІ. топ -«Психолог - ғалымдар» тобы
IV. топ - «Тілшілер» тобы

Сұрақ - жауап кезеңі
1 - тілші сұрағы: Әдебиетшілерге – Жазушы Т. Ахтанов қаламынан туған шығармалар туралы ой айта кетсеңіздер. Шығарма тақырыбы не? Идеясы туралы.
2 - тілші сұрағы: Өнертанушыларға – Аңызға айналған қандай күйлерді білесіңдер? Күйлердің шығу тарихына тоқтаңыздар.
3 - тілші сұрағы: Психологтарға – Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті? Әсер етсе, жолда күй неліктен толық шықпады.
4 - тілші сұрағы: Өнертанушыларға – Естемес күйшінің күй өнері туралы пікірі қандай?
5 - тілші сұрағы: Психологтарға - Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіздер?
6 - тілші сұрағы: Әдебиетшілерге - Шығармада қандай мақал - мәтелдер, әдеби – көркемдегіш сөздерге мысал айта аласыздар?
7 - тілші сұрағы: Осы шығармасы арқылы жазушыға қандай баға беруге болады?
8 - тілші сұрағы: Психологтарға – Қарт күйшінің жүрегін бүлк еткізер, көңілі құрғыр әлденеге талпынтқан не? Бұл туралы күйшінің көңіл - күй, толғанысын айтып бере аласыңдар ма?
Көрермен сұрағы:-«Екі күйші, өнерлеріңді бірге салыңдар» деген қыз сөзінің астарында не бар еді? Немесе қарт күйші Естеместің «Заманым өткен екен ғой» деп аһ ұруы нені білдіреді?

Мұғалім сөзі.
Сармалайдың күйі «Нар идірген».(тыңдау) Нардың суреттелуін кітаптан тауып оқыңдар. Бұл күй қалай әсер етті?
Мұғалім сөзі.
Ойын «Портрет»

Шығармашылық жұмыс:
Күй тілі - көп заманның алуан ісі.
Күйлердің әлемге аян бар мәнісі
Өмірді күймен бірге қоса алмайтын
Нар құлақ, көрсоқырлар алданысы (Жансүгіров).
Үйге тапсырма «Күй - қазақтың төл өнері» (суреттер көрсету)
Бағалау: Тілшілер қонақтар әділ бағасын берсе...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 934
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М Мағауин «Бір атаның балалары» (Повестен үзінді)
М Мағауин «Бір атаның балалары» (Повестен үзінді)
Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, құрылымдық және көркемдік ерекшелігін танытып, күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сундетбаева Оразгул Ибрайымовна
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
№194 орта мектебінің мұғалімі Мақұлбекова Жамал
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Мақсаты: Т. Ахтанов жайлы мәлімет беру, әңгіменің тақырыптық мазмұнын ұғындыру. Тәрбиелік: Ақын шығармасы арқылы ұлттық құндылықтарды қастерлей білуге үйрету, қазақтың күй өнері туралы түсінігін кеңейту.
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×